АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ  "АЛТЫН ДӘН "БӨБЕКЖАЙЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ         "ЯСЛИ-САД "АЛТЫН ДӘН" СЕЛА ЖАЛТЫР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балабақша - тәрбиенің алтын бесігі.

16.01.2018

Балабақша - тәрбиенің алтын

бесігі.

«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған.

Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор.

Кішкентай сәбилеріміз ата - анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен,

жүріс - тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Балабақша

– баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы.

Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы , сол

балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, ұстазға

байланысты. 

Ұстаз – киелі мамандық. Ол ертеңгі болашақты , болашақ иесін – ұлтын

тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу , оған ғылым негіздерінен мағлұмат беру, баланы

өмір сүруге икемдеу, адами қылықтарды бойына дарыту – ол оңай шаруа емес. 

Тәрбиеші – суретші, әртіс, әдебиетші, ақылшы, дос және бала жанын бағамдар

психолог. 

«Тәрбиеші адам – тағалы атпен тең» деп халық даналығында көрсеткендей тағамның

беріктігінен «Бөбек» балабақшасында тәрбиеші болып биылғы жылдан бастадым. Бұл

балабақша алдында көп жылдан бері жарты күндік жұмыс атқарса, осы желтоқсан

айынан бастап толық қүн жұмыс істеуге ауысты.

«Бөбек» балабақшасында жиырма бала тәрбиеленуде. Мұнда әртүрлі ұлттың балалары

тәрбиеленеді. Олардың жас шамасы үш жастан бес жасқа дейінгі балалар. Шағын-

орталықта балалармен әртүрлі қызықты ойындар ұйымдастырылады, коммуникативтік,

шығармашылық, социум, денсаулық, айналамен таныстыру бағыттары бойынша сабақтар

өтеді. Осы бүлдіршіндеріміз әр мерекелік іс-шараларға белсене ат салысып өз

өнерлерін көрсетуге тырысады. Балалардың ішінде әнші, биші, бояушы, сызушы

балаларды байқауға болады. 

Кішкентай балалар тәрбиеші көмегімен киініп, жуынып, сүртінеді, бір - біріне

көмектеседі, «рахмет, кешір, өтінемін» сөздерін айтып отырады. Ұжымға

тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым - қатынастарын қалыптастыру. Осылайша

мейірімділіктің негізі қаланады немқұрайлықтың пайда болуына, құрбыларына,

үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.       Тәрбиеші: Муратова А

Просмотров: 414

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст