АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ  "АЛТЫН ДӘН "БӨБЕКЖАЙЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ         "ЯСЛИ-САД "АЛТЫН ДӘН" СЕЛА ЖАЛТЫР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Математика

16.05.2017

       Ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Ересек»  тобы 

«16.05» 2017 ж

Білім беру саласы: «Таным».

Бөлімі: «Қарапайым математикалық түсініктерді  қалыптастыру».

Тақырыбы: «Қарапайым таразының көмегімен  заттың салмағын өлшеу. Дүкендерде қолданатын

таразымен танысу»

Мақсаты:Қарапайым таразы көмегімен өлшеу

барысымен таныстыру, заттарды таразы арқылы салыстыруға үйрету. Ай аттарын,

уақытты дұрыс атау дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру; зейіндерін және

логикалық ойлауларын дамыту.

Көрнекіліктер: Көрнекі бейнеленген суреттер.

Сөздік жұмыс: салыстыру,

ажырата алу

Билингвальдық компонент: салмақ -вес, таразы –весы.

Оқу

іс-әрекет кезеңдері

 

Тәрбиешінің

іс - әрекеті

 

 

Балалардың

 іс - әрекеті


Мотивациялық- қозғаушылық

 

 

«Жеміс жидектер дүкенінде»

ойынын ойнату.

Ойынға деген қызығушылықтары пайда болады.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

Дәптердегі 1- тапсырмада

берілген таразыны қарауларын сұрау.Балалар онда ненің суретін көріп тұрғанын

айтады.

Неге таразы бір жағына

еңкейіп тұр?

Тақтада және үстелде балалар

цифр, таңба жазылған карточкалардан суретке байланысты жазулар құрастырылады.

Таразыны тексеру үшін не

істеуге болады?

11- кестенің көмегімен

осыған ұқсас жағдайлардың үлгісіне талдау жасайды.

Содан соң №2 тапсырма осыған ұқсас

орындалады.

Жеміс жидектерді салмағына

қарай таразыға дұрыс орналастырыңдар (жапсырыңдар).

Неге осындай жапсырмаларды

таңдап алыңдар?

Дүкендегі таразылар туралы

әңгіме жүргізеді. Оларды суреттен көрсетеді. Жылдың қандай мезгілінде ненің

пісетінін сұрайды.

Осы кезде ай аттарының

атауларын қайталаған тиімді. Өз аймақтарында өсетін жемістер мен

көкеністердің суретін таңдап алуға болады.


Дәптердегі  1-тапсырмаға қарап,

таразыға не салынғанын айтады. Таразының екінші жаққа неге еңкейгені туралы

қорытынды жасайды. Теңестіру нұсқасы ұсынылады. Бір жемісті алу немесе тағы

бір жеміс қосу.


 

Таразыға байланысты берілген

логикалық тапсырмаларды шығарады.

 

 

 

2- тапсырманы орындау үшін,

қажетті жапсырманы іздейді. Қорытынды жасайды. Дүкендегі таразылар туралы әңгімеге

қатысады.

 

 

 

 

 

Рефлексиялық-

түзетушілік

№3 тапсырмада берілген

кестедегі заңдылықты тауып, керекті машинаны жапсырады. Сондай ақ таразы

туралы әңгімемен жалғастырады.

Қай машина ауырырақ?

Оқушылардың іс әрекеті

қорытындыланады. Біз бүгін дүкенде болдық. Онда не сатылды?

(Жемістер мен көкеністер)

Ненің ауыр, ненің жеңіл

екенін не арқылы анықтадық.

Тәрбиеші орындаған

жұмыстарын мадақтап, сабақты аяқтайды.

№3  тапсырманы орындайды. «Ең үлкен, ауыр»

деген қорытынды жасайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі : салмақты

таразыда өлшейтіндігін, таразыны теңестіру үшін, таразы табағына зат қосу не

затты алу керектігін;

 Игереді

 : дүкендегі таразылар, таразыда

затты өлшеу барысы туралы түсінікті;

меңгереді: таразы бойынша

теңдік және теңсіздік құрастыру, ауыр заттың таразының қай жағында екенін

анықтауды (қай табағы төмен болса).

 

 

 

Просмотров: 1239


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст