АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ  "АЛТЫН ДӘН "БӨБЕКЖАЙЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ         "ЯСЛИ-САД "АЛТЫН ДӘН" СЕЛА ЖАЛТЫР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ана- гүл, ана-жер, ана-өмір шуағы».Ертеңгілік

13.03.2018

«Ана-

гүл, ана-жер, ана-өмір шуағы».

 

Жүргізуші:

Қош келдіңіздер! Аяулы әжелер, аналар, қызғалдақ қаздар, қадірлі

тәрбиешілер!

Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім нұр құйып тұр 8 наурыз. Осындай

көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатына аналарға ыстық сезім,

алғыс пен құрмет ешқашан сенген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жары, ән

отбасының алтын деңгейі. Бүгінгі « Ана-гүл, ана-жер, ана-өмір шуағы» атты

ертеңгілігіміз сіздерге арналады.

Жүргізуші:

-Балаларды ортаға шақырамыз. (қолдарына суреттер ұстап, балалар кіреді ).

Аналарына жылы лебіздерін білдіреді.

Ән:

«Анаға сыйлаймыз».

Шаһмардан:

Алтын анамның,

Сыйлайыншы гүлің.

Жарқын даламның,

Күлімдеген көзі.

Күннің нұрындай,

Ұлым деген сөзі,

Ақын жарындай.

Айша:

Тіліңді аламын

Ақылды баламын

Ананың біз гүліміз,

Ана біздің күніміз.

Али:

Гүлдер, гүлдер

Әдемі гүлдер

Қызыл гүлдер, көк гүлдер.

 

Жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән

салып, алқашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқырлы көктем. Олай

болса мерекеге көктемді шақырайық.

(Музыка әуенімен залға көктем кіреді.)

 

 

Көктем:

Дала гүлге бөленеді,

Қуанышқа кеңеледі.

Орман, торғай, бақтарда,

Өйткені мен көктеммін

Құстар сайрай жөнеледі

Шұғыламды төккенмін.

Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен

құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.

Жүргізуші: Сиқырлы көктем, біздің

шақыруымызды қабыл алып, мерекемізге келгеніңізге көп рахмет!

Көктем: Мен қалай келмеймін? Бүгін сондай керемет күн. Әжелер мен

аналар мерекесі. Балалар, мен сендердің әже, аналарының есімдерін білгім

келеді. (Балалар жауап береді).

Қандай керемет есімдер, Балалар,

сендерге көп-көп рахмет.

(Осы кезде көктемнің телефоны шырылдайды).

Көктем: Иә, не сұрақ? Жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілер де

оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып келемін. Мінекей, балалар,

менің басқа да жұмыстарым бар, маған кету керек. Бірақ, мен сендерге босқа

келмедім. Мен сендермен ойын ойнағым келеді.

Ойын: «Шылдырмақ» (Бүкіл бала қатысады).

Музыка әні қосылады. Балалар

ортаға шығады. Шеңберді айналады, Ән тоқтағанда, балалар шылдырмақты ұстап алу

керек. Кім ұстай алмаса ойынан шығады.

Жүргізуші:

Әжем менің әйбат,

Ешкім оған жетпейді.

Күні бойы бірге ойнап,

Жанымнан бір кетпейді.

Ән: «Ақ әжем».

Жүргізуші:   Балалардың тақпақтары:

Алихан:

Ақ жүректі сақтаған,

Жарқын жүзің бақ маған.

Ақ бетінен сүйемін,

Келші, келші ақ мамам.

Айарыу:

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Әлдилеген анашым.

Алтыннанда қымбатсын,

Ақ сүт берген анашым.

Мүсліи:

Шалқып-тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Ана, сені құттықтап,

Әндетеміз бәріміз.

 

Дильназ:

Айтқаныңды тындаймын,

Үлкендерді сыйлаймын.

Анашымды құрметтеп,

Өленімді жолдаймын.

Әділет:

Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

Аяулым:

Бізді өсірген ана жан,

Еңбегі де зор екен.

Құтты болсын ана жан,

Құтты болсын мерекең.

Сұлтан:

Менің әжем-жар әжем,

Шуағы мол-нұр әжем.

Ақ орамалды тағып ап,

Аман-есен жүр әжем.

Амир:

Үн қалтасын бал тілмен,

Біз үшін көп жанасын.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын анашым.

Есмина:

Сыйлайыншы гүлімді,

Теріп алған даладан.

Мейрамыңыз бүгінгі,

Құтты болсын ана жан.

Рамазан:

Нұрын төккен маған,

Шуағымсын сен.

Айналайын анам,

Қуанышыңмен.

Нұріслам.

Ананың біз гүліміз,

Ана біздің күніміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Жүргізуші:

Аналарды сүйеміз.

Сөзін ойға түйеміз.

Әдеппен бас иеміз,

Әр сөзіңді жаттаған,

Жүрегіңде сақтаған,

Анашым деп мақтанам.

«Гүлдер» биі.

 

Жүргізуші:

Ата-аналармен ойын: «Гүл қиғызу».

Ортаға 4 ата-ана шығады. Гүл қияды.

Жүргізуші:

Шалқып тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Аналарды құттықтап,

Би билейміз бәріміз.

 

Би:

Ән; «Көктемде».

 

Жүргізуші: Бөбегінің сыйлығын,

                     Қабыл алшы анашым,

                     Ұзақ өмір жүр жасап,

                     Ауырмашы анашым.

 

(Балалар сыйлықтарын тапсырады).

Осымен ертеңгілік кешіміз

аяқталды. Сау болыңыздар!

 

Просмотров: 513

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст