Күні: 13.11.2020
Топ: Кезекші
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: ҚМҰҚ
Тақырыбы: 2 және 3 сандарды салыстыру
Мақсаты: Өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтай білу, заттарды оң қолымен солдан оңға қарай орналастыру, өзінің дене бөліктерін бағдарлау және атау(бас, аяқтар, қолдар). 3 санымен таныстыруды жалғастыру.
Әдіс-тәсілі:әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын, бағалау, қорыту.
Көрнекіліктер: 1, 2, 3 сандарының карточкасы; 1, 2, 3 сандарына байланысты суреттер.
Сөздік жұмыс: бір-один-one, екі-два- two, үш-три-three.
Мотивациялық-қозғаушылық
Тәрбиеші: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін бізге қонақтар келді. Алдымен оқу қызметін бастамас бұрын, келген қонақтармен амандасып алайық.
Шаттық шеңбер:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қарсы алайық, достарым!
Келді қонақ бізге.
Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, балалар! Ал, енді орнымызға отырып, оқу қызметіне дайындалайық. Бүгінгі біздің тақырып, 2 және 3 сандарды салыстыр. Қане, кім санау біледі?(жылаған дыбыс естіледі). Балалар сендер дыбысты естіп тұрсыңдар ма? Біреу жылап жатқан сияқты. Бұл Буратино ғой. Не болғанын сұрап көрейік.
Тәрбиеші: - Сәлеметсің бе, Буратино?! Сен неге жылап жүрсің?
Буратино: - Сәлеметсіздер ме! Мен кілтімді жоғалтып алдым, кім алып кеткенін білмеймін, соған көңіл-күйім түсіп, жылап жүрмін. Маған кілтімді табуға көмектесіңіздерші.
Тәрбиеші: - Еш уайымдама Буратино. Балалар, сендер Буратиноға көмектесеңіздер ме?
Балалар: - Иә.
Тәрбиеші: - Бірақ, кілтті тезірек тауып алу үшін, бірнеше тапсырмаларды орындайық.
1– тапсырма: Тура және кері сана.
Мақсаты:1-ден 3-ке дейін тура және кері сана.
2 – тапсырма: Есепте
Мақсаты: Берілген есептерді дұрыс шығар.
Тәрбиеші: - Балалар, шаршадыңдар ма? Шаршасақ, сергіту сәтін орындап алайық.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Дөңгелекті құрамыз.
Қолымызбен шапалақтап,
Аяқпенен ұрамыз.
Буратино: - Менің кілтім әлі табылмай жатыр ғой. Енді кілтімді таппайтын да шығармын.
Тәрбиеші: - Буратино, сен уайымдама. Кілтіңді міндетті түрде табамыз. Солай ма, балалар? Солай болса, онда келесі тапсырмамызды орындайық
3 – тапсырма: Карточкамен жұмыс.
Берілген суреттегі заттарды салыстыр.
Тәрбиеші: - Балалар, тапсырма орындап шаршадыңдар ма? Онда ойын ойнайық.
Ойын: «Кілт»
Мақсаты: Берілген сандарды қатарымен дұрыс қой.
Тәрбиеші: - Балалар, суретте не көріп тұрсыңдар? Буратино, мына кілт сенің кілтіңе ұқсамайды ма?
Буратино: - Иа, бұл менің кілтім. Балалар, сендерге үлкен рахмет. Сендер маған кілтімді табуға көмектестіңдер. Енді жоғалтпауға тырысамын. Енді, мен өзімнің үйіме қайтайын.
Тәрбиеші: -Міне, балалар, Буратиноға көп көмек көрсеттіңдер. Кілтін тауып бердіңдер. Буратиномен қоштасып, шығарып салайық. Сау бол, Буратино!
Буратино: -Сау болыңдар!
Саусақ жаттығуы: Мысық біздің саққұлақ.
Мақсаты: Тышқанды жақсы есту үшін ортаншы және төртінші саусақтар бас бармаққа тіреледі, сұқ саусақ және кішкентай саусақ жоғары қарайды.
Дәптермен жұмыс: «3 санын штрихта»
Мақсаты: 3 санын жазылуын көрсетіп, үйрету.
Қорытынды:
Тәрбиеші: -Өте жақсы, балалар, жарайсыңдар! Оқу қызметіне жақсы қатысқандарың үшін, мен сендерге күлкі сыйлаймын. Барлық сабаққа жақсы көңіл-күймен қатысып жүріңдер. Ал, енді, келген қонақтармен қоштасайық.
Жүректен-жүрекке:
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық.
Сау болыңыздар!
Тәрбиеші: -Осымен біздің оқу қызметіміз аяқталды. Барлықтарыңа рахмет!