АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ  "АЛТЫН ДӘН "БӨБЕКЖАЙЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ         "ЯСЛИ-САД "АЛТЫН ДӘН" СЕЛА ЖАЛТЫР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Циклограмма Бір аптаға 11 – 15 қыркүйек 2017ж

14.09.2017

Циклограмма

Бір аптаға 11 – 15

қыркүйек 2017ж

«Алтын дән»

балабақшасы «Балапан» сәби тобы

Өтпелі тақырып

«Балабақша»

Тақырыпша «Менің

достарым»

 

Күн тәртібі

Уақы

ты

Дүйсенбі

11.09.2017

1.Көркем әдебиет

2.Қоршаған орта

3.Жаратылыстану

Сейсенбі

12.09.2017

1.Математика

2.Жапсыру

3.Денешынықтыру

Сәрсенбі

13.09.2017

1.Тіл дамыту

2.Сурет

3. Әнкүй

Бейсенбі

14.09.17

1.Денешынық

2. Ән сабағы

Жұма

15.09.2017

1.Денешынық

2. Орыс тілі

 

 

Балаларды қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу

 

Ойындар (үстел үсті,саусақ және т.б.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таңертенгі гимнастика 10 мин

07.45

08.30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешінің балалармен қарым қатынасы:

Ойын : «Не артық?»

Мақсаты:суреттерді салыстыру арқылы ойлау қабілетін

дамыту.

Тәрбиеші балаларға үш қатар

суреттері бар бетшелерді ұсынады.Әр қатардағы бейнеленген заттарды сипатына

қарай мұқият қарап,басқаларынан өзгеше біреуін табуын өтінеді.Осылайша әр

қатардағы заттардан бала артығын табады.

 

 

«Құрылысшы»

Мақсаты: Балаларды құрылысшының қызметімен таныстыру. Қаншама үйлер,

мектеп, балабақшаны құрылысшылар салатынын түсіндіру. Ойын арқылы үйлерді

қалай салатынын көрсету. Құрылысшы маманының еңбегі зор екенін саналарына

сіңіру. Еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.

Достық

көмек» ойыны

Ойын

барысында балалар достық көмек жасаудың мәнін тереңіре тусініп,бір-біріне

көмектесугеәрқашан әзір болуға тәрбиеленеді.

 

 

«Тіс щеткасымен ойын»саусақ ойыны

Ойын шарты: Балаларға тіс щеткалары таратылады. Щеткаларды бір-бірден алып саусақ

ұштарына қойып, үйкелеп массаж жасайды. Бұл ойын балалардың миын дамытады,

тілдерін дамытады, зейіннің тұрақтандырады, қол белсендігін, икемділігін

арттырады.

 

Досым көп болсын десең, жағымды көңіл

– күй сыйлай біл ойыны

Мақсаты: жағымды көңіл - күй қалыптастыру, өзгенің көңіл -

күйін түсіне білуге үйрету, әртүрлі көңіл - күйді ажырата білуді үйренуді

жалғастыру, өткен сабақтардағы көңіл - күйді схемамен, дауыс ырғағымен,

ыммен, қимыл - қозғалыс арқылы білуді дамыту.

Көрнекілігі: Түрлі көңіл - күйді бейнелейтін

суреттер, схемалар, слайд, үнтаспа.

 

 

Жаттығулар кешені

Таңғы ас

09.00

09.30

Балалардың

назарың тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу. Астан кейін қолдарын

үлгіге қарап жууға үйрету.

Мектепке дейінгі ұйым

кестесі  бойынша  ұйымдастырылған оқу қызметі

09.30

10.50

1. Көркем әдебиет Көркем

шығармаларды эмоционалды қабылдай білуді дамыту. Сұрақтарға жауап беруге

үйрету. Балабақша туралы әңгімелеу.

Мақсаты: а) Балабақшадағы сыйластық туралы түсініктерін кеңейту;

ә) Ұжымдық қарым-қатынас

дағдыларын дамыту;

б) Құремт пен сүйіспеншілік

сезімдеріне, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Достарды біз қолдаймыз,

Қиын шақта қорғаймыз.

Біздің топта ұл-қыздар

Тату-тәтті ойнаймыз.

Балалар, бүгін біз сүйікті

бақшамыз туралы ой-пікірімізді ортаға салайық.

Осы балабақшада сендер не

үйренгендеріңді айта аласыңдар ма?

Дұрыс айтасыңдар! Сендер көп

нәрсені осы балабақшада үйреніп жатырсыңдар. Себебі, сендер күні бойы осы

балабақшадасыңдар. Сондықтан «Балабақша - өз үйіміз» деп айта аламыз.

қалай ойлайсыңдар?

, балабақша деген атау не үшін

берілген? «Балабақша» - бұл әдемі атау. Мысалы, бақшада жас жеміс ағаштары

өссе, ал балабақшада Отанымыздың жас ұландары – сендер өсіп жатырсыңдар, бұл жерде

сендер жақсылыққа, достыққа, әдептілікке, мейірімділікке, бір-біріңді және

үлкендерді сыйлауға үйреніп жатырсыңдар.

Қазір мен сендерге Мұзафар Әлімбаев ағамыздың «Біздің балабақшада» деген

өлеңін оқып берейін.­­лен оқып беру. Сабақты қорытындылау.

2. Қоршаған ортамен танысу Баланың өзі және

өзінің топтағы жағдайы туралы түсініктерін кеңейту. Балабақша қызметкерлері

туралы ұғымдарын кеңейту. Ересектерге көмектесуге ынталандыру

Мақсаты:Балаларға балабақша

туралы түсінік беру.

Есте сақтау қабілеттері мен

сөздік қорларын дамыту.

Балаларды үйымшылдыққа,

достыққа тәрбиелеу.

 

Жылулық шеңберін ұйымдастыру.

Біздің топта балалар,

Тату тәтті ойнаймыз.

Дос дегенің әрқашан,

Тек жақсылық тілейміз!

-Балалар Балабақша деген не?

-Балабақшада ұнайды ма сендерге?

-Балабақшада кімдер жұмыс істейді екен?

Жарайсыңдар!

Балалар бүгін бізге қонаққа Білімпаз келді!

Ол сендерге балабақша туралы айтып бергісі келеді

Олай болса балабақшаға саяхатқа шығайық.

Қатар-қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық.

Піш,піш,піш,піш біз келдік,

Жүрісті біз үдеттік!

Д/О: «Қуыршақтарды киіндір»

Мақсаты:Балаларды қуыршақтармен таныстыру.Қол моторикаларын дамыту.

Бүгін сендермен не жайлы айттық?

Білімпазбен саяхатқа шықтық па?

Балабақша бізге не үшін керек?

-Балалар шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталап айтады.

Сұраққа жауап береді

Сергіту сәті өтеді

Не білгендері жайлы айтады

3.Жаратылыстану

Тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы түсініктерін

қалыптастыру. 

Біз 

қандаймыз,қандаймыз

Шұғалалы таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Ренжуді біз білмейміз

Қуанамын менде

Қуанасын сен де

Қуанайық достарым

Арайлап атты таңға.

Балалар шеңберге тұрып, бір - бірін қолдарын

ұстап жылы лебізді білдіреді.

Балалар таңертең ұйқыдан тұрғанда

кімді көресіңдер?

- Әке, ана ата, әже

- Далада, балабақшаға келе жатқанда нені көресіңдер?

- Аспан, бұлт, машина, ит, ағаш, мысық, жер,

қар).

- Балалар қалай ойласыңдар, күн, су, ауа керек

пе?

- Ия, күн, су, ауа бізге керек.

- Осының барлығын бір сөзбен айтқанда не

дейміз?

- Табиғат.

Табиғат екіге бөлінеді: Өлі табиғат және тірі

табиғат. Кәне бәріміз қайталайық.

- Өлі табиғат және тірі табиғат.

- Өлі табиғатқа су, ауа, жер, күн, бұлт.

- Балалардың жауаптары: Жаңбыр, құм бұл өлі

табиғат.

- Топтағы балалар, гүлдер олар тірі табиғат.

- Ал тірі табиғатқа: адамдар, құстар

өсімдіктер, гүлдер жата  Балалар, бүгінгі оқу-іс әрекетімізде

нелерді үйрендік?

Сендерге оқу-іс әрекетсіз ұнады ма?

Балаларды мадақтау,оқу-іс әрекетті  аяқтау

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы

Сау- саламат болайық.

Сау болыңыздар

1.ҚМҰҚ

«Көп. Аз. Артық. Кем. Сонша. Теңестіру»

Балаларға шеңбер болып тұруға

ұсынылады.

Амансың ба, алтын  күн!

Амансың ба, жер-ана!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам

жұмбақ өлең жасырады:

Бой жаза алмай,

Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

-Иә, дұрыс айтасыңдар, бұл күз мезгілінде болады.

-Күз мезгілінде неше ай бар?

 -Күз айларын

атаңдаршы?

 

- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Өте жақсы.

Құстай қанат қағайық,

Орнымызды табайық.

Балалар өз орындарына отырады.

-Балалар, сәрсенбі күні бірінші қандай оқу іс- әрекеті

болатын еді?

Бүгін математикадан «Көп. Аз. Артық. Кем. Сонша»

ұғымдарымен танысамыз. Осы ұғымдармен танысу үшін көкөністерді, жемістерді

қатыстыра отырып, жұмыс жасаймыз.Көкөністер мен жемістерді кім атап береді?

-Көкөністерге не жатады?

-Жемістерге не жатады?

Ал,енді тақтаға көз салыңдаршы, ненің суретін көріп

тұрсыңдар?

 -Қане, санайықшы

алма нешеу?

-Ал, алмұрт ше?

Ойланайықшы, қайсысы көп?

Алма алмұрттан нешеге артық?

Ал, ендеше алмұрт алмадан нешеге кем болады екен?

Алма мен алмұртты теңестіру үшін не істейміз, яғни  төрт алмұрттқа үш алмұртты қоссақ неше

алмұрт болады?

Балабақшадағы ойыншықтарды салыстыру. Балалар сұраққа

жауап беру. Сабақтың соңында достарына доп суреттін салып сыйлау.

-Балалар, біз бүгін сендермен заттарды салыстыру арқылы

артық- кем, көп-аз, қанша болса сонша 

ұғымдарын пайдалана отырып теңестіруді үйрендік

-Кім айтады, бүгінгі оқу іс-әрекетімізге кім белсенді

қатысты? Саған кімнің жауабы ұнады?

Тәрбиеші балаларды мадақтайды.

2.Жапсыру Тақырыбы:Достарыма арналған үй. Мақсаты:қоршаған

орта және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту,балаларды қайшымен жұмыс

істеуге үйрету,техникалық қауіпсіздік ережелері туралы

түсіндіру,төртбұрыш,шаршылармен үйдің қабырғасын,үшбұрышпен үйдің шатырын

жасауға болатындығын түсіндіру.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық

еттерінің қозғалысын жетілдіру.ҚайырымдылыққатәрбиелБалалар достарымен бірге

бірігіп үй қайшы мен қиып жапсыру.

3.Денешынықтыру

Тақырыбы: Бір орыннан ұзындыққа секіру.

Мақсаты: 1. Бір орыннан ұзындыққа секіруге жаттықтыру.

2.Тепе-теңдікті сақтау және бағдарлай білу

біліктерін дамыту.

3.Еңбектеуге немесе гимнастикалық орындық

үстінде жүруді бекіту.

Жаттығуларды педагогпен бірге орындайды.

Әрбір жаттығуды 6-8 рет қайталайды.

Балалар жаттығуды бірінен кейін бірі 2-3 реттен

орындайды

Еңбектеу және доғаның астынан өту кезінде

бір-біріне кедергі жасамау керек.

Әрбір бала ұзындыққа 2-3 реттен секіреді

Мысық пен торғайлар» қимыл қозғалыс ойыны.

Шарты: «Мысық» залдың шетінде ұйықтап жатады.

«Торғайлар» зал ішінде дән шоқып , секектеп жүреді.Педагогтің белгісі бойынша

«мысық» оянып, «торғайларды» ұстайды.

Балаларды достыққа,шапшан болуға тәрбиелеу

 

 

 

 

1.Тіл дамыту

Тақырыбы: «Менің достарым» 

Мақсаты: Балаларға «Достық» құндылығы туралы

түсінік беру.Достар мен сөйлеу білу,әңгіме арқылы тілдерін дамыту. Қоршаған

ортада, достарының арасында, мәдени орындарда, үйде өзін ұстауды, өзара

сыйластыққа, бір-біріне көмек көрсетуге, бір-бірін қолдауға, қамқорлық

жасауға баулу. Достаса білуге, татулыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. 

-Балалар,

бүгін күн қандай керемет! 

Біз топта бәріміз бірге тұрамыз. Бізді бір

отбасы деп те атауға болады. Мен сендерді қуанышты шеңбер құруға шақырамын 

Достығымызды білдіріп, үлкен шеңбер құрайық. 

-Шеңберіміз неге ұқсайды? 

-Дұрыс айтасыңдар. «Дөңгелек» татулық- 

тың белгісі, олай болса осы қуанышты

көңіл-күйімізбен атқан таңмен, бір-бірімізбен келген қонақтармен амандасайық. 

Амандасу: 

Қайырлы таң! 

Ормандар мен қалалар! 

Қайырлы таң! 

Достасқан бәр балалар! 

Қайырлы таң! 

Біздің балабақшамыз! 

Қайырлы таң! 

Жора-жолдас, ұл мен қыз! 

Қайырлы таң! 

Мында келген апайлар! 

Бәріміз тату болайық! 

Әңгімелесу 

Енді жайғасып отырыңдар. 

-Балалар, бүгін біз жанымызға, жүрегімізге жақын

достарымыз туралы, татулық туралы әңгімелесеміз.

Сергіту сәтін өткізу. 

Сұрақ,жауаб. 

Сиқырлы көзәйнек» жаттығуы 

-Қазір мен сендерді «Сиқырлы көзәйнек» ойынын

ойнауға шақырамын. Бізде сиқырлы көзәйнек бар, ол досыңның ең жақсы қасиетін

көруге көмектеседі. Міне ол, қараңдаршы. Мен бірінші болып киіп көрейінші. Сабақты

қортындылау.

2.Сурет

салу

«Менің тобымдағы заттар» Қарындаштармен дәстүрлі

тәсілдермен сурет салудың техникасын жетілдіру. Топ бөлмесіндегі дөңгелек

пішінді табу арқылы заттарды салу.

Балалар өз бетінше қалаған топтағы заттқа қарап салады.

Сергіту сәтті:

 

Қысқыштармен ойналатын ойын

Ойын шарты: Түрлі-түсті қатты

қағаздардан дөңгелектер жасап, сондай түсті қысқыштарды қыстырса, гүлдер

пайда болады. Ол баланың ұсақ моторикасын дамытады, ақыл-ойының, тілінің

дамуына зор ықпал етеді.

Балалар салған суреттін өз сүйікті досына сыйлайды.

 

 

 

 

 

1.Денешынықтыру

 Тақырыбы:Өрмелеу, еңбектеу, жүру.

Мақсаты: бүлдіршіндерге жүрудің, жүгірудің,

өрмелеудің, еңбектеудің қарапайым дағдыларын үйрету. Баланың эмоционалдық

көңіл - күйін еркін білдіруіне қолайлы жағдай туғызу. Ойын арқылы

белсенділігін арттырып, психогимнастикалар арқылы баланың ішкі жан дүниесін

сезінуіне мүмкіндік туғызу, балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

 Балаларды

сапқа тұрғызу:

а) сәлемдесу;

ә) сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау


2. Саптағы жаттығулар:

а) Оңға! Кері! Солға! Солға!

Балалардың орындайтың жаттығулары:

1. Тік тұру: Қолды жоғарыға көтеріп, аяқтың

басына тұру. Б. Қ. тік тұру 3 - 4р.

2. Аяқты алшақ қою, қолдың басын шалқайтып,

қолды жоғары қағу. Құйрықпен алға жылжу.

3. «Жем жейміз» «еңкейіп жерден жем шоқу»,

шалқаю.

4. «Шаттану» шалқадан жатып, аяқпен қолды

кезекпе - кезек қозғау.

5. Секіру. Тынысты реттеу.

 Ойын: «Жер, су, ауа»

Ойын шарты: Дөңгелене тұрған балаларға

бастаушы допты лақтырып жіберіп,»жер» десе жануардың, жәндіктердің атын атауы

керек, «су» десе балық, «ауа» десе құс атын атауы керек. Жауаптан шатасқан

бала айыбын өтейді.

Ескерту: допты ұстап кідіртуге болмайды,

жауабын айтып қайта тез лақтыруы шарт.

Қорытынды.

Тыныс алу жаттығуларын орындату. Релаксациялық жаттығулар орындату.Балаларды

шеңберге тұрғызып, мақтау.

Ойыннан соң

балалар сап түзеп залдан шығады

 

 

 

 

 

1.Денешынықтыру

Тақырыбы: Тепе – теңдікті сақтау.

Мақсаты: 1. Өткенді қайталау:

Тепе – теңдікті сақтауға арналған жаттығуларды

көрсетіп түсіндіру. Әртүрлі қалыпта тепе – теңдікті сақтау тәсілдерін дамыту.

Балаларды шапшаңдылығын дамыту. Өзара

көмектестікке үйрету.

 Амандасу                                

 Шаттық шеңбер:і

                          Денсаулық

- ол  шыныққан                        

 Барлық дене

мүшесі

                                

      Денсаулық – ол тыныққан ,

 Жүйке тамыр жүйесі .

 Денсаулық – ол күйің

Көңіл – күйің жадырай .

Денсаулық – ол жүруің ,

Ешбір жерің ауырмай

Жүру, жүгіру, секіру.

Балалар орындайтын жаттығулар:

 

1. Жүру және оның

түрлері:

а) қолды жоғары тік көтеріп, аяқтың ұшымен

жүру;

ә) қолды екі жаққа созып, өкшемен жүру;

б) қолды белге қойып, сыртқы қырымен жүру;

в) қолды белге қойып, ішкі қырымен жүру.


4. Арнайы жүгіру жаттығулары:

а) жылан тәріздес жүгіру;

ә) аяқты артқа бүгіп жүгіру;

б) тізені жоғары көтеріп жүгіру;

в) оң (сол) жақ қырмен тіркеле адымдап жүгіру;

г) аяқтың ұшын созып, алдыға қайшы тәріздес

жүгіру.


5. Жүру, тыныс алу жаттығулары:

а) оқушыларды бір лекке тұрғызу

ә) 1, 2, 3, 4 санал!


6. Жалпы дамыту жаттығулары:

а) бастапқы қалып: қолымыз белде 1, 2, 3, 4 -

мойнымыз оңға (солға) айналдыру;

ә) б. қ. қолымыз белде;

1 - басымызды алдыға түсіру;

2 - басымызды артқа қою;

3 - оңға;

4 - солға қою.

 

Қортындылау Сұрақ – жауап

 ойын: « Кімнің дауысы »

Жануарлардың, аңдардың дауысын

салу

 

 

 

 

 

 

Серуен:

11.00-11.30

Серуенге қызығушылық  туғызу; балалармен жеке әңгімелесу;

серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру.

Аулаға ұшып келетін құстарды бақылау.

Мақсаты: құстарды 

тануға,дене бөліктерін атауға үйрету; құстарға қамқорлық жасауға

тәрбиелеу

Ересектің көмегімен қарапайым еңбек

тапсырмалары  (мысалы, гүлдерді суару)

Мақсаты : қарапайым тапсырмаларды орындауға үйрету.

1.    

Қимылды ойындар «Мені қуып жет», «Күннің көзі мен жаңбыр» (2-3рет қайталау);

Мақсаты: Бір-біріне қақтығысып қалмай жүгіруге үйрету. 

Дербес ойын әрекеті,  серуенге алып шыққан материалдармен ойындар

Мақсаты: қызығушылықтары  бойынша ойындарды таңдауды қамтамасыз ету

және құрдастарымен қарым-қатынасты қалыптастыру.

Серуеннен  оралу

11.30-11.50

Балалардың 

реттілікпен киімдерін  шешуі, дербес

ойын әрекеті .

Тұскі асқа дайындық

Түскі ас

12.00-12.30

Балалардың назарын тағамға аудару ; тамақтану, ас қайруға үйрету

Үйықы

12.30-15.00

Балалардың тыныш ұйықтауына 

жағымды жағдай орнату.

Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары

15.00-15.30

Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында 

ортопедиялық жол бойымен  жүру.

  Білімді кеңейту  және 

мәдени-гигеналық дағдыларды 

орындау.

Ойын- жаттығу :             Сылдырлайды мөлдір су,

                                              

Мөлдір суға қолыңды жу.

                                              

Жуынсаңсаң сен әрдайым,

                                         

Таза  бетің, маңдайың.

Бесін  ас

15.30-16.00

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға

баулу  бойынша жеке жұмыс

Ойындар, дербес әрекет

 

 

 

 

Баланың жеке даму картасына

сәйкеғс жеке жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

16.00-16.20

 

 

Үстел үсті  театры

«Менің отбасым» және т.б. тақырыптар бойынша сюжетті картиналар

қарастыру.

 

 Сюжетті-рөлдік ойын

«Қуыршақты тамақтандыр»;

Ірі құрылыс материалдарымен және 

конструкторлармен  ойындар.

Ойын – жаттығу  «Қуыршықты жуындыр»;

Альбомдар, сюжетті картиналар қарастыру,

Ірі құрылыс материалдарымен ойындар.

 

Ойын «Кімнің заттары?» (жақын адамдарының заттарын анықтау);

Суретті кітапшаларды бояу, пазлдар, мозаика және т.б.

 

сюжеттік ойыншықтармен ойындар,

ертегі оқып беру;

үстел үсті театры және т.б.

Жыл мезгілі туралы әңгімелесу

«Күз»(сурет қарастыру)

Мақсаты:қарапайым сұрақтарға жауап

беруге үйрету.

 

 Әңгіме құрастыру «Әжең  туралы әңгімелеп бере»

Мақсаты: баланың сөздік қорын туысқандарының атауларын білдіретін сөздермен

байыту.

Дидактикалық ойын «Ғажайып  қапшық»

Мақсаты: баланың сөздік қорын  ойыншықтардың

атауларын білдіретін сөздермен байыту.

Жыл мезгілі туралы әңгімелесу

Мақсаты:қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Дидактикалық ойын «Атын атап бер»  

Мақсаты: түсті қабылдауды және қолдың

ұсақ моторикасын дамыту.

 

Серуенге дайындық

16.20

Киіну: серуенге шығу.

Балалардың үйге

қайтуы

17.45-18.00

Ата-аналарға кеңес:

Балалар жәйлі әңгімелесу

«Үйде ойын бұрышын  ұйымдастыру».

Психологтің  кеңесі: мысалы:«Егер ата-аналар дүкеннен

баланың ұнатқан ойыншығын сатып әпермеген жағдайда, өзін қалай ұстау қажет.

Балалар отбасында өздері  не істей

алатындары туралы әңгімелесу.

Кеңес:

 «Бала өміріндегі ойыншықтың

маңызы».

Жобаны таныстыру.

«Менің отбасым тақырыбына көрме ұйымдастыру. 

 

Просмотров: 988

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст