АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ  "АЛТЫН ДӘН "БӨБЕКЖАЙЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ         "ЯСЛИ-САД "АЛТЫН ДӘН" СЕЛА ЖАЛТЫР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ "Санау әдістері"

12.02.2019

Өткізді: Закирина А.Т

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: ҚМҰҚ

Тақырыбы: Санау әдістері

 Мақсаты: 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру

 Көрнекілігі: сиқырлы қорапша, жүгері жармасы, таратпа цифрлар.

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру, қызықтыру, сұрақ-жауап.

Екі тілділік: сан-цифр, бір –один, екі-два, үш-три, төрт-четыре, бес-пять, алты- шесть,  жеті – сем, сегіз – восемь, тоғыз – девять, он – десять. 

Іс-әрекет кезеңдері:

Мотивациялық қозғаушылық:

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

      -Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдар болғанын бәріміз ұнатамыз иә.

      -Ендеше көңіл-күйімізді көтеріп алу үшін шаттық шеңберін орындайық

 

Шаттық шеңбері:

                 Күннің көзі ашылсын

                 Көкке шуақ шашылсын

                 Құтты қонақ  келіпті

                 Ал қанекей бәріміз

                 «Қош келдіңіздер» баршаңыз.

Ұйымдастыру ізденушілік:

-Балалар, біз қандай ертегілерді білеміз?

-Ал бізге қатты ұнайтын ертегінің аты қандай?

 Сол ертегі кейіпкерлерінен бізге хат келіпті.

      Мен сендерге осы хатты оқып берейн.

-Салеметсіндерме балалар! Балалар сендер бізді тура және кері санауға үйретулерінді сұраймыз? Біз сендерге тапсырмалар жібердік. Осы тапсырмаларынды мұқият тындап орындауларынды сұраймыз.

- Балалар көмектесеміз ба ертегі кейіпкерлеріне?

-Ол үшін балалар барлығымыз 1-ден 10-ға дейін тура және кері санап шығайық

  1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 - тура, 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 - кері санайды.

 

-Қоянның тапсырмасын орындайық «Көршісін тап» ойыны.

 

Қасқырдың тапсырмасын орындаймыз «Сиқырлы қорапша» ойыны

Қол қимылының бағыты ауада пысықталады,содан кейін үстел үстінде саусақпен  орындалады.

-Қасқыр бізге «Сиқырлы қорапшасын» беріп жіберіпті. Мен сиқырлы қорапшаны лақтырып жіберемін. Партаға қай цифр жазылған беті түседі, біз:

         1. Түскен цифрды ауада саусақпен жазамыз

         2.Цифрды мұқият жүгері жармасына саусақтың көмегімен жазамыз.

 

 

 

 

 

 

Сергту сәті:

                                  Қызық – қызыл - қасқырдан тығыл.

                                  Сары – сары - шашылды тары.

                                  Қара – қара - шашынды тара.

                                  Көк – көк - суынды төк.

                                  Қоныр – қоныр - орнына отыр.

 

Рефлексивті түзетішілік

Қорытынды.

Қызықты сұрақтар

                  1.Аспанда неше күн бар?

                  2.Бағдаршамда неше көз бар?

                  3. Адамда неше қол бар?

                  4. Аспанда неше ай бар?

                  5.Екі қояның неше құлағы бар?

                  6.Топтата неше тақта бар ?

                  7.Адамда неше көз бар?

 

Балаларды мадақтап, оқу іс-әрекетін қорытындылау.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: 1-ден 10-ға дейінгі сандар және цифрларды, реттік және сандық                                      есептеуді.

Нені игерді: 1-10 цифрларының жазылуын, санаған кезде заттың орналасқан орнына бағынбайтыны туралы,санау тәртібі туралы түсінікті: санаған кезде бірде бір затты қалдырып кетуге немесе бір затты екі рет санауға болмайтынын;

Нені меңгерді: 1-ден 10-ға дейін және 10-нан 1-ге дейін тура және кері санауды, солдан оңға, оңнан солға қарай реттік санауды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 386


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст