АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ  "АЛТЫН ДӘН "БӨБЕКЖАЙЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ         "ЯСЛИ-САД "АЛТЫН ДӘН" СЕЛА ЖАЛТЫР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: « От - тілсіз жау!»

04.04.2017

Тақырыбы: « От - тілсіз жау!»

Мақсаты:балаларға өрт қауіпсіздігі ережесін

жетік білудің маңызын ұғындыру. Өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау

арқасында түрлі жазатайым апаттың алдын алуға болатыны туралы түсінік

беру.Ұқыптылыққа, зеріктікке және адамгершілікке тәрбиелеу. 

Керекті заттар: Сіріңке қорапшасы, жалын суреті

салынған от бейнесі, өрт сөндіруші машинасының макеті, нөл және бір саны

жазылған бас киім, от бейнеленген бас киім. 

 Балалар

біз бүгін қауіпсіздік ережелерінің бірі өрттің қаншалықты қауіпті екенін білеміз. 

От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От

- өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамағымызда піспейді, үйімізде

жылымайды. Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді. Бойымызда қуат болмаса

өмірге деген қызығушылығымыз жоғалады. Біздің ата - бабаларымыз шөбі көп жерді

отты жер деп бекер айтпаған. 

Отты жер - қуатты жер. Мал біткенге күш - қуат

беретін жер. Үйді қазақ халқы отпен теңестіріп отырған. 

Тұратын үйін отау, үй иесін – отағасы деп

атаған. Отсыз тоңып, жаураған

адам ешқандай еңбек те істей алмайды. 

Сонымен от - өміріміз десек те, оның әлемі

жайлаған алапаттың бірі - өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн.

Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің қалай күш

алып кеткенін де байқамай қаламыз. 

« Өрт –тілсіз жау» атты бөлімімізде өрттің шығу

себептері туралы айтамыз. Бұл тарауда сіріңке, темекі, үтік, газ суреттеріне не

айта аласыңдар? (сурет көрсетіледі) 

Өрттің шығу себептері:

1.Шылымның тұқылын сөндірмей тастаса; 

2.Шырпымен ойнаса; 

3.Үтікті қосып кетіп қалса; 

4.Газды ашық қалдырып кетсе; 

«Ойыннан от шығады» атты бұл бетте баланың

шырпымен ойнаймын деп, ойынның арты өртке айналғанын, өзі кеш түсініп бармағын

тістейтіні туралы сөз етеміз. 

Өрт қауіпсіздігін білу- әр оқушының міндеті.

Балалар ендеше біз қазір «көңілді суретші»

Ойынын ойнайық. Шарты: 2 адам қатысады. Байлаулы көздерімен

қатысушылыр сурет салуы керек. Мысалы: өрт сөндіруші машинасы.кім жақсы

салса,сол жеңіске жетеді.

От туралы мақал –мәтелдер айтайық. 

1.Отпен ойнама,күйерсің. 

2.Ойын түбі –от. 

1.Отын деген шөп болар, 

Жинай берсең көп болар. 

От жақпа-пісерсің, 

Ор қазба –түсерсің. 

 Балалар

естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады.

Бүгін сендер оттың дос та, жауымыз да бола алатынына көз жеткіздіңдер.

Естеріңде болсын: «Отпен ойнама, күйерсің», «Өрт – тілсіз жау». 

Ойын: «Болады – болмайды» 

Ойынның шарты: Қолдарыңа мына бағдаршамды

алыңдар. Қызыл түсті – болмайтын жағдайда көтересіңдер, ал жасыл түсті –

болатын жағдайда көтересіңдер. 

Өрт болғанда 101 нөміріне қоңырау шалуға............ 

Жанып тұрған сіріңкені тастауға............ 

Үлкендерді айқайлап көмекке шақыруға.......... 

Өрт шыққан жерде қалуға........ 

Басымызды, бет – аузымызды ылғал сүлгімен орауға............ 

Қорықпай өрт сөндірушінің айтқанын

тыңдауға.............. 

Көршілерден көмек сұрауға............ 

Ойын: «өрттен кейін» ойыны.

Әр командадан екі ойыншы алынады. Олар орындыққа отырады және

бір шеті бауға бекітілген катушканы қолына алады. Команда бойынша ойыншылыр

катушкаға шнурды орайды,бірінші аяқтаған жеңеді.ойынды бірнеше рет қайталауға

болады.

Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ

шықпайды, ол дұрыс пайдаланбағаннан болады. Бүгін сендер оттың дос та, жауымыз

да бола алатынына көз жеткіздіңдер.

Сонымен балалар Өрт болғанда  қандай нөмірге хабарлауымыз керек? 

Иә, 101 нөміріне

қоңырау шалуға болатынын ұмытпайық.

 

Просмотров: 509


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст