Күні:20.05.2021
Білім саласы: Әлеуметтік орта
Білім бөлімі: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: 4 мезгіл
Мақсаты: Табиғатта өзін-өзі ұстау ережесімен таныстыруды және балаларды табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға ынталандыруды жалғастыру.
Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, қайталау, көрнекілік әдістері.
Көрнекілік: 4 жыл мезгілінің суреттері
Әрекет кезеңі |
Тәрбиеші қызметі |
Ұйымдастырушылық-қозғаушы |
Шаттық шеңбері. Қуан, шаттан! Қуан, шаттан! Қуанатын күн бүгін. Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін. |
Ұйымдастырушылық-ізденушілік |
Тәрбиеші: -Балалар бір жылда неше жыл мезгілі бар? -Қандай жыл мезгілдерін білесіңдер? -Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу қызметіміз: «Жыл мезгілдері» деп аталады. Төрт жыл мезгілдерінің бейнесі бейнеленген ағаштар арқылы сұрақтар қойылады. -Әр жыл мезгілдеріңнің өз ерекшеліктері туралы атап кетеді. Тәрбиеші: -Қазір жылдың көктем мезгілі. -Көктем күн қандай болады? -Балалар қалай киінеді -Аяқтарына не киеді? Көктемнен кейін қай мезгіл? -Жарайсыңдар көктем мезгілінің ерекшеліктерің атаңдаршы?
-Жарайсыңдар балалар! Тәрбиеші: -Енді жаз мезгілі қандай болады? Жазда күн қандай болады? -Жарайсыңдар балалар -Балалар қай мезгілде жапырақтар сарғаяды? -Жарайсыңдар, балалар күз мезгілінің ерекшеліктерін атаңдаршы? -Жарайсыңдар, балалар!
Дидактикалық ойын: «Сәйкестендір» Шарты: жыл мезгілінің суретіне ерекшеліктерін сәйкестендіреді. -Балалар мен сендерге жыл мезгілдерінің суреттерін көрсетем, ал сендер суреттер арқылы қай жыл мезгіліне қайссы сурет сәйкес келеді соны анықтайсыңдар. Сергіту сәті: «Топ-топ» әні Тәрбиеші: - Балалар, сендерге көп рахмет, мен сендердің жыл мезгілдерін бір - бірінен ажырата алатындарыңа қуанып отырмын. Сурет бойынша да мен туралы әңгіме құрастыра алатындарыңа да көзім жетті. Мен осы суреттерді сендерге сыйлаймын, үнемі осы сияқты суреттермен әңгіме құрастырып, тілдеріңді жаттықтырып жүріңдер! - төрт. - қыс, көктем, жаз, күз. -Қызыға қарайды. Қызыға әрі таңдана қарайды Қуанады! |
Жетекші-жөндеуші |
Балалар, бүгінгі оқу қызметіміз ұнады ма? -Біз не туралы айттық? -Дұрыс айтасыңдар, жылда неше мезгіл бар екен, оларды атайықшы қане? -Ал, қазір жылдың қай мезгілі екен? -Дұрыс, жарайсыңдар балалар, бүгінгі ашық оқу қызметіміз аяқталды. |
Күтілетін нәтиже:
Білу қажет:көрнекіліктерді қолдана отырып, жыл мезгілдерінің белгілерін өздігінен табуды,тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруді.
Қалыптасқан түсініктер: жыл мезгілдері белгілері туралы.
Орындаушылық қабілеті: жыл мезгілдерінің аттарын