АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ  "АЛТЫН ДӘН "БӨБЕКЖАЙЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ         "ЯСЛИ-САД "АЛТЫН ДӘН" СЕЛА ЖАЛТЫР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім беру саласы: Шығармашылық. Бөлімі: Жапсыру Тақырыбы: Ұзын құлақ ақ қоян.

15.02.2017

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің 

технологиялық картасы

«Сәби» тобы   15.02.2017жыл

Білім беру саласы:  Шығармашылық.

Бөлімі:  Жапсыру

Тақырыбы: Ұзын  құлақ  ақ 

қоян.

Мақсаты: қоян туралы түсініктерді нақтылау; қоянның дене

бөліктерін атай білуді үйрету, қоянның дене бөліктерін қағаз бетінде дұрыс

орналастыра білуге, жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: демонстрациялық 

материалдар, қоянның суреті, ойыншық қоян.

Қажетті құрал

жабдықтар: қағаз, түрлі түсті қарындаштар, қоянның суреттері.

Сөздік жұмыс:  көжек.

Билингвальді

компонент: қоян-заяц, ұзын-длинный.

Оқу іс-әрекет

кезеңдері

Педагогтің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекет

Мотивациялық-қозғаушылық

 

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберін жасау үшін ортаға

шақырады. Қолдарын созып, бір-бірімен жақсы көңіл күймен амандасу.

Жұмбақ жасыру.

Ұзын құлақты, жылдам аяқты, сәбізді жақсы көретін, ол не? Тәрбиеші иллюстрациялық суреттерді көрсете отырып,

балалардан қоянның қайда тіршілік ететіні, 

құлағы неге ұзын  екені, қалай

секіретіні, неге сұр қоян, ақ қоян  деп

аталғаны жайлы сұрап, өзі жауаптарды толықтырып түсіндіреді.

– Қайырлы таң, балалар!

– Қайырлы таң жаңа күн!

 

Жұмбақтың шешуін табады.

Балалар қоянның сәбізді жақсы көретінін, өзі сондай қорқақ екендігі,

орманда тіршілік ететіні жайлы айтты.

«Ұзын құлақ»,  «сұр қоян» сөзін

жаңғырық әдісімен қайталайды.

Ұйымдастыру-ізденістік

 

 

 

 

Сөздік жұмыс:

Балаларға ұзын құлақ  сұр

қоянның  суретін жапсыруды  ұсынады. Қоянның дене мүшелерін: басын

дөңгелек, денесін үлкен сопақша дөңгелек, аяқтарын кіші сопақша

дөңгелектермен сызып салуға болатынын көрсете отырып түсіндіреді. Көрсетілген

үлгі бойынша қояның суретін салады. 

Сергіту сәті:

Қояным, қоянмын

Орныңнан тұра ғой.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Бетіңді жушы,

Қолыңды жушы,

Орныңда секірші!

Секір-секір-секір!

 

Балалар сұрақтарға жауап береді

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтінде өлең сөздеріне сәйкес қимылдар жасайды.

 

Рефлексиялық-түзетушілік

 

 

 

Тәрбиеші балалардың қоянды әдемі суретін жапсырғандарын  айтып мадақтайды.  Қоян жайлы 

әңгімелесіп, қоян туралы қандай өлеңдер, тақпақтар, жұмбақтар

білетіндерін сұрайды. Қол ұстасып, дөңгеленіп, қоян жайлы өлең айтады.

Балалар қоянның суретін қиып жапсырғандары  жайлы, қоян туралы не білетіндерін айтады.

Күтілетін

нәтиже:

Біледі: қоянның дене мүшелерін, оларды рет - ретімен жапсыруды;

Игереді: қоянның дене мүшелерін, жейтін азық түрлерін.

Меңгереді:қыстыгүні даланы мекендейтін жануарды жапсыруды.

 

Просмотров: 1922


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст