09.01.2026
09.01.2026 жылы бөбекжайымызда оқу-тәрбие үдерісіне қатысты маңызды мәселелер талқыланған жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Бірінші тақырып - «Мектепке дейінгі ұйымдардағы ваучерлік қаржыландыру» Ата-аналарға ваучерлік қаржыландыру жүйесі, оның артықшылықтары, ваучер алу және пайдалану тәртібі, сондай-ақ бұл жүйенің білім беру қызметінің сапасына әсері туралы толық ақпарат берілді.
Екінші тақырып «Мектепке дейінгі жастағы балаларды адалдық пен тәртіптілікке тәрбиелеу»
«Адал азамат» бағдарламасы аясында балалардың бойында адалдық, жауапкершілік, құрмет пен әділдік сияқты құндылықтарды ерте жастан қалыптастыру жолдары талқыланды. Ата-аналарға отбасында осы қасиеттерді дамытуға арналған пайдалы кеңестер ұсынылды.
Белсенді қатысқан, қолдау білдірген барлық ата-аналарға алғысымызды білдіреміз. Балалардың жан-жақты дамуы үшін бірлесе жұмыс істеу ең маңызды міндетіміз