АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ  "АЛТЫН ДӘН "БӨБЕКЖАЙЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ         "ЯСЛИ-САД "АЛТЫН ДӘН" СЕЛА ЖАЛТЫР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жеті жас дағдарысы

15.06.2017

Жеті жас

дағдарысы. 



Тәрбие бесіктен басталады. Баланың педагогикалық-психологиялық тұрғыда басынан

үш дағдарыс кезеңі өтеді. Бірінші дағдарыс 3 жаста, екіншісі — 7 жас, үшіншісі

12-13 жастар шамасында болатын «өтпелі кезең». Осы кезеңдердің барлығынан дұрыс

өткізу үшін ата-ана зейін қойып, оларға демеу болуы керек. 3 жастағы дағдарыста

баланың олармен тығыз байланысқа түсетін кезі. Сондықтан ол сұраған кез келген

сұраққа нақты, дұрыс жауабын берген абзал. 7 жастағы дағдарыс кезеңі баланың

мектепке баруымен тұспа-тұс келеді. Оқу кезеңіне аяқ басқан баламен мектепке

бейімделуі үшін өте көп жұмыс жасау керек. Ойын баласынан оқу баласына айналуы

үшін әке мен шеше баланың басы-қасында жүруі тиіс. Үшінші кезеңде қыздардың да,

ұлдардың да жаман әдеттер мен жақсы әдеттердің біріне үйір болатын, еліктегіш

келетін ең қиын кезеңі. Мұнда да ата-ана баламен сырлас болуы шарт. Оның

үстіне, әсіресе қыз балаларға келгенде біздің өзіміздің ұлттық тәрбиенің

ерекшелігі, қазақы менталитеттің жүйесі көрініс табуы керек. Бал темекі, анаша,

арақ-шарапқа үйір болып кетпес үшін ата-ана оны көзден таса қалдырмауы керек.

Сұраған нәрсесін беретін ата-аналар өз балаларын жігерсіз болып, қиындықтарға

төзе алмайтын етіп тәрбиелеуде. Өткенде ғана бір бала ата-анасы телефон сатып

алып бермегені үшін өз-өзіне қол жұмсаған. 


Сондықтан баланың басқа нәрсе ойлауға мұршасы болмайтындай етіп күн тәртібін

жасаған дұрыс. Уақытын сағат-сағатқа бөліп, бос орын қалдырмау керек. Қыздарға

ісмерлік істер, тоқыма, музыка үйірмелері, биге баулыса жарасады. Мұндай істер

олардың өмірге деген қызығушылығын оятар еді. 


Мектепке дейінгі кезеңді алсақ, онда «ойын» негізгі әрекет екенін білеміз.

Қабылдауды алсақ, қабылдау қабілеті мектепке дейінгілерге қарағанда недәуір

қалыптасып қалған, мектепке түскен 7 жасар баланың бойы әрі қарай өсе береді,

салмағы артады, бұлшық еті дамиды, сүйегі қатая түседі. Біраз уақыт шаршамай

жұмыс істеуге шамасы келеді, жүріс-тұрысы оңтайлана, жылдамдыққа бейімділігі

бұрынғысынан әлдеқайда артады. Баланың үй іші жұмыстарын орындауға да шамасы

келеді (үйді жинастыру, өсімдіктерді баптау). Осы жастағы балалар

қимыл-қозғалысқа өте бейім келеді. Баланың осы табиғи қажетінің орындауына ылғи

да мүмкіндік беріп отырған дұрыс. Оған үзіліс кезінде де, сабақтан келгеннен

кейін де, сабақтан келгеннен кейін де жүгіріп ойнауына тыйым салуға

болмайды. 


Әрбір ата-ана 7 жастағылардың қимыл-қозғалыстарының әлі де болса, тәртіпке

түспегендігін, ескеруі тиіс. Бұлардың жүрісі, мәнерлі қозғалыстары әбден

оңтайлы, ширақ бола тұрса да, саусақтарының уақ еттері әлі де толық дамып

жетіспеген. Сондықтан да олар дәл қимыл-қозғалыстарға шорқақ (инені сабақтай алмау,

қайшы мен пышақты ұстаудағы епсіздіктер). Балаға саз бен пластилиннен мүсіндер

жасату, сурет салдыру, доппен ойнату, ине, түйреуіш, пышақ, қайшымен жұмыс

істеуді үйрету арқылы мұғалім оның қолының уақ еттерін шынықтыра түседі. Бірақ

балаға тым ұзақ уақыт жаздырудың да қажеті шамалы. 


Заттың нақты бейнесіне сүйену-осы жастағы бала психикасының басты ерекшелігі.

Сабақты үнемі көрнекілікке негіздеуге де болмайды. Сондықтан сөз бен көрнекілік

ұштасып келгені дұрыс, көрген-білгенін есте жақсы сақтай алады. Олар көбінесе

ашық боуялы, қимыл-қозғалысты, нақтылы нәрселерді ұмытпайды. Ол өзіне қажетті

(әсіресе, ойынға байланысты) нәрселерді есіне сақтауға тырысады. Балаға әр кез

тиісті нұсқау беріп отырмаса, онда арнайы түрде байқай алу, байқағыштық қасиет

қалыптаспайды. Егер мұғалім баланың қабылдауын ұдайы бағыттап отырмаса, оның

дамуы жүйемен жүріп отырмайды. Мысалы, балаларды экскурсияға шығарғанда,

мұғалім осы арадағы көріністерді байқаңдаршы дер тапсырманы жиі берсе, олар

көзіне не ілінсе, соны ретсіз айта береді. Кейін 2-ші экскурсияда мұғалім осы

арада қандай өсімдіктер өседі екен, соны байқаңдаршы деп арнаулы тапсырма

бергенде, балалардың жауабы нақтылана түсетін болады. Мұндай жағдайда оқушылар

түрлі өсімдіктердің атын айтып береді, ол өсімдіктерді бұрын көрген

өсімдіктермен

салыстырады. Бақылаған заттың суретін салады. Мұндай әдіс затты жан жақты

танып білуге мүмкіндік береді, балаларды байқағыштыққа үйретеді. 

Мұндай жаттап-алушылық оқу тәсілін білмегендіктен, нені қалайша есте қалдыру

қажетін сезінбегендіктен туындайтын қасиет.

 

Просмотров: 2784


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст