Текст
21.01.2026
2026 жылдың 21 қаңтарында «Адал Азамат» бірыңғай білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында балабақшамызда арнайы жиын өтті! Біздің тәрбиеленушіміздің әкесі, полиция қызметкері балалармен қонақта болды. Ол бүлдіршіндерге «Полицей – тәртіп сақшысы» тақырыбында өте қызықты әрі танымдық әңгіме өткізді. 🚓
Балалар нағыз маманды зор ықыласпен тыңдап, қойылған сұрақтарға жарыса жауап берді. Мұндай кездесулер балалардың бойында жауапкершілік пен тәртіпті қалыптастыруға көмектеседі. 🤝
Біздің ата-анамызға алғыс айтамыз!