«Жазғы
бояулар».
Мақсаты: Балалардың жаз
мезгілін салуда керекті бояу түрлерін дұрыс таңдай білуге үйрету, білімдерін
кеңейту. Суретті қағаз бетіне дұрыс орналастыруларына көңілдерін аудару.
Қызығушылық сезімдерін ояту. Тазалыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: жыл
мезгілдерінің суреттері,ақ қағаз, түрлі-түсті бояулар, қарындаштар, қылқалам,
орамал, хат.
Сабақты ұйымдастыру:
-Балалар,
бүгін біздің балабақшаға хат келіпті . Қараңдаршы,өзі өте үлкен,әрі әдемі екен.Хат
алыстан сібір пенгвиндерінен келіпті, хатта не жазылғанын білгілерің келе ме?
Балалар:
Ия.
(тәрбиеші
хатты оқиды).
Құрметті
балалар, сәлеметсіңдер ме, біз алыстан сібірден
пингвиндер сендерге хат жолдап отырмыз. Сендер өте әдемі ақылды бала
екендеріңді білеміз. Сендер ән де айтасыңдар , би де билейсіңдер ,суретте
саласыңдар. Біз де сібірде сурет мектебінде оқимыз. Сендерден көмек сұраймыз ,
бізге сурет мұғаліміміз жаздың суретін салуға тапсырма берді, ал бізде Сібір
болғандықтан өмір бойы қар жатады, біз
жазды қалай суреттеу керек екендігін де білмейміз. Сендерден көмек сұраймыз.
Сау
болыңдар, балалар.сендерден хат күтеміз.
Тәрбиеші:
-Балалар,
пингвиндерге көмектесеміз бе?
Ендеше
мына суреттерден жаз мезгілінің суретін
тауып көрейікші.
Өте
жақсы.Ендеше өзіміздің қиялымыз ойымыз бойынша жазды суреттейік.
Балаларға
көмек көрсету.
Балалар
өз ойларынша жазды бейнелейді.
-Қане,
балалар, салған суреттерің туралы айтайықшы.
Жарайсыңдар,
балалар!
Өте
керемет балалар, енді пингвиндер сендерге риза болатын болды. Сурет мұғаліміне
де суреттерін көрсететін болды.
Балаларды
мадақтау.