АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ  "АЛТЫН ДӘН "БӨБЕКЖАЙЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ         "ЯСЛИ-САД "АЛТЫН ДӘН" СЕЛА ЖАЛТЫР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жұлдыз орта тобы Тіл Дамыту "Құмырсқаның саяхаты "

04.09.2019

Тақырыбы: Құмырсқаның саяхаты

Мақсаты: Балалардың коммуникативтік-ақпараттық құзіреттілігін молайтып,ой түйсігін.қиялын дамыту. Сенсорлық ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы

1.Балалар шаттық шеңбер құрып, бір-бірімізге жылы лебізімізді айтайық

Армысың, әлем!

Армысың, жарық күн!

Армысың, абзал адам!

Армысың, менің досым!

Жарайсыңдар балаллар,отыра қойыңдар.


 

2.Балалар Біздің бүгінге ашық ұйымдастырылған оқу-қызметіміз құмырсқаның саяхаты.

Балалар біз құмырсқаны білеміз бе? Ол немен қоректенеді?

Ендеше балалар құмырсқа жайлы қысқаша түсінік берейін, тыңдаңдар.

Құмысқаның денесі бас. Көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке. Онда 3 жұп аяқтары жақсы жетілген. Көпшілік түрлерінің құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған, улы бездерінен бөлінетін сұйықтық- құмырсқа қышқылы деп аталады. Құмырсқа 20 жылға дейін өмір сүреді екен балалар.

3.Балаларға «Немен қоректенеді» ойынын ойнатылады. Тақтаға Қоян,маймыл,кірпі,құмырсқа, ара, ит сурет ілінеді. Балалар жейтін қорегін тауып алып тақтаға іледі.

Нұрсұлтан: қоян-сәбіз

Айым: маймыл-банан

Нұрсая: кірпі-алма

Ерасыл: құмырсқа-дән

Раяна: ара-бал

Магнитпен жабыстырады. Жарайсыңдар балалар.


 


 

4.Балалар біздің келесі ойынымыз қиындылардан құмырсқа суретін құрастыру. Қиылған суреттен құмырсқа қүрастырады.


 

5. Сергіту сәті

Еңбексүйгіш құмырсқа,

Ерте шықты құмырсқа.

Күні бойы жүк тасып,

Тізбектеліп жүк тасып.

Қимыл-қозғалыспен жасайды. Жарайсыңдар балалар, отыра қойыңдар.


 

6. Балалар тіл ұстарту жаттығуын жасаймыз

Ара-з-з-з

Қоңыз-ж-ж-ж

Жылан-с-с-с

Қимылын келтіріп,дыбысын салады. Құмырсқа тыңдайды.


 

7. Сұрақтар қойып,тақырыпты қорытады:

- Балалар бүгін қандай жәндіктермен таныстық?

- Олар немен қоректенеді?

- Олар қандайй әндетеді?

Сұрақтарға жауап береді:

Сау болыңдар балалар!

 

Просмотров: 648


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст