АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ  "АЛТЫН ДӘН "БӨБЕКЖАЙЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ         "ЯСЛИ-САД "АЛТЫН ДӘН" СЕЛА ЖАЛТЫР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сәби тобының 8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілікГүл сыйлаймын, Анама!

06.03.2017

                             Гүл сыйлаймын,

Анама!

Жүрг:

Міне,бүгін наурыз айдың сегізі,

Сіздер үшін жылы сөздер лебізі.

Аналарға бұл күн өлең арналып,

Жүректерге жылы сөздер толады.

Құрметті аяулы әжелер,ардақты аналар және қыздар!

Бүгінгі 8-Наурыз әйел-қыздар мерекесіқұтты болсын!Сіздерге әлемнің

нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілеймін.Бүгін сіздердің алдарыңызда «Балапан

тобы» . «Гүл сыйлаймын, Анама» атты ертеңгілігін ашық деп жариялаймын.

Ән: 

«Айналайын мама»

Жүрг:

Гүлдер,гүлдер неге жайнайды?

Көктем келді!

Құстар,құстар неге сайрайды?

Алақай,алақай көктем келді!

Көктем:

Сәлем,сәлем,балақайлар.

Әзиз әже,назды аналар.

Қуаныңдар алақайлап,

Құстар әнін ала келдім.

Жерге кілем жаба келдім

Жан бітіріп табиғатқа

Гүлдерімді ала келдім.

Сәлеметсіңдерме балалар!Мерекелеріңіз құтты болсын аяулы аналар!

Жүргізуші:

Армысың,ару Көктем! Ортамызға қош келдіңіз.

Көктем:

Балалар,сендерді өнерлі,ақылды,шапшаң балалар деп естідім.Қане,сендердің

қаншалықты шапшаң екендігін көрейін.Сендер ойын ойнағанды жақсы көресіңдерме?

Ойын:  «Әжемнің жібі»

Ойынның шарты мынадай әжесімен немересі ортаға шығады,немересі әжесіне

жіпті әкеліп тұрады,әжесі оны жинап себетке салып тұрады.

Жүрг: 


Көктем ханшайымы төрімізге жайғасып ,балалардың өнерін тамашалаңыз.

Би:  «Кір жуғыш»

Жүрг:

Күтіп жүрген күні бүгін,

Аналардың күні бүгін.

Анашыма сыйлайын деп

Аналардың құрметіне арналған таппақтарды тамашалаңыздар.

Сұлтан:

Анашым,анам

Тіліңді алам

Жұмсасаң қайда

Мен сонда барам

Аяулым.

Келді көктем күнің

Мерекеңіз бүгін

Құттықтаймын сені

Алтын ойлы анам.

Амир:

Айналайын анам

Құшағы кең данам.

Сегізінші наурызбен

Құттықтайды балаң.

Ән: 

«Әжеме»

Муслим:

Анашым деп ән салам,

Анам бар деп мақтанам.

Құттықтаймын анамды,

Сегізінші наурызбен.

Алихан:

Сегізінші наурыз,

Әйел-қыздар күні.

Құттықтаймын сені,

Айналайын анам.

Әділет:

Күнім дейсің мені,

Айналайын әже.

Сегізінші наурызбен

Құттықтаймын әже.

Камила:

Күліп маған қарайды,

Жүрегі кең әже.

Сегізінші наурызбен

Құтты болсын әже.

Шаһмардан.

Маған өмір сыйлаған,

Ақылшым ол анашым

Күліп маған қарайды

Жүрегі кең данасын.

Дильназ:

Асыға күтіп жүргенім

Болар деп қашан мейрамың

Суретін салдым гүлдердің

Келді соны сыйлағым.

Би: «Бала-бала балапан»

Айару:

Тыңдасаңыз бар енді

Бұл күні мен алдымен

Құттықтаймын әжемді

Құттықтаймын гүл беріп

Өзімнің туған анамды.

Али:

Қорғаның болам білші

Не деген кеңсің әже

Ауырмай аман жүрші

Берекем сенсің әже.

Нурислам:

Асыл ана,гүл ана,

Ең жақыным ғана

Балаңды ойлап жүресің

Жүрегің сенің кең дала.

Айша:

Мен ұйықтарда айтады,

Ертегісін әндерін.

Біздің үйде осындай

Әжетайым бар менің.

Жүргізуші:

Кетті қысқы ызғар.

Еріп жатыр мұздар.

Мерекеңіз бүгін,

Қызғалдақтай ұл-қыздар.

«Гүлдер биін қабыл алыңыздар»

Жүргізуші:

Бұл күн бізге шоқ-шоқ гүлдер сыйлайды,

Барлық асыл сөзді теріп жинайды.

Бар биіктер біздікі боп бұл күні

Құшақтарға әсем гүлдер сыйлайды.

Балалар аналарына сыйлықтарын тапсырады.

Осымен біздің «Гүл сыйлаймын ,Анама»

атты мерекеміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!


Просмотров: 484


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст