АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ  "АЛТЫН ДӘН "БӨБЕКЖАЙЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ         "ЯСЛИ-САД "АЛТЫН ДӘН" СЕЛА ЖАЛТЫР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тіл дамыту

02.02.2017

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«Ересек» тобы  01.02.2017ж

Білім саласы: Қатынас.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Н», «м»

дыбыстары.Қыс ( А. Құнанбаев).

Мақсаты: мазмұны бойынша

әңгімелесуге үйрету; балалардың өз сөзімен суреттеп, сөйлей білу қабілеттерін

дамыту; еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: жұмыс

дәптері.

Сөздік жұмыс: мылқау.

Билингвальді компонент:соқыр-слепой, мылқау-немой.

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

-Балалар, мен

бүгін Аязды көрдім.

-Ол: «Қыс мезгілі

келгеніне балалар қуанды ма?»-деп сұрады.

-Мен: «Әрине,

қуанды»,-дедім.

-Сендер

қуандыңдар ма?

-Ендеше мына

күміс қоңырауды ал да, балаларға бер, қоңырауды сылдырлатып, қыс келгеніне

қалай қуанғандарын білдірсін. Қысқы мерекелерді, ойын түрлерін айтып,

қоңырауды сылдырлатсын. Мен терезеден қарап тұрамын, әйтпесе қатты боран

соғып, аяз қысады,-деді.

-Кәне, балалар,

Аяздың айтқанын орындаймыз ба?

Орындамасақ,

Аязды ашуландырып алармыз.

-Өте жақсы,

балалар. Қыс мезгілінің келгеніне қатты қуанғандарыңды Аяз да көріп, риза

болып қалған шығар.

-Иә, әрине,

қуандық!

 

-Иә,орындаймыз.

Балалар қоңырауды

кезек-кезек алып, қыс мезгілінің келгеніне қалай қуанғандарын білдіреді.

-Алақай, алақай,

қыс келді!

-Алақай, алақай!

Жаңа жыл келді.

-Алақай, алақай!

Шаңғы тебеміз.

-Алақай, шанамен

сырғанап, коньки тебеміз.

-Алақай, алақай!

Аққала жасаймыз.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Көркем әдебиет.

-Балалар, бүгін А.

Құнанбаевтың шығармаларының бірімен танысамыз. Ол –қазақтың ұлы ақыны. Жылдың

төрт мезгіліне де арнап өлең жазған. «Жазғытұрым», «Жаз», «Күз», «Қыс». Біз

бүгін қыс мезгіліне арналған «Қыс» өлеңімен танысамыз.

Суреттер

көрсету.Өлеңді мәнерлеп екі рет оқып беру.

Ақ киімді,

денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау,

танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ

қырау, түсі суық,

Басқан жері

сықырлап, келіп қалды.

-Өлеңді оқып

жатқанда көз алдарыңа кімді елестеттіңдер?

 

-Иә, балалар,

Абай  атамыз өлеңде қысты үлкен

қарияға, яғни шалға теңеп отыр.

-Қалай

ойлайсыңдар, қарияны Абай атамыз не үшін ашулы, соқыр, мылқау түрінде

бейнеленген?

 

 

Билингвальды компонент: соқыр-слепой, мылқау-немой.

-Қыс мезгіліне

қай кезде дайындалуымыз керек?


 

-Қыстың қаһарына

ұшырамас үшін адамдар не істейді?

 

 

 

-Ауыл адамдары малдарын

қысқа қалай дайындайды?

 

 

Сергіту сәті.

Боран гулеп

соғады,

Айналаны орады.

Баста-тымақ,

Үстінде – тон,

Қайсар қалай

тонады?

Аяғында-саптама,

Өзіне дәл, шақ

қана.

Қолда-қамшы,

астында-ат.

Мақта, мейлі

Мақтама.

Қайсар бейне

атамдай.

Қой қайырған шопандай.

 

 

-Бүгін «н», «м»

дыбыстарымен танысамыз. Бұл екі дыбыс-үнді дауыссыз дыбыстар.

«М»дыбысының

дұрыс артикуляциясы: ерін бір-біріне қатты тиеді, кішкене тіл төмен түсіп,

демнің мұрын арқылы шығуынан жасалады.

«М»дыбысының

дұрыс айтылуын қадағалау.

Ма-ма-ма- қыс

деген бұл шалма.

Ма-ма-ма-апорт

тәтті алма.

«Н»дыбысының

дұрыс артикуляциясы: ерін сәл ашылып, жіңішкерген тіл үстіңгі тістердің

түбіне тиеді. «Н» дыбысының дұрыс айтылуын қадағалау.

На-на-на-шана.

Ян-ян-ян-жүгіріп

жүр қоян.

Ан-ан-ан-тастама жерге

нан.

Он-он-он-киіп ал

сенде тон.

Д/О «Суретті жалғастыр».

Мақсаты: салынған

суретті тез жалғастыр, жылдамдыққа үйрету.

Жұмыс дәптерімен

жұмыс.

Жеке жұмыс

жүргізіледі.

Балалар тыңдайды.

-Жасы үлкен,

денесі де үлкен, көзі көрмейтін, құлағы естімейтін, сөйлемейтін, ақ сақалды,

ашулы қарияны елестеттік.

 

-Өйткені қыс

суық.

-Қысқадайындалмағандарға

жанашырлық көрсетпейді, аямайды.

 

 

Қайталайды.

-Қыс мезгіліне

дайындықты көктемнен бастап, жаз,күз мезгілдерінде дайындалады.

 

-Егін егеді,

бақшаға көкөністер егеді. Жаздай баптап, күзде жинап, қыста жейтін тосап,

салаттар жасайды.

-Малы барлар шөп

шауып, жинап алады.Әйтпесе қатал қыста малдар аштан өледі. Малға қыста жылы

қора жасайды.

Өлең мазмұнына сәйкес

қимылдар жасайды.

Орнынан

тұрып,қолды екі жаққа созып айналады. Басын ұстап,үстін сипалап

көрсетеді.Қолдарын екі жаққа жаяды.Қол белде, екі аяғын кезек-кезек созып

көрсетеді.Оң қолын жоғары, сол қолын жүген ұстағандай алға-артқа

қозғап,орнында алға, артқа шабады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар

қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойынды ойнайды.

 

 

Балалар

дәптердегісуретті аяқтап салады.

Рефлексиялық-түзетушілік

-Бүгін кімнің

шығармасымен таныстық?

-А.Құнанбаев қай

мезгілдерге арнап өлеңдер жазған?

 

 

-Қандай

дыбыстармен таныстық?

Өзін-өзі бағалау.

-А.Құнанбаевтің

шығармасымен.

-Жылдың төрт

мезгіліне арнап өлең жазған.

 

-«М», «н» үнді,

дауыссыз дыбыстарымен таныстық.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қоңырау соғып,

қуаныш сезімін білдіреді; суретті жалғастырып салуды.

Игереді: өлең мазмұнын,

«м», «н» дыбыстарының үнді дауыссыз дыбыс екенін.

Меңгереді: көргенін

әңгімелеп айтуды, сұраққа жауап береді.

 

Просмотров: 658


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст