АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ  "АЛТЫН ДӘН "БӨБЕКЖАЙЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ         "ЯСЛИ-САД "АЛТЫН ДӘН" СЕЛА ЖАЛТЫР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Циклограмма бір аптаға

11.10.2017

Циклограмма

«Алтын дән»

балабақшасы «Балапан» сәби тобы

Өтпелі тақырып

«Балабақша»

Тақырыпша «Менің көшем»

 

Күн тәртібі

Уақы

ты

Дүйсенбі

09.10.2017

1.Көркем әдебиет

2.Қоршаған орта

 

Сейсенбі

10.10.2017

1.Математика

2.Жапсыру

3.Денешынықтыру

Сәрсенбі

11.10.2017

1.Тіл дамыту

2.Сурет

3. Әнкүй

Бейсенбі

12.10.17

1.Денешынық

2. Ән сабағы

Жұма

13.10.2017

1.Денешынық

2. Орыс тілі

 

 

Балаларды қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу

 

Ойындар (үстел үсті,саусақ және т.б.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таңертенгі гимнастика 10 мин

07.45

08.30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешінің балалармен қарым қатынасы:

Ойын : «Жоғары лақтыр»

Мақсаты:Бала допты мүмкіндігінше басынан асырып,тура

лақтыруға және оны қағып алуға тырысады.Егер 

бала допты ұстай алмаса,онда оны еденнен көтеріп алып,қайтадан барынша

жоғары лақтырады.

Ойын:«Ойыншықты

алып кел»

Ойыншықтарды (сылдырмақ,кішкене кубиктер)бөлімінің аланның қарама-қарсы

жағына орналастырады.

Тәрбиеші балаларды өзіне шақырып алады да,ойыншықтарды алып келуін

өтінеді.Оның нұсқауы бойынша балалар ойыншықтарға қарай жүреді немесе

жүгіреді.

 

Ойыншықтарды тәрбиешіге алып келеді.Ол балаларды мадақтайды,ойыншықтарын

қайтадан апарып қоюын өтінеді.

Нұсқау:Ойын тапсырмалар қосып,күрделенуге болады.Ойыншықтарға тар жолмен

немесе онша биік емес заттардын үстімен алып өту.

Ойын: «Ұшты-ұшты»

Тәрбиеші балаларға ұшты-ұшты қарлығаш ұшты дегенде балалар қолдарын

көтеріп ұшады,тәрбиеші ұшты-ұшты орындық ұшты десе отыра қалады.

 

Ойын: «Поезд»

Ойын шарты: Балалар калонаға бір бірден тұрады.(бір-бірімен қол ұстаспай)Бірінші

паровоз ал қалғандары вагондар.Тәрбиеші гудок бередіде,поезд алға жылжи

бастайды,ен әуелі баяу,кейін жылдам,жылдамдырақ және ен сонында балалар

жүгіруге айналады. «Поезд станцияға жақындап келеді»-дейді. Балалар жүрісті

бірге-бірте баяулатадыда поезд тоқтайды.Балалар серуендеуге шығады.Олар

жанжақа тарап,гүлдер,жеміс,саңырауқұлақтар тереді.Гудокты ести сала олар

қайтадан калонаға тұрадыда,поезд қозғалысы жаңадан басталады.Ойын 4-5 рет

қайталанады.

Ойын:«Жоғары лақтыр»

Бала допты мүмкіндігінше басынан

асырып,тура лақтыруға және оны қағып алуға тырысады.Егер бала допты ұстай

алмаса,онда оны еденнен көтеріп алып,қайтадан барынша жоғары лақтырады.

 

 

Жаттығулар кешені

Таңғы ас

09.00

09.30

Балалардың

назарың тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу. Астан кейін қолдарын

үлгіге қарап жууға үйрету.

Мектепке дейінгі ұйым

кестесі  бойынша  ұйымдастырылған оқу қызметі

09.30

10.50

1. Көркем әдебиет Көркем

шығармаларды эмоционалды қабылдай білуді дамыту. «Әже Н.Исахметов»Сұрақтарға

жауап беруге үйрету.

Мақсаты:1) Өлеңнің

мазмұнын түсініп, оны жаттай білуге үйрету;                                                               

2) Есте сақтау, ойлау қабілетін жетілдіру;                                                                             

3)

Кішіпейілділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.                                                                                       

Шаттық шеңбері                                               Үнтаспаға

қосылып «Әже» әнін орындау:   

Әже                                                                           

Сағындым, әже, өзіңді,                                     

Мейірімді көзіңді.                                          Ертегіңді сағындым,                                                                                               

«Құлыным» деген сөзіңді.

Қайырмасы:                                                      

Сағындым, әже, сағындым,        

                               Мейіріңе

табындым.                                           

Демалысқа шығамыз,                                          

Аяғында мамырдың.

 

Сағындым, әже, сағындым,                                  

Ағайын-туыс, бауырды.                                               Қуат

алып келейін                                                                                     

Топырағынан ауылдың.

Қайырмасы:                                                      

Сағындым, әже, сағындым,                                       

Мейіріңе табындым.                                           

Демалысқа шығамыз,                                          

Аяғында мамырдың.

Кіріспе әңгіме         

- Балалар, өлең кім туралы?                                  - Сендердің әжелерің бар ма?

- Ендеше бүгін ақын Қадір Мырза Әлидің «Менің әжем»

өлеңімен танысып, ол өлеңді жаттаймыз.

Өлең оқып беру.

Менің әжем

Менің әжем, ақ әжем –

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

Менің әжем, жыр әжем –

Шуағы мол нұр әжем,

Ақ таяққа сүйеніп

Аман-есен жүр әжем.

Сұрақ-жауап (суретпен жұмыс):

- Суреттегі кімді көріп тұрсыңдар?

- Әже үстіне қандай киім киген?

-

Әже не істепотыр?

 

Сергіту сәті

Күндей болып күлеміз,

Гүлдей болып өсеміз.

Құстай болып ұшамыз,

Көбелектей қонамыз.

Дәптермен жұмыс:

Қазақтың

қандай ұлттық ою-өрнегін білесіңдер?

Ою-өрнек

арқылы сырмақты безендіріңдер.

Қорытындылау:                                      Балаларға тәлім-тәрбие туралы мақал-мәтелдер айтып

аяқтау.                                           1.

Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені.                                                                    

2. Сыйласаң, сыйлы боларсың.

2. Қоршаған ортамен танысу Баланың өзі және

өзінің топтағы жағдайы туралы түсініктерін кеңейту.

«Адамның 

баспанасы»

Мақсаты:адамдардың

баспаналары: киіз үй, көпқабатты үй, пәтер, олардың айырмашылықтары,

ұқсастықтары және ерекшеліктері туралы айтып беруге, оқылған әңгімедегі

кейіпкерлердің әрекетін талқылауға үйрету. Баспана салған адам еңбегіне

құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Шаттық шеңберді ұйымдастыру.

Кәне, кәне, тұрайық,

Киіз үйді құрайық.

    Бір уықты

қолға алып,

Шаңыраққа тағайық.

Шеңбер болып айналып.

Арқандарды тартайық.

-Балалар біздің шаттық шеңберіміз не жайында болды?

Дұрыс айтасыңдар балалар,

олай болса біз бүгін адамдардың баспаналары туралы әңгімелеседі екенбіз.

-Балаларға 

әртүрлі үйлердің макеттері

мен суреттерін көрсете отырып, ішінен киіз үйді

табуларын сұраймыз.

Киіз үй екендігін қайдан  білдіңдер?

Дұрыс айтасыңдар, «киізден жасалғандықтан бұл үйді киіз

үй,  деп атаған», туралы қысқаша

ақпарат береді.

-Сендер қандай үйде тұрасыңдар?

-Көпқабатты үй, екі қабаттан тұратын үй

туралы не айтар едіңдер?

-Пәтер деп нені айтамыз?

Балаларға пәтер туралы түсінік беріледі.

-Қалай ойлайсыңдар, киіз үйдің ішінде

пәтер барма?

-Бөлмелері 

қандай үйлерде болады?

-Тағы қандай үйлер бөлмелерге бөлінген?

-Міне балалар, киіз үйдің айырмашы- лығы  оның сыртқы көрінісінде ғана емес, сонымен

бірге ішінде де байқалады екен.

-Қалай ойлайсыңдар, осы баспаналарды

салған кімдер деп ойлайсыңдар?

-Оларды  кімдер

деп атаймыз?

 

Балаларға Ы.Алтынсариннің

«Ағаш үй мен киіз үй» әңгімесін оқып, бүгінгі күнгі ұйымдастырылған оқу іс

әрекетін түйіндейді.

 

 

 

1.ҚМҰҚ

«1-2 цифрыымен танысу»

Балаларға шеңбер болып тұруға

ұсынылады.

Білер қазақ баласы

Сәлем сөздін анасы

Алдымыздан кезікен

Көп танысты көреміз

Барлығына ізетпен

Біздер сәлем береміз.

Мақсаты:1 цифрын 2

санының таңбасы ретінде таныстыру, үлгіні пайдалана отырып, 1-2 санын жазып

үйрету, 1 цифрын өзге сандардың арасынан табу, шеңбер мен шаршы өткенді

қайталау.

Суретпен жұмыс.

Дәптердегі сурет бойынша әңгіме жүргізу.                                               Бір күні  анасы мен қызы хайуанаттар бағына барады.

Қызы торда тұрған арыстанды көріп, таңырқап, қасында тұрып қалады. Оның қалып

қойғанын байқамай анасы алдыға түсіп жүріп кете береді.                                                     

            –Қыз нешеу?                                         

–Арыстан нешеу?

1-тапсырма.                                            

Балалар, қазір біз 1-2 санының таңбасы 1-2 цифрымен танысамыз. Мен

сендерге 1 -2 цифры туралы өлең оқып беремін, сосын жататап аламыз.                                                             

Бір дегенің бірінші,                                         

Тұрады ғой қатарда.                                 Көтеріп ап

танауды,                               Бастайды ол санауды.                                                      

–Балалар сандар қатарынан бір 

цифрының орнын тауып алып, сонша моншақты  бояудар.                                                                                 

2-тапсырма.                                                

Өзге цифрлардың арасынан  1-2

санын тауып, оны қоршап шығыңдар. «Арыстан».

 Сергіту минуты.                             Мен мықты

арыстан                                           

Аңдардың патшасы.                       

Жауымның

соғысқан                                 

Күл болған қаңқасы.                                              

 

3-тапсырма.                                               

Балалар, суреттерді қарап шығыңдаршы, ішіндегі бірдейлерді бір-біріне

қосып шығыңдар.

-Сендер

қандай суреттерді бір-біріне қостыңдар?

4-тапсырма.

Балалар мына  қатардағы  фигуралардың  қалай орналасқанына назар аударыңдаршы.

-Балалар, фигураларды 

дәл оындай  ретпен орналастыра

отырып, қатарды жалғастырыңдар.

Өзін-өзі

бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.                                             

Балаларды мақтау, сұрау.                                                       

 

– Біз қандай цифрмен таныстық?                        – Бір саны туралы

тақпақ айтып беріңдерші.

Қорытынды.

2.Жапсыру

«Машиналар»

Мақсаты: : машинаның түрлерін қайталай отырып, бөліктері жайлы

білімдерін толықтыру. Машина оригами әдісі бойынша құрастыру жолдарымен

таныстыру.

Шаттық шеңбер

Машинаның түрлерін сурет

бойынша әңгімелеу.Өздері қандай машиналарды білетіндерін сұрау. Үлгі бойынша

машинаны жасау жолдарын көрсетіп, түсіндіру.

1.Оригими арқылы бүктеп жасалған машинаның үлгісін

көрсету.

2. Тіктөртбұрышты ортасынан бүктеу;

3. Шеткі беттерін ішке қарай, ортасына тигізіп бүктеу.

4. Сыртқа қарай қайтарып тағыда бүктеу.

5. Ортасынан ішіне қарай бүктеу.

6. Машинаның қорабын кузовын жасау үшін екі бұрыштарын

ішіне қарай бүктеу.

7. «Дөңгелекті» жасау үшін төменгі бөлігіндегі

ұшбұрышты ішіне қарай бүктеу.

8. Шеткі бөліктерінің бұрыштарын ішіне қарай бүктеу.

9. Фарын жасау үшін оның бұрыштарын ішке қарай бүктеу.

10. Фардың бұрыштарын түзетіп, тегістеп, әдемілеп қою

керек.

11. Оригами әдісімен жасалған машина дайын болды.

Сергіту сәті

Қолды созып алдыға

Қайшылашы беріліп

Ұста қолды жаныңа

Кеуде тұрсын керіліп

Балалардың қағазбен жұмыс

жасау барысына бақылау жасаалады, жасалған жұмыстарды салыстырып көреді  жақсы жасалған машиналар таңдалады,

мадақталады.

3.Денешынықтыру

Тақырыбы:

«Допты домалату»

Мақсаты:1.Бір тізбекке тұру.

2.Сәлемдесу.

(Нұсқауларды орындау).

 

«Орман аңдары»

1.«Аю»

Қолды белге қойып, (қорбаңдап) табанды нық басып жүру

2. «Түлкі»

Қолды жанға ұстап, (қуанып) бір сызықпен жүру.

3. «Көжек»

Қолды кеуденің алдында иіп,қос аяқпен секіру.

4. «Қасқыр»

Баяу

жүгіру,жылдам жүгіру. Балаларға әр түсті екі текшеден беріп,бірінің соңынан

бірін жүргізіп,шеңберге тұрғызу.

Жан-жақты дамыту жаттығулары:

(Текшелер)

1.Қол мен иық бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:

Б.қ.:негізгі тұрыс,текшелерді төмен түсіреміз.

1.Текшелерді жоғары көтеріп,бір-біріне соғу.

2.Б.қ. келу.

 

2.Дене бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:

Б.қ.: аяқ арасы сәл алшақ,текшелерді кеудеде ұстау.

1.Қолдағы текшелерді жоғары көтеру.

2.Қос қолдағы текшелермен оңға иілу

3.Б.қ. келу.

4.Қос қолдағы текшелермен солға иілу.

5.Б.қ. келу.

Б.қ.:негізгі тұрыс,қол төменде

1.Қолдағы текшелерді алға созып отыру.

2.Тұру.

3.Б.к.келу

 

3.Аяқ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:

Б.қ.:аяқ бірге,текшелерді кеудеде ұстау.

1.Алға қос аяқпен секіру.

2.Артқа қос аяқпен секіру

3.Б.к.келу

Тыныс алу:

-тік тұру;

-аяқ арасы иық көлеміндей алшақ;

-текшелерді жоғары көтеру (ауа жұту);

-Қос қолдағы текшелерді үрлеу (дем шығару).

Негізгі қимыл жаттығулары:

1. Тартылған жіптен аттап өту. (биіктігі 10-15 см)

2.Допты бір-біріне лақтыру,ұстап алу. (Бір-біріне қарап

допты лақтыру,ол допты ұстап алу).

 «Жалғызаяқ

жолмен» ойыны:

1. Балалармен бірлесе ойнау.

 2.Ойын шартымен

таныстыру.

1. Қауіпсіздік ережесін сақтау.

2. Балалардың көңіл күйін бақылау,мақтау.

3.Жаттығулар

ережелерінің толық орындалуын қадағлау.

1.Тіл дамыту

Тақырыбы: «Қуыршақ Әйгерімнің туған күні»

Мақсаты:

Ғажайып сәт:Тобымызға қуыршақ Әйгерімнің

келуін хабарлайды.

-Балалар бұл не?

Кәне, «Қуыршақ»сөзін

қайталаймыз.

-Балалар бұл қуыршақтың

есімі-

Әйгерім.

«Қуыршақ»тақпағын жаттату.

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау,қозы, құлыншақ,

Ойыншықтар тыңдайды,

Ақыл айтсақ,бұйырсақ.

Сұрақтарға жауап алу.

-Балалар «Қуыршақ» неге

жатады? Ыдыс- аяққа ма?

Жануарларға ма?Әлде

ойыншықтарға ма?

 

-Сендердің үйлеріңде қандай

ойыншықтар бар?

 

Дидактикалық ойын:

«Ойыншықты тап»

Ойын мақсаты: ойыншықты атау

және кеңістікті бағдарлай отырып табу.

Шарты: тығылған ойыншықты тауып, атын атап, түсін,

үлкен,

кішілігін ажыратып, сол

ойыншыққа өздерің тілек тілейсіңдер.

 

-Балалар, бүгін қуыршақ

Әйгерімнің туған күні екен.

-Әйгерімге сендер не сыйлағыларың келеді?

Әңгіме құрау: « Қуыршақ

Әйгерімнің туған күні»

Мақсаты: ауызша өз ойларын

жеткізе білу.

Шарты: әңгіме құрау.

Сергіту жаттығуы.

Ал балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық

Әңгіме құрағанда толық сөйлем

құруға тырысады.

Ойыншықтарды ұқыпты ойнау керектігін айтыу.

2.Сурет салу

«Балабақшаға апапратын көше»

Мақсаты:Түзу сызықтарды дұрыс сызу және бояй білу

дағдыларын қалыптастыру. Сурет салуға қызығушылығын арттыру.

Балалар, бүгін бізге қонаққа екі қуыршақ келіпті. Күн

суыды, ал қуыршақтардың тұратын үйі жоқ екен. Бұл қуыршақты балабақшаға

шақырайық қонаққа. 

Біздің үй

Қалаушы да табылды,

Үй салынды, жабылды.

Қосып құмға лайды,

Сылақшылар сылайды.

 

Терезе, есік, едені,

Қиюласты әдемі.

Құрылысшы боламыз,

Зәулім үйлер саламыз.

 

Балалар, қуыршақтар сендерге ұнады ма?

Қорытынды.

1.Денешынық

Тақырыбы: «:1. Екі қатарға қойылған (арасы 30-40 см алшақ)

кегельдер арасымен допты қос қолмен ұстап жүру.

 2.Допты 50-60 см

арақашықтықта лақтыру (диаметрі 10-15 см).

»

Мақсаты:

а) Балаларды арақашықты

сақтай білуге дағдыландыру,допты лақтыруға үйрету.

ә) Адамгершілік

қасиеттерге,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

б) Дене бітімдерінің дұрыс

қалыптасуын қадағалау,ойлау қабілеттерін дамыту.

1.Бір қатар сапқа тұру.

2.Сәлемдесу.

(Нұсқауларды орындау).

 

Алма баққа барамыз,

(Бір қатармен жүру)

Алма теріп аламыз.

(Қолды жоғары көтеріп,белге қою)

Баяу,жылдам жүгіріп,

(жүгіру)

Ауа жұтып,дем аламыз.

(Мұрынмен ауа жұтып,ауызбен дем шығару,қолды екі жаққа

айналдыру)

Балаларға әр түсті екі шардан беріп,бірінің соңынан

бірін жүргізіп,шеңберге тұрғызу.

Жан-жақты дамыту жаттығулары:

(Шарлармен орындалады).

1.Қол мен иық бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:

Б.қ.: тік тұру,шарды қос қолмен ұстау.

1.Қолдағы шарды алға созу.

2.Шарды оң иыққа тигізу.

3.Қолдағы шарды алға созу.

4.Шарды сол иыққа тигізу.

4.Б.қ. келу.

 

2.Дене бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:

Б.қ.: аяқ иық көлеміндей алшақ,қол төменде.

1.Қос қолды жоғары көтеру.

2.Алға иіліп созылу.

3.Б.қ. келу.

Б.қ.:отыру,аяқты алға созу.

1.Шарды қос қолмен жоғары көтеру.

2.Тізеге тигізу.

3.Б.к.келу

 

3.Аяқ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:

1.Шарды кеуде тұсында ұстау.

2.Алға секіру.

3.Артқа секіру.

4.Б.к.келу

Тыныс алу:

-аяқ арасы алшақ,шарды қос қолмен жоғары көтеру (ауа

жұту);

-шарды тізеге тигізу (дем шығару).

 

Негізгі қимыл жаттығулары:

1. Екі қатарға қойылған (ұз.3 м,арасы 30-40 см алшақ)

кегельдер арасымен допты қос қолмен ұстап жүру. (Екі жақтағы кегельдердің

ортасымен жүру,құлатпау).

2.Допты 50-60 см қашықтықта лақтыру (диаметрі 10-15

см).

(Допты оң,сол қолмен лақтыру).

 «Таяқшадан аттап

өт!» ойыны:

1. Ойын шартын түсіндіру.

2.Балалармен бірлесе ойнау.

1.Қолданылған заттарды жинасуға ұсыныс жасау.

2. Балалардың көңіл күйін бақылау.

3.Жаттығулар ережелерінің толық орындалуын қадағалау.

4.Қауіпсіздік ережесін сақтау.

1.Денешынық

Тақырыбы: «1.Доғаның астымен еңбектеу.

 2.Доптарды

себетке лақтыру.»

Мақсаты:

а) Балаларға доптарды себетке

лақтыруды үйрету. Жаттығу ережелерін және жаттығуларды толық орындауға

дағдыландыру.

ә)Ептіліккке,ұқыптылыққа

тәрбиелеу.

б) Есте сақтау қабілеттерін

дамыту.

1.Бір қатар сапқа тұру.

2.Сәлемдесу.

(Нұсқауларды орындау).

 

-бір тізбекпен жүру;

-баяу жүгіру.

Балаларға әр түсті екі түсті

шашақтар беріп,бірінің соңынан бірін жүргізіп,шеңберге тұрғызу.

Жан-жақты дамыту жаттығулары:

(Түсті шашақтармен).

1.Қол мен иық бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:

Б.қ.: тік тұру,аяқ бірге,қол төменде.

1.Екі қолдағы түсті шашақтарды алға созу.

2.Жоғары көтеру.

3.Екі жанаға созу.

4.Б.қ. келу.

Б.к.:тік тұру,аяқ арасы алшақ,қол төменде.

1.Екі қолдағы түсті шақтарды алға созу.

2.Екі қолдың шынтақтарын бүгу.

3.Қайта созу.

4.Б.к.келу.

 

2.Дене бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:

Б.қ.: аяқ иық көлеміндей алшақ,қол төменде.

1.Қолды қайшылау.

2.Б.қ. келу.

Б.қ.:аяқ иық көлеміндей алшақ,қол төменде.

1.Екі қолдағы түсті шашақтарды алға созу.

2.Оң қолды жоғары көтеру,сол қол төменде.

3.Сол қолды жоғары көтеру,оң қол төменде.

4.Б.к.келу.

 

3.Аяқ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:

Б.қ.:Аяқ арасы иық көлеміндей алшақ,қол төменде.

1.Тізені сәл бүгіп отыру.

2.Қолдағы түсті шашақтарды артқа жасыру.

3.Тұру,қос қолдағы түсті шашақтарды жоғары көтеру.

4.Б.к.келу.

Тыныс алу:

«Ағаш болып тербелу»

Аяқ арасы сәл алшақ,қол төменде.

Қолдағы түсті шашақтарды жоғары көтеру. Қос қол

бірге,тербелу.

Негізгі қимыл жаттығулары:

1. Доғалар астынан еңбектеу.

(Екі қатармен,бір-біріне кедергі жасамау).

2.Доптарды себетке лақтыру.

(Қос қолмен себетке лақтыру).

 «Сызықты басып

кетпе!» ойыны:

1. Ойын шартын түсіндіру.

2.Балалармен бірге ойнау.

1. Қауіпсіздік ережесін сақтау

2.Арақашықтықты сақтау.

3.Балаларды мадақтап отыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Серуен:

11.00-11.30

№7 «Шар жарылды»

Мақсаты:Дыбыстық жаттығу жасау арқылы

«ш»дыбысын анық айтуға жаттықтыру.

Ойын барысы:Балалар бір-бірінің қолынан

ұстап,жақын-жақын дөңгелене тұрады.Тәрбиешіге қосылып олар мына өлеңді

айтады.

     Көпіре

гөр көбік шар

Көпіре бер кеңіп-шар.

Осы күйі қал тұрып,

Кете,көрме жарылып.

Өлеңді айтып бара жатып балалар дөңгелек шеңберді

кеңейте түседі.Тәрбиеші «шар жарылды»деген кезде барлық балалар қолдарын

төмен түсіріп,бір дауыспен: «Ш-ш-ш»-дейді тізерлеп отыра кетеді.

№8 «Ақшақарлар ұшады»

Мақсаты:Сөйлеу барысыда дұрыс тыныс

алуға үйрету.

Ойының құрал-жабдықтары:ақшақарлар.

Ойын барысы:Тәрбиеші балаларға қағаздан

жасалған ақшақарларды таратып береді.Балалар ауыздарын демге толтырып,дем

шығарғанда ақшақарларды үрлеп ұшырады.

№9 «Жаңылтпаштар»

Мақсаты:Балаларды  жаңылтпаштарды

Дұрыс әрі жылдам айтуға үйрету.

Ойының құрал-жабдықтары:Жаңылтпаштар.

Ойын барысы:Тәрбиеші балаларға

жаңылтпаштарды айтады.Балалар оны дұрыс әрі жылдам қайталап айтуы керек.

№10 «Не дыбыстайды?»

Мақсаты:Балалардың ненің қалай дыбыстайтынын

білуі,айтуы керек.

Ойын барысы:Топта не  дыбыстайтынын айтып беру.Сипаттау арқылы

балалар не дыбыстайтынын табуы тиіс.

№11«Әртүрлі сөздерді жинақта»

Ойының мақсаты:Сөздің бірінші және соңғы

Дыбысын ажыратып үйрету.

Ойының құрал-жабдықтары:Заттық суреттер

Ойынның мазмұнры:Бірінші суретті орналастырады,содан кейін соның соңғы дыбысына басталатын

суретті қояды т.с.с жалғыстыртады.Ара-алма-автобус-сабын-нан.

Серуеннен  оралу

11.30-11.50

Балалардың 

реттілікпен киімдерін  шешуі,

дербес ойын әрекеті .

Тұскі асқа дайындық

 

Түскі ас

12.00-12.30

Балалардың назарын тағамға аудару ; тамақтану, ас қайруға үйрету

Үйықы

12.30-15.00

Балалардың тыныш ұйықтауына 

жағымды жағдай орнату.

Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары

15.00-15.30

Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында 

ортопедиялық жол бойымен  жүру.

  Білімді кеңейту  және 

мәдени-гигеналық дағдыларды 

орындау.

Ойын- жаттығу :             Сылдырлайды мөлдір су,

                                              

Мөлдір суға қолыңды жу.

                                              

Жуынсаңсаң сен әрдайым,

                                         

Таза  бетің, маңдайың.

Бесін  ас

15.30-16.00

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға

баулу  бойынша жеке жұмыс

Ойындар, дербес әрекет

 

 

 

 

Баланың жеке даму картасына

сәйкеғс жеке жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

16.00-16.20

 

 

Үстел үсті  театры

«Менің сүйікті ойыншығым» және т.б. тақырыптар бойынша сюжетті картиналар

қарастыру.

 

 Сюжетті-рөлдік ойын

«Қуыршақты тамақтандыр»;

Ірі құрылыс материалдарымен және 

конструкторлармен  ойындар.

Ойын – жаттығу  «Қуыршықты жуындыр»;

Альбомдар, сюжетті картиналар қарастыру,

Ірі құрылыс материалдарымен ойындар.

 

Ойын «Кімнің заттары?» (жақын адамдарының заттарын анықтау);

Суретті кітапшаларды бояу, пазлдар, мозаика және т.б.

 

сюжеттік ойыншықтармен ойындар,

ертегі оқып беру;

үстел үсті театры және т.б.

Жыл мезгілі туралы әңгімелесу

«Күзгі ағаштармен жапырақтар»(сурет

қарастыру)

Мақсаты:қарапайым сұрақтарға

жауап беруге үйрету.

   Әңгіме құрастыру «Ойыншықтар

туралы»

Мақсаты: баланың сөздік қорын дамыту атауларын білдіретін сөздермен

байыту.

Дидактикалық ойын «Ғажайып  қапшық»

Мақсаты: баланың сөздік қорын 

ойыншықтардың атауларын білдіретін сөздермен байыту.

Жыл мезгілі туралы әңгімелесу

Мақсаты:қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Дидактикалық ойын «Атын атап бер»  

Мақсаты: түсті қабылдауды және қолдың

ұсақ моторикасын дамыту.

 

Серуенге дайындық

16.20

№13 күз

ауа-райындағы өзгерістерді бақылау.

Мақсаты:Балаларға күз мезгілі туралы әңгімелеу.Күзгі ауа-райын жазғы  ауа –райымен салыстыру,күздегі өзгерістерді

айтқызу.

Еңбек:Құм салғыштың айналасындағы құмдарды күрекшемен жинату.

Балалармен жеке жұмыс: «Көкеністер»туралы тақпақ айтқызу

Жел тынымсыз гуілдеп

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал терек

Жапырағын жұлғызып

Қимылды ойындар: «Ұшты-ұшты»

Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

№14 «Күзгі

ағаштардың жапырақтарының түстерін бақылау»

Мақсаты:Күзгі жапырақтар туралы әңгімелер айту,түстерін айтқызу.

Еңбек:Учаскедегі күзгі жапырақтарды бір жерге жинау.Балалармен жеке

жұмыс: «Күзгі жапырақтар»туралы оқу (Қ.Шарғытбаев)

Алтын,сары,қызыл,көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

Қимылды ойындар: «Жапырақ жинау»

Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекеттері.

№15 «Күзгі желді  бақылау»

Мақсаты:Күзгі жапырақтар туралы әңгімелер айту,түстерін айтқызу

Еңбек:Учаскедегі күзгі жапырақтарды бір жерге жинау.

Балалармен  жеке-жұмыс: «Күзгі

жапырақтарды бір жерге жинау».

Балалармен жеке жұмыс: «Күзгі жапырақтар»туралы оқу.

Қимылды ойындар: «Жапырақ жинау»

Балалардың өз еріктерімен жасалатын іс-әрекет.

№16«Күзгі  ағаштардың 

жапырақтарының түстерін бақылау»

Мақсаты:күзгі

жапырақтар туралы әңгімелер айту,түстерін айтқызу.

Еңбек:Учаскедегі

күзгі жапырақтарды бір жерге жинау.

Балалармен жеке

жұмыс: «Күзгі жапырақтар »оқу.

Қимылды ойындар:

«Жапырақ жинау»

Балалардың өз

еріктерімен жасалатын іс-әрекет.

№17 «Күзгі саябаққа

серуен»

Мақсаты:

Адамдардың саябаққа

не себепті келетіні жайында әңгімелесу.Саябақ ішіндегі күзгі өзгерістерге

көңіл бөлдіріп бақылау әңгімелеу.

Еңбек:Саябақтағы әр

түрлі ағаштардың жапырақтарын жинау.Әр ағаштың жапырағын ажыратып үйрету.

Балалармен жеке

жұмыс:Тақпақ жаттау.

Қимылды ойындар:

«Құстар мен мысық», «Аққу-қаздар»

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың үйге

қайтуы

17.45-18.00

Ата-аналарға кеңес:

Балалар жәйлі әңгімелесу

«Үйде ойын бұрышын  ұйымдастыру».

Психологтің  кеңесі: мысалы:«Егер ата-аналар дүкеннен

баланың ұнатқан ойыншығын сатып әпермеген жағдайда, өзін қалай ұстау қажет.

Балалар отбасында өздері  не істей

алатындары туралы әңгімелесу.

Кеңес:

 «Бала өміріндегі ойыншықтың

маңызы».

Жобаны таныстыру.

«Менің отбасым тақырыбына көрме ұйымдастыру. 

 

Просмотров: 1243

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст