АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ  "АЛТЫН ДӘН "БӨБЕКЖАЙЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ         "ЯСЛИ-САД "АЛТЫН ДӘН" СЕЛА ЖАЛТЫР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары орыс Ересес тобы Тақырыбы "Біздің топ"

11.09.2019

Тобы: Ересек

Күні: 11.09.19

Тақырыбы:  «Біздің топ»
Мақсаты: Балардың топ және оның ішіндегі бөлмелер туралы ұғымдарын қалыптастыру. Сақтыққа, өз тобы үшін мақтана білуге болатындай сезімдерін қалыптастыру. Бөлме ішін таза, заттарын ұқыппен ұстауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: Қонжық ойыншық, сурет негізінде берілген ережелер.
Билингвалдық компанент: топ - группа,спальная- жатын бөлме
Іс - әрекеттің кезеңдері
Тәрбиешінің іс – әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Себепті – оятушылық
Саяхатқа қалай баруға болады? Немен?
Ал ең дұрысы поездқа мінсек, барлығымызда сияр едік.
Ең алдымен поездымызға отырмай тұрып, есімізге бірнеше алтын ережелерді сақтап алайық. Поездтың ішінде қатты сөйлеуге, күлуге болмайды. Алдымыздағы досымызды итермей, ақырындап қозғаламыз. Аялдамаларға келгенде тәрбиешіміздің сөзін тыңдап, қойылған сұрақтарға ғана жауап береміз.
Бәріміз есімізге сақтасақ, поезд болып, бір - біріміздің артымызға тұра қалайық

Балалар жауабы
Бірнеше көліктер түрін атайды.
Ережені қайталайды
Поезд жасайды
Ұйымдастыру - іздеушілік 1 аялдама. «Жуынатын бөлме»
- Жуынатын бөлме не үшін керек деп ойлайсыңдар?
- Бұл бөлмеде нелер бар екен? (дәретхана, әр баланың орамалына арналған үйшік)
-«Өз орамалыңның үйін тап» ойыны.
- Бұл бөлмеге келгенде де ережелерді естен шығармаған дұрыс. Барлығымыз сап бойымен түзу келіп, кезекпен дәретханаға отырамыз да, қолымызды жуамыз. Қолымызды жуу үшін: киіміміздің жеңін түреміз, қолымызды сулаймыз, сабындаймыз, сабынды сумен жақсылап шаямызда, қолымыздың суын жан - жаққа сілкілемей әр кім өзінің орамалымен қолын құрғатып сүртеді. Әр кез осы ережелер есімізде тұру үшін мына суретті осы жуынатын бөлмемізге іліп кетейік.
- Балалар қай кездерде қолды жуу керек деп ойлайсыңдар? (дәретханадан шыққанда, тамақ ішер алдында және тамақтанғаннан кейін)
Сергіту сәті:

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
2-аялдама «Киінетін, шешінетін бөлме»
Мына жерде неткен көп үйлер. «Өз киіміңнің үйін тап» ойыны.
- Бұл сенің киіміңнің үйі екенін қайдан білдің?
Әр киім өз бөлмесінде тұрғанды жақсы көреді екен. Бұл ережені ұмытпас үшін мына суретке қарайықшы. (төменде қосымша ретінде берілген)
Бірінші бөлмеде қандай киім туру керек екен? Ал екінші мен үшінші де ше? Ал сендердің киімдерің осылай тұрма екен?
3-алдама: Балалардың ең сүйікті бөлмесі - топтың іші.
Мінеки тобымызға да қайтадан келіп жеттік. Енді әр кім өз орындығын тауып отырсын, енді топ ішімен танысалық.
- Неліктен бұл жерді ең сүйікті бөлме деп атаймыз? (мұнда біз тамақтанамыз, сабақ оқимыз, ұйықтаймыз, ойнаймыз, ертегілер оқимыз т. б.)
- Балалар жан - жағымызға қарайықшы тобымыздың түсі қандай екен?
- Көлемі қандай екен? (үлкен)
- Полы қайда? (төменде, жерде) Аяғымызбен полды тарсылдатайық.
- Төбесі қайда? (төбеде, биікте) Төбемізге қолымызды созып көрейікші, жете аламыз ба екен? Көрдіңдер ме қандай биік біздің тобымыз.
- Неліктен біздің топтың жарығы сөндірулі, бірақ бөлменің іші жарық болып тұр. (тобымызда терезелер бар, күннің көзі жарық беріп тұр)
Балалар жауабы

Көріп тұрған заттарын атайды
Өздерінің суреттері бойынша жасалынған орамал ілгіштерінің қасына барып тұрады.
Ережені еске сақтауға тырысады
Суретті қай жерге ілуге болатынын өздері таңдайды
Балалар жауабы
Суреті арқылы анықтағанын айтады.
өз орындықтарын келіп отырады
Көздеріне көрінген түстердің барлығын атайды
Балалар жауабы
Қорытынды:

түзетушілік - Сонымен біз бүгін біздің балабақшада бар бөлмелермен танысып шықтық.
- Қандай бөлмелер бар екен?
- Неге бірнеше бөлмелер берілген?
- Сендер осындай әдемі бөлмелеріңді енді қалай ұстауларың керек?
Сабақ соңында тәртіпті болғаны үшін, мұқият тыңдағаны үшін, сұрақтарға жауап бергені үшін деп балаларға «смайлик» таратылып, шкафтарының бетіне жабыстырылады.

Күтілетін нәтиже:
Біледі:
балабақша ішіндегі топ, оның бөлмелерін
Меңгерді: Әр бөлме ішіндегі ережені орындайтын, тәртіпті бала. Дұрыс киімдерін орналастыру, жуыну

Просмотров: 606


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст