АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ  "АЛТЫН ДӘН "БӨБЕКЖАЙЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ         "ЯСЛИ-САД "АЛТЫН ДӘН" СЕЛА ЖАЛТЫР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дене шынықтыру

02.02.2017

        Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

«Орта» тобы «02» ақпан 2017 жыл

Білім

беру саласы: Денсаулық, Таным.

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы:  Лақтыруға үйрету.

Мақсаты: 1. Лақтыру тәсілдерін

үйрету.

2. Күштілік,ептілік,жылдамдық тәрізді қимыл қасиеттерін дамыту.

3. Көзбен мөлшерлей білу қасиеттерін дамыту.

Құрал-жабдықтары:  әр балаға

жалаушалар,доптар,қапшықтар,кегельдер,ойыншықтар,нысаналар.

Билингвальді компонент:  жалаушалар-флашки,доптар-мячи.

Іс-әрекет кезеңдері


Нұсқаушының іс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Сапқа тұру.Сәлемдесу.

Жүру:

-әдеттегі жүріс;

-тізені жоғары көтеріп жүру;

-аяқтарын артқа қарай лақтырып жүру;

-табанның іішкі қырымен;

-аяқтың ұшымен;

-аяқтың өкшесімен;

-жартылай отырып жүру.

Жүру мен жүгіру ауысып тұрады.


 

Қолдарын түрлі қалыпқа ұстап жүреді.Педагогтың

нұсқауын мұқият тыңдап,айтқандарын орындайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

 

1. Жалаушалармен орындалатын ЖДЖ:

Бір сапқа тізіліп жалаушаларды қолға ұстап жүру;педагогтің белгісі бойынша

балалар қолға арналған жаттығуларды орындайды.

Б.қ.: негізгі тұрыс,жалаушалар төменде . 1-жалаушаларды алға

созу;2-жалаушаларды жоғарыға көтеру;3-жалаушаларды екі жаққа созу;4-бастапқы

қалып.

Б.қ.: иықтың деңгейіндегі аяқтың тұрысы,кеуде тұрысында жалаушаларды

ұстау.1-оңға бұрылу,оң қолды бір жаққа созу;2-бастапқы қалып.

Б.қ.:Негізгі тұрыс,жалаушалар төменде .

1-2-отыру,жалаушаларды алға қарай созу;3-б.қ.

Б.қ.:иықтың деңгейінде аяқтың тұрысы,жалаушалар төменде.1-жалаушаларды екі

жаққа созу;2-сол аяққа алға қарай иілу; 3-екі қолды екі жаққа созу, тік тұру;

4-бастапқы қалып.

Б.қ.: негізгі тұрыс,

жалаушалар төменде.

«1-8»дегенде екі аяқпен

секіру, шағын кідіріс, одан

Кейін қайтадан секіру.

Б.қ.: негізгі тұрыс,

Жалаушалар төменде.

1-2-оң аяқты артқа созып, еденге ұшын тигізу,

жалаушалар жоғарыға

көтеріледі;3-4-бастапқы

қалыпқа оралу. Дәл солай сол

аяқпен жасау.

2. Екі қолмен допты жеткізу.

3. Допты нысанаға дәлдеп

лақтыру.

4.Қапшықты алысқа лақтыру.

5. «Мерген» ойыны.

 



 

6-8 рет қайталау.

 

 

Жаттығулар жетекшінің (бала) соңынан орындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қабырғада шеңбер салынған.Балалар бірінен соң бірі

сапқа тізіліп тұрады.Кезекпен балалар допты нысанаға лақтырады.

Рефлексиялық-түзетушілік

 

Зеректілікке арналған жаттығу.

Балалар көздерін жұмып тұрады.Белгі бойынша

балалар бір қадам алға басады.

Күтілетін

нәтиже:

орындайды: жүрудің түрлерін;

түсінеді:  негізгі жаттығуларды орындай білу шарттарын;

қолданады:  нысанаға допты лақтыруды.

 

 

 

 

Просмотров: 531


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст