АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ  "АЛТЫН ДӘН "БӨБЕКЖАЙЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ         "ЯСЛИ-САД "АЛТЫН ДӘН" СЕЛА ЖАЛТЫР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үйірме жұмыс

12.02.2019

            Орындаған: Ересек тобының тәрбиешісі Досымова Н.С                                         

                                                                           Ересек  топ

Тақырыбы

Мақсаты

Сағат саны

Мерзімі

1

Амандасу түрлері

Амандасу түрлерімен таныстыру, «Қайырлы таң!», «Кеш жарық!», «Жайлы жатып жақсы тұр!» т.б. айтуға үйрету.

1

03.09.2018

2

Табиғат құбылыстары

Күз туралы түсініктерін шыңдай отырып, табиғат құбылыстарының атауларымен таныстыру.

1

05.09.2018

3

Біздің еліміз

Еліміз туралы түсініктерін кеңейту, елдікке байланысты айтылған нақыл сөздің мағынасын түсіндіру.

1

17.09.2018

4

Үй Жануарлары

Үй жануарлары туралы түсініктерін бекіту, үй жануарлары төлдерін дұрыс атай білуді үйретуді жалғастыру. Үй жануарларының беретін пайдасы туралы түсінік бере отырып, білімдерін толықтыру. Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Үй жануарларына деген сүйіспеншілік сезімге және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

1

20.09.2018

5

Ұннан жасалған ұлттық тағамдар

ұлттық тағамдар туралы түсіндіру, ұннан, жасалған тағамдарды ажырата білуге үйрету.

1

01.10.2018

6

Жыл мезгіліне қатысты тілектер

Жыл мезгілдерінің атауларымен таныстыра отырып, жыл мезгіліне қатысты айтылған тілектердің мағынасын түсіндіру.

1

04.10.2018

7

Халық шеберлері

Шебер жайлы түсініктерін кеңейте отырып, ағаш шебері, зергер, тігінші мамандықтары туралы түсіндіру, олардың қолынан шыққан бұйымдармен таныстыру.

1

15.10.2018

8

«Түлкі, түлкі, түлкішек» (сұрамақ)

Сұрамақтың мағынасын түсіндіру, диолог түрінде сахналап айтуға үйрету.

1

18.10.2018

9

Ұлттық үй жиhаздары

Үй жиhаздары туралы түсініктерін кеңейту, ұлттық үй жиhаздары сандық, ағаш төсек, сырмақ, түскиіз т.б.  таныстыру.

1

29.10.2018

10

Су-тіршілік көзі

Судың тіршілік көзі екенін түсіндіре отырып, суға қатысты айтылған нақыл сөздердің мағынасын түсіндіру, жадында ұстауға үйрету.

1

1.11.2018

11

Батырлар және олардың қару-жарақтары

Батырлар туралы түсініктерін жетілдіре отырып, батырлардың қару-жарақтармен (садақ, қалқан, қылыш т.б.) таныстыру.

1

12.11.2018

12

Дала хайуанаттары

Дала қайуанаттары туралы білімдерін кеңейту, қалай дыбыс шығаратыны жайында түсіндіру.

1

15.11.2018

13

Еттен жасалған ұлттық тағамдар

Ұлттық тағамдар туралы түсіндіру. Еттен жасалған  тағамдармен таныстыру. Тамақтың адам денсаулығына маңызын түсіндіру.

1

26.11.2018

14

Қыс мезгілі

Қыс мезгіліне байланысты өтірік өлеңдердің мағынасын түсіндіру, жатқа айтуға үйрету.

1

29.11.2018

15

Қожанасыр атаның күлдіргі оқиғалары

Қазақ ертегісінің кейіпкері- Қожанасыр туралы қызықты әңгімелерін сахналау негізінде көрсету арқылы балалардың дүниетанымдарын кеңейту.

1

10.12.2018

16

Қайталау сабағы

Өткен материалдарды пысықтау, қайталау.

1

13.12.2018

17

Сүттен жасалған тағамдар

Сүттен жасалған тағамдардың атауларымен таныстыру. Дәміне, көлеміне қарап ажырата білуге үйрету.

1

24.12.2018

18

Қыс (маусымдық жыр)

Қыс туралы түсініктерін кеңейту. Қыс туралы маусымдық жырдың мағынасын түсіндіре отырып, екі шумағын жатқа айтуға үйрету.

1

27.12.2018

19

Алдаркөсе атамыздың байды алдауы

Қазақ ертегісінің кейіпкері-Алдаркөсе туралы түсінік бере отырып, айтылған аңызды түсіндіру.

1

07.01.2019

20

Ормандағы аңдар

Аңдар туралы түсініктерін кеңейту, аңдар туралы жұмбақтардың мағынасын түсіндіріп, жұмбақ шешіге үйрету.

1

10.01.2019

21

Қазақтың өлшемдері

Қазақ халқының қол өлшемдерімен таныстыру. (қос уыс, бір уыс, шөкім, шымшым).

1

21.02.2019

22

Қысқы құбылыс

Қыста болатын құбылыстар туралы білімдерін жетілдіру, қар, мұз, қырау жөнінде түсінік беру.

1

24.02.2019

23

Ұлттық көліктер

Ұлттық көліктер – арба, атарбамен балаларды таныстыру, басқа көліктен айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырата білуге үйрету.

1

04.02.2019

24

Қайсысы қайда тұрады?(сұрамақ)

Ағасы мен қарындасының әңгімесінен туған сұрамақтың мағынасын түсіндіру. Жануарлардың қайда тұратыны туралы түсініктерін жетілдіру.

1

07.02.2019

25

Менің туыстарым

Балаларды туыстық атауларымен таныстыра отырып, дұрыс атауға, оларды бір-біріне ажырата білуге үйрету. (нағашы ата, нағашы әже, нағашы аға, нағашы әпке).

1

18.02.2019

26

Гүл өссе, жер көркі

Жалпы өсімдіктердің, гүлдің адам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып, гүлге байланысты мақалдардың, тыйым сөздердің мағынасын түсіндіріп, жадында ұстауға үйрету.

1

21.02.2019

27

Наурыз-жыл басы

Наурыз мерекесі жайында түсініктерін кеңейте түсу, мереке қарсаңында болатын іс-шаралар жөнінде мағлұматтар беру.

 

1

04.03.2019

28

Хайуанаттар дүниесін елестетіп ойнайтын ойындар «Ақ серек, көк серек»

Ұлттық ойындар туралы түсіндіре отырып, «Ақ серек, көк серек» ойыны арқылы жануарлар жөніндегі түсініктерін кеңейте түсу.

1

07.03.2019

29

Дастархан басында жасалатын бата

Бата-тілек туралы түсінік бере отырып, дастархан басында жасалатын батаның мазмұнын түсіндіру, дастархан басында бата жасауға, мәдениетті тамақтануға үйрету.

1

18.03.2019

30

Табиғатты аялаймыз

Табиғат туралы түсініктерін кеңейте отырып, табиғатты қорғауға қатысты айтылған ырымдар мен тыйым сөздермен таныстыру.

1

21.03.2019

31

Көктемгі табиғат көркі

Көктем туралы түсініктерін кеңейту, табиғатқа байланысты айтылған нақыл сөздердің мағынасын түсіндіру.

1

01.04.2019

32

Жыл құстары

Жыл құстары туралы білімдерін кеңейте отырып, құстар туралы айтылған нақыл сөздердің мәнін түсіндіру.

1

4.04.2019

33

Табиғи денелерді қолданып ойнайтын ойындар «Асық ойындары»

Асықпен таныстыра отырып, асық ойындарымен таныстыру. Бірнеше асық ойындарын ойнау

1

15.04.2019

34

«Кешікпей жаз келеді»

«Жаз» туралы балалардың білімдерін толықтыру, «жаз» туралы өлең мазмұнын түсіндіре отырып, жатқа айтуға үйрету.

1

18.04.2019

35

Тазша баланың өтірік өлеңдері

Тазша бала туралы түсінік бере отырып, өтірік өлеңдерді талдау арқылы шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету.

1

29.04.2019

36

Табиғат таңғажайып әлемі

Балалардың табиғат жайлы ұғымдарын тиянақтау, табиғатта болатын таңғажайып құбылыстарды бақылай білуге үйрету. Табиғаттысүюге, аялауға, оғанқамқор бола білугетәрбиелеу.

1

02.05.2019

 

37

Табиғат біздің досымыз

Балаларға табиғат, тіршілік, коршаған орта арасында байланыс жайлы  түсініктерін қалыптастыру, балаларға өлі және тірі табиғат жөнінде мағлұмат беру, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге үйрету. Балалардыңойлауқабілеттерін дамыту.

1

13.05.2019

38

Өткен сабақтарды қайталау

Өткен сабақтарды қайталау,балалардың білімдерін тиянақтау.

1

16.05.2019

 

Барлығы

 

38

 

 

Просмотров: 510


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст