Тобы: Ересек тобы
Күні: 06.11.2019
Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі
Мақсаты: Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Балалардың сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Балаларға жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білуді үйрету.
Тәрбиелігі: Өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, біреуге қызғанып қарамауға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Қойылымның кейіпкерлері: Ертекші, шал, кемпір, бауырсақ, қоян, қасқыр, аю, түлкі.
Билингвалдық компонент: Бауырсақ-колобок, қасқыр-волк, түлкі-лиса, аю-медведь, шал-дед, кемпір-бабушка.
Көрнекілігі: бауырсақ ертегісі бейнесюжет
Қуанамын мен де,
Қуанасын сен де,
Қуанайық достарым,
Жарқыраған күнге.
Тәрбиеші:
- Біз бүгінгі Қазақ тілі сабағында ертеден келе жатқан «Бауырсақ» ертегісімен танысамыз.
«Бауырсақ» ертегісін көру.
Тәрбиеші
Кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:
Шал
- Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.
Кемпір
- Неден пісірейін? Ұн жоқ қой!
Шал
- Әй, кемпірім-ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.
Тәрбиеші
Кемпірі солай істейді: қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды.
Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді.
Қоян
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ
Жоқ, сен мені жеме, саған қандай өлең айтып берер екем, онан да соны тыңда.
Тәрбиеші
Қоян құлағын түреді, ал бауырсақ әнге басады:
Бауырсақ
Атайдан да қаштым, әжейден де қаштым.
Енді сенен де қашам
Тәрбиеші
Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса, оның алдынан қасқыр шыға келіп:
Қасқыр
Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ
- Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.
Тәрбиеші
Бауырсақ әндете жөнеледі
Бауырсақ
Атайдан да қаштым, әжейден де қаштым.
Қояннан да қаштым,
Енді сенен де қашам,
Қиын емес бұл маған.
Тәрбиеші
Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады.
Аю
- Әй , бауырсақ ! Мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ
Атайдан да қаштым, әжейден де қаштым.
Қояннан да қаштым,
Қасқырдан да қаштым,
Енді сенен де қашам.
Тәрбиеші
Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.
Түлкі
-Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы!
Тәрбиеші
Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса құмарта тыңдаған боп, қыбырын білдірмей,бауырымен сырғып, жақындай береді.
Бауырсақ
Атайдан да қаштым, әжейден де қаштым.
Қояннан да қаштым,
Қасқырдан да қаштым,
Аюданда қаштым,
Енді сенен де қашам.
Түлкі
- Оңай құтала алмайсың, менің тапсырмамды орында
Түлкі : (қолында бір бума қағаз). Онда менің жұмбақтарымды шешіп көріңдер.
Балалар онда бауырсаққа көмектесеміз бе?
Қыста ақ,
Жазда сүр.
(қоян)
2.Қорбаң- қорбаң етеді,
Орманда ол жүреді (аю)
3.Орманда тұрады, өзі бір қу,
Жүрген жері айқай-шу.
(түлкі).
Тәрбиеші
Қорытындылау:
- Балалар ертегі сендерге ұнады ма?
Ертегінің мазмұны не жайында екен? Ал, енді балалар, ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді айыру үшін мынадай тапсырмалар орындайық.
Неліктен бұл жерде аю, қасқыр, жағымды кейіпкерлерге жатады? (Өйткені олар бауырсақты жеген жоқ.)
- Өте жақсы!
- Ал, түлкі ше?
-Түлкі қу, айлакер.
Жағымды-Жағымсыз
Балалар, бауырсақ неден жасалады? (Ұннан)
-Ұн неден алынады? (Бидайдан)
Тәрбиеші: Бауырсақтың түсі қандай?
Бауырсақ: Сары.
Тәрбиеші: Бауысақтың пішіні қандай?
Бауырсақ: Домалақ, шеңбер.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білді.
Игерді: Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалай білуді.
Меңгерді: Ертегінің мазмұнын айта білуді.