«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалтыр ауылының «Алтын дән» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли сад «Алтын дән» села Жалтыр при отделе образования по Астраханскому району управления образованя Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогикалық жобалары мен әдістемелік құралдарын қорғау

«Алтын дән» бөбекжайында МКҚК-нда, педагогикалық жобалары мен әдістемелік құралдарын қорғау өтті. Бұл іс-шара кәсіби тәжірибе алмасуға, шығармашылық көзқарасты және балалармен жұмыс істеудегі заманауи әдістерді көрсетуге арналған маңызды алаң болды.
 Педагогикалық жобаларды қорғау аясында келесі жұмыстар ұсынылды:
• «Біздің балабақша — кішкентай ел» — тәрбиеші Халанская В.А.;
• «Көлік түрлері» — тәрбиеші Кирзан В.И.;
• «Күзгі бақылау күнтізбесі» — тәрбиеші Ляшенко И.П.;
• «Күз бояулары» — тәрбиеші Лушкина Ю.В..
 Ұсынылған жобалар тақырыптарының өзектілігімен, тәжірибелік бағыттылығымен, жұмыс түрлері мен әдістерінің алуан түрлілігімен, сондай-ақ тәрбиеленушілерді білім беру үдерісіне белсенді тартуымен ерекшеленді.
 Сондай-ақ аттестациядан өтетін педагогтердің әдістемелік құралдарын қорғау өткізілді:
• Аутаева Ж.А.
• Жанадилова Г.М.
• Усерова Г.К.
 Педагогтер өздерінің кәсіби тәжірибесін, заманауи білім беру технологияларын қолдану шеберлігін және үздіксіз әдістемелік материалдарын ұсынды.
 Өткізілген іс-шара педагогикалық ұжымның жоғары кәсіби деңгейін, шығармашылық әлеуетін және білім беру тәжірибесіне жаңа идеяларды енгізуге дайын екенін көрсетті.

Текст