АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ  "АЛТЫН ДӘН "БӨБЕКЖАЙЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ         "ЯСЛИ-САД "АЛТЫН ДӘН" СЕЛА ЖАЛТЫР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Циклограмма

19.10.2017

Циклограмма

Бір аптаға

09.10-13.10. қазан 2017ж

«Алтын дән»

балабақшасы «Ботақан» сәби тобы

Өтпелі тақырып «менің

отбасым»

Тақырыпша «Менің көшем»

 

Күн тәртібі

Уақы

ты

Дүйсенбі

09.10..2017

     1.Ән сабағы

2. Тіл дамыту

     3.Үйірме

16.00

Сейсенбі

10.10..2017

1.Математика

2.Жапсыру 0.25

3Мүсіндеу0.25

4.Денешынық

Сәрсенбі

11.10..2017

1Көркемәдебиет/ құрастыру0.5

 2 Әнкүй

Бейсенбі

12.10..17

1.Жаратылыстану

2Қорш орта/экол 0,25                               3 Денешынық

Жұма

13.10..2017

1.Сурет салу

2. Орыс тілі

3Денешынық 16-15

 

 

Балаларды қабылдау

Ата-аналармен

әңгімелесу

 

Ойындар (үстел

үсті,саусақ және т.б.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таңертенгі гимнастика 10 мин

07.45

08.30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешінің балалармен қарым қатынасы:

«Мынау қай пішін?»

 

 Мақсаты: Геометриялық

пішінді сипалап анықтау

арқылы айта білу.

 Көрнекілік:

Картоннан жасалған

геометриялық пішіндер 5–түрі.

 Барысы: Бала топқа қарап

тұрып, қолын артқа

ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады.

Бала оны сипап байқап,

балаларға көрсетпей атын атайды.

 

 

 «Шырша және саңырауқұлақ»

ойыны 


Дидактикалық тапсырма: заттарды түсі бойынша

реттеуді үйрету. Сөйлесу қабілетін арттыру. 

Материал: жасыл және қызыл түске боялған

қораптар, аюдың бас киімі. 

Басшылық: тәрбиеші балаларға қызыл түсті

қораптарды көрсетеді, шыршаның жасыл түсі болғандығын түсіндіріп, тақтаға

шыршаларды орналастырады. Қызыл қорапты көрсетіп, осындай түсте

саңырауқұлақтардың болатындығын айтады және тақтаға орналастырады. Кейін балалар

үстелде өз бетінше шыршалар мен саңырауқұлақтарды орналастыра бастайды.

Балаға аталған тапсырманы орындау қиындыққа түссе, тәрбиеші оған шырша және

саңырауқұлақтарды ретімен айта отырып, көмектеседі. 


Балалар шырша мен саңырауқұлақтарды ретімен

орналастырып болған соң, тәрбиеші олардың қалаған тапсырманы жақсы

орындағанын айтып, оларды мақтайды. Ал орманда кім өмір сүреді? 

Аю! Балаларды ортаға шақырады, ал аю ортада

тұрады. 

Аю ортада

тұрып секіреді, балалар қол соғады. 

«Қуыршақтарға

өз ойыншықтарын табуға көмектес» ойыны 


Дидактикалық тапсырма: бір түске ие заттарды

топтастыру және әр түсті заттарды түсі бойынша салыстыру. 

Материал: сегіз түрлі көйлектерді киген сегіз

қуыршақ, сегіз түске боялған саңырауқұлақтар мен таяқшалар. 

Басшылық: тәрбиеші әр түсті көйлектер киілген

сегіз түсті қуыршақтарды кезек бойынша балаларға көрсетеді, баламен кезекті

қуыршақты қарау барысында тәрбиеші оның көйлегінің әдемілігіне назар

аударады. Қуыршақтар тәрбиешінің үстелінде қатарға тұрғызылады. Ақ және қара

көйлек киілген қуыршақтар екі жақ шетте орналасады. 

Кейін тәрбиеші әр қуыршақтың өз ойыншығы:

саңырауқұлақтар мен таяқшалары бар екендігін, алайда олардың шатасып

кеткендігін айтады, балаға қуыршақтарға ойыншықтарын тауып беруге көмектесуді

тапсырады. 

Тәрбиеші әр баланың үстеліне бір қуыршақтан

қойып, қуыршақтың көйлегіне сай түске боялған саңырауқұлақтарды таңдауды

ұсынады.Бір үстелде отырған балалар жалпы материалдардан қажетті

саңырауқұлақтарды таңдайды. 

Барлық балалар әр қуыршақтың қасына сай

келетін саңырауқұлақтарды қойғаннан кейін, тәрбиеші жалпы материалдардан

таяқшаларды таңдауды ұсынады. 

Ойын барысында тәрбиеші балалардың тәрбиесін

реттеп, оларға асықпай, ойыншықтарға назар сала қарап, кейін оларды қажетті

қуыршақтардың қасына қою керегін ескертеді. 


Ойын соңында тәрбиеші балаларға барлық

қуыршақтарды, әрқайсысының өз орны бар екенін ескере отырып, қастарына үстел

үстіне қоюды тапсырады. Түстерін атамай, тәрбиеші балаларды кезек бойынша

қуыршақтарды әкеліп беруді ұсынады. Әр қуыршақ түсі бойынша орналасқан кезде

тәрбиеші қуыршақтарға сай саңырауқұлақтарды, кейіннен таяқшаларды әкеліп

беруді тапсырады. 

Аталған

ойын 10-12 минутқа созылады,екі рет қайталанады. 

 

«Ол не»? ойыны 

Мақсаты. Балаларға заттардың бір-бірінен

үлкен-кішілігін анықтай білуді үйрету. 

Керекті материалдар. Балалардың санына

есептеліп, бөлшектелген ағаш матрешкалар. 

Балаға тапсырма. Матрешканың бөлшектеу және

құрастыру, кіші матрешканы үлкен матрешканың ішіне салу, матрешканың жоғарғы

және төменгі жартысын үлкен-кішілігі және өрнектері бойынша салыстыру. 

Ойынның мазмұны. Тәрбиеші балаларға мынадай

жұмбақ айтады: 

Бойы әр түрлі, жұмбағымды тыңдашы, 

Өзара ұқсас жүзі менен сымбатты. 

Бір-біріне сыйып кеткен көрінбей, 

Жиналғанда бір ойыншық сияқты. 


Ойынды қайталап өткізгенде балалардың ынтасын

туғызу үшін матрешка туралы кітаптарды көрсетуге болады. Осыдан кейін

матрешканы бөлшектеп, оның жоғарғы және төменгі бөлігіне балалардың назарын

аударады, оларды салыстырады, соңынан қайтадан құрастырады. Тәрбиеші матрешкалардың

ең үлкенінен кішісіне қарай орналасу тәртібін көрсетеді. Балалар бір

матрешканы екіншісінің ішіне салып, оның қайсысы үлкен екенің анықтайды. Егер

бала матрешканың өз бөліктерін үлкен-кішілігі бойынша тауып, оларды бойларына

қарай қоя білсе, тапсырма дұрыс орындалған болып есептеледі. Ойын бір- екі

рет қайталанады. 

Матрешканы бөлшектеп құрастыруда қателеспеген

бала жеңімпаз аталады. 

Ойынның ұзақтығы 10-15 минут. 

«Ұзын-қысқа»

 

 Ойынның мақсаты:

өлшемдердің

қасиеттерін қабылдауға үйрету; тапсырманы орындауға жаттықтыру.

 Ойынның

құрал-жабдықтары:

ұзын және қысқа

жолақшалар.

 Ойынның мазмұны:

Балаларға ұзын және

қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау. Жолақшаларды

таратып беру. Үстелдің

үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға

тапсырма беру.

 

 

 

Жаттығулар кешені

Таңғы ас

09.00

09.30

Балалардың

назарың тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу. Астан кейін қолдарын

үлгіге қарап жууға үйрету.

Мектепке дейінгі ұйым

кестесі  бойынша  ұйымдастырылған оқу қызметі

09.30

10.50

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9.55-10.10

Ән сабағы

 

Тіл дамыту

Тақырыбы:

Менің көшем

Өзінің тұратын көшесі туралы әңгімелесу, сөздік қорды

заттардың сапасын білдіретін сөздермен толықтыруға, зат есімдерді жекеше,

көпше қолдануға үйрету.

 

 Шаттық шеңбері: 

Үлкенге де «сіз», 

Кішіге де «сіз», 

Баршаңызды құрметтеп, 

Бас иеміз біз. Балалар қызығушылықпен

орындайды. 

 Ізденістер ұйымдастыру. -Балалар, қазір

жылдың қай мезгілі? 

-күз мезгілі неше айдан тұрады? 

Қане,баріміз бірге айтайық: қыркүйек

қазан ,қараша.


күзде көшеміз толы

жапырақ болады.

Біздер ата-анамызға көмектесіп сол көшемізді қоқыстан тазалауымыз керек. 

Оны немен тазалаймыз? 

Тыныс алу жаттығуы: «таза ауа». 

Мұрын арқылы терең дем алу, ауыз қуысы арқылы

шығару. 

Балалар,бүгін біздер өздерің тұратын мекен-жай

туралы,өздерің тұратын көше туралы әңгімелейміз. 

Диалогтық жұмыс: 

Кәне,кім өзі тұратын мекен-жайы,көшесі турлы

әңгімелеп бере алады? 

Көшелеріңнің атын білесіңдерме? 

 

«Менің мекен-жайым» 

Балалар ,қане бәріміз Әли мен Айяның

мекен-жайы туралы мультфильмді қызықтайық. 

Балалар өз көшелерін қалай тазалап жатыр? 

Қане қараңдаршы көшелеріне жас тал шыбықтарын

егіп жатыр. Біздерде өз көшемізді таза,ұқыпты ұстауымыз керек. Көктемде жас

тал егіп,көшемізге қоқыс тастамай,әр кез таза ұстауымыз керек. 

Ғажайып сәт: есік соғылады. 

Балалар,біреу есік соғып тұр,кім екен? 

Ішке МАИ қызметкері кіреді,қолында бағдаршамы

бар. 

-сәлематсыздарма балалар,мен сендерге жол жүру

ережесі туралы қысқаша әңгімелеп берейіндеп қасыма Бағдаршм досымды ерте

келдім. 

Жұмбақ жасыру: 

Бір көзім кідір дейді, 

Бір көзімжүгір дейді, 

Бір көзім абайла дейді, 

Қарап ал маңайға дейді. 

-Міне көрдіңізбе біздің балаларымыз жұмбақты

жақсы шешеді,біздер мынадай жақсы тақпақта білеміз. 

Қимылды ойын «Бағдаршам». 


Қане балалар менімен қосылып айтайық: 

Қалада көлік көп, 

Қалада апат көп. 

Сақтайтын апаттан, 

Тек қана бағдаршам. 

Суретпен жұмыс: «көше тәртібі» 

МАИ қызметкері балалармен қоштасып,бағдаршамын

сыйға қалдырып кетеді. Күз

3 айдан тұрады 


сыпырғышпен, тырнауышпен көшемізді тазалаймыз. 


Балалар барынша әңгімелейді. 

Балалар МАИ қызметкерімен амандасады.

Әңгімесін тыңдайды. 


Балалар жұмбақ жауабын шешеді. 


Балалар қызыға ойнайды. 


Балалар қосылып қайталайды. 

Қортындылау,өзін-өзі бағалау Сұрақ-жауап:

 

 

 

 

 

 

.

Математика

 ҚМҰҚ

Тақырыбы:

Ұшбұрышпен таныстыру.

Геометриялық пішін үшбұрышпен таныстыру, түйсіну және

көру арқылы пішін түрлерін зерттеу

Жылулық

шеңбері: (Балалар

қимылмен көрсетеді)

Бала,бала балақан

Кәне қайсы алақан ?

Саусақтарың әйбат ,былай-былай ойнат.

Топ-топ басайық ,жалаудан күн жасайық

Жаса-жаса алтын күн

Жаса-жаса алтын күн

 

(музыка әуенімен

ведиопроектордан дыбыс естіледі де, ханшайым көрінеді. Балалар

бұрылып амандасады)

Ханшайым:

- Сәлеметсіздер

ме, балалар?

Балалар:

- Сәлеметсіз бе?

Ханшайым:

- Мен сендерді «Сиқырлы пішіндер»

әлеміне шақырамын.

Тәрбиеші:

- Балалар,

«Сиқырлы пішіндер» әлеміне барғыларың келе ме?

Балалар:

- Иә.

Тәрбиеші:

- Ал қандай көліктермен барғыларың келеді?

Балалар:

- Поезбен.

Тәрбиеші:

- Жарайды. Ендеше, поезбен барайық. Ал

кеттік.

Бәрі шеңбер бойымен жүріп, музыка әуенімен:

Қимылды

ойын:

«Поезд» Тіл ұстарту жаттығу.

Пыш - пыш, пыш - пыш біз кеттік,

Жүрісті үдеттік.

Гу - гу, гу - гу гуілде,

Қалып қойма біріңде.

Тәрбиеші:

- Қане, балалар, тоқтайық. Пыш - ш - ш.

- Балалар,

біз міне «Сиқырлы пішіндер» әлеміне де келіп қалдық. Қане, поездан түсейік.

- Ой,

балалар, әртүрлі пішіндерді қараңдаршы. Қандай

пішіндер тақтада ілініп тұр?Сиқырлы пішіндерге қандай пішіндер жатады екен?

- Кім

пішіндер туралы тақпақтар біледі екен.

-Төртбұрышпын,

төртбұрышпын.

Төрт қабырғасы бар бұрышпын,

Қай жағынан қарасаңда,

Төрт қабырғам тең бұрышпын.

Тәрбиеші:

- Неге төртбұрыш дейді екенбіз,

қанекей төртбұрыштың қабырғаларын, бұрышын санайық. (санайды) Төртбұрыштың

түсі қандай?

Үшбұрыш:

-Үшбұрышпын, үшбұрышпын,

Үш қабырғам бар бұрышпын,

Төртбұрыштан аз болсам да,

Орны бөлек үшбұрышпын.

- Ал, үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз, бұрыштар мен қабырғаларын

санайық. Үшбұрыштың түсі қандай екен?

 

Дөңгелек:

-

Домалақпын, домалақпын,

Дөңгелек боп домаладым.

Ай сияқты, күн сияқты

Шар сияқты домалақпын.

Дөңгелектің бұрышы бар ма?

- Пішіннің

түсі қандай?

Тәрбиеші:

- Балалар, осы пішіндерді қоршаған

ортамен салыстырайық. 

пішіндерге ұқсайтын заттарды атап, таяқшамен көрсетеді)

Д/о.

«Айналадағы заттардың пішіні"

Шарты: Заттардың қандай пішіндерге ұқсайтынын тауып айту.

ІТәрбиеші:

– Балалар,

Ханшайымның «Кеңістікті бағдарлау»деген тапсырмасы бар.

Шарты:Тақтадағы үлгі бойынша тапсырманы орындау. Ақ жапсырғыштың

бетіне жоғарғы жағына төртбұрыш, төменгі жағына дөңгелек, оң жағына үлкен

үшбұрыш, сол жағына кішкентай үшбұрышты жапсыру.

Тәрбиеші тексереді.

Тәрбиеші:

- Ал,

балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер

құрайық.

Көңілденіп

біз енді,

Бой сергітіп

алайық.

Қарлығашқа ұқсайық,

Кәне қанат қағайық

Ұшып-ұшып алайық

Қайта жерге қонайық.

 Тәрбиеші:

–Балалар,

 Пішіндерден үй құрастырайықшы.

- Үй қандай

пішіндерден тұрады?.

- Төртбұрыштан, үшбұрыштан тұрады



Машина

- Машина

қандай пішіндерден тұрады?

- Тік төртбұрыштан, шаршы, екі дөңгелектен тұрады.

Тағы не

құрастыруға болады?

Музыкамен дыбыс шығарады. Балалар бұрылып, Ханшайымның алдына барады.

Ханшайым:

- Балалар, барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет.

Тәрбиеші:

- Жарайды,

балалар, Ханшайыммен қоштасып, поезға отырып тобымызға барайық.

Балалар:

- Пыш - пыш, пыш - пыш біз кеттік,

Жүрісті біз үдеттік.

Гу - гу, гу - гу гуілде,

Қалып қойма біріңде.

Сабақ

аяқталды.

Мүсіндеу:

Тоқаш

Дөңгелектеу,

ширату, созу тәсілдерімен азық-түлік тағамдарын мүсіндеуге үйрету.

Ғажайып сәт.

Қолында 3-4 тоқашы

бар тәрбиеші топқа кіреді.Бүгінгі іс-әрекетінің өзгеше екенін айтады

.қамырдан тоқашты мүсіндейтіні хабарлайды.

Сөздік жұмыс:

қамыр.

Б.к. тоқаш-булочка.

Балалар бүгін бізге

түскі асқа томпақ тоқаштар әкелген екен.көлеміне, түсіне, иәсәне, мұқият

қараңдар.

Тәрбиеші балалардың

ойлауына түрткі салады.

Балалар ,осындай

дәм ді томпақ тоқаш ты қалай, неден мүсіндеуге болады?

Ермексаздан

,сазбалшықтан жасалған тоқашты жей аламыз ба?

Бүгін ашыған

қамырдан томпақ то  қаштар мүсіндейтін

боламыз.

Сергіту сәті.

Балақан-ау, балақан

Қане, қайсы алақан

Саусақтарың әйбат

Былай, былай ойнап.

Тақтайдың үстіндегі

ашыған қамырды шымшып үзіп алу әді сімен орташа бөлшек терге бөліп,

жұдырық  пен илеп, алақан арасына

салып, домалақтаймыз.

Көмек беру.

Бағалау.

Мадақтау.

Денешынықтыру.

 Көжектер  Тапсырманы орындай отырып, сапта бірінің

артынан бірі жүру және жүгіру. бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан тақтай

бойымен жүру.  Қос аяқпен басты затқа

тигізіп секіру.

Тәрбиеші төменгі тапсырмаларды орындатады.

«көжектер»тәрбиешінің

соңынан қосарла  нып шағын топпен жүру,

жүгір деген белгі бойынша жүгіру. «көжектер » қалай жүгіреді?

Тоқтап және

тапсырманы орындай жүгіру. Шеңбер құрып тұру.

Жалпы дамыту

жаттығулары

Шеңбер бойы тұрғызып,

ж.д.ж орындатады. Жаттығудың жасалу ретін түсіндіреді. Балаларға орындатады.

Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары.

Қос аяқтар алға жылжи

секіру.

Қимылды ойын :қонаққа

барамыз.

Қортынды бөлім:

қимыл-қозғаласы аз ойын: шар.

                                                                                            

 

Құрастыру

Тақырыбы:

Пластинамен құрастыру

Пластиналарды тік және көлденең орналастыру тәсілімен құрастыру

Балалар шаттық шеңберге тұрамыз,

көңіл-күйімізді көтеріп алайық.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Жарқырайды қаламыз.

Балалар ауа-рай қандай?

Қай жыл мезгілі басталды?

 

Шаттық шеңберге тұрады.

Тақпақты айтып, көңіл күйлерін көтереді.

 

Балалар сұрақтарға жауап береміз.

-Қандай көлік түрлерін білесіңдер?

-Жеңіл машиналарды кешке жұмыстан

кейін қайда қояды?

-Кімнің үйінде жеңіл машина

бар?

-Әкелеріңмен гаражға барып

көрдіңдер ме?

Сымға асылып,

Жүр асығып. (Троллейбус).

 

Күні-түні көше кезіп

зырлайды,

Жолаушыға қызмет етіп

тынбайды. (Такси).

Табанында жолы бар

Төбесінде қолы бар.

(Трамвай).

Балалар, осы жол көліктерінің

бәрінде де, адамдардың тұратын үйі сияқты орындары болады. Оны гараж деп

атайды. Гараж деп – бір машина тұратын жерді, ал «автотұрақ» деп әртүрлі және

бірнеше транспорттың тұратын орнын айтады. Бүгін құрастыру материалдарынан

гараж жасаймыз.сендердің көшелеріңде гаражы бар үйлер бар ма?

Әр балаға ойыншық машина беріледі.

Сызба үлгі суреттерге талдау жасайды. Гараждың неден жасалғанына назарларын аудару. Құрастыру

материалдарынан қабырғасына, төбесіне, есіктеріне қанша бөлшек қоюға

болатынын анықтап алады. Көлемін, пішінін, ұзындығын қарап, қалай орналастыру

керектігін келісіп алады. Бөлшектер саны құрастыру материалдарының көлеміне

сәйкес таңдалады. Екі ұзын бөлшекті немесе үш бөлшекті бірінің үстіне бірін

қойып, алдымен бірінші қабырғасын, дәл солай екінші қарама-қарсы қабырғасын

құрайды. Екі қысқа бөлшектен артқы бөлігін құрастырып қояды. Төбесін

пластинамен жабады. Бала өз қалауы бойынша есігін екі жаққа немесе бір жаққа

ашылатын етіп жасайды. Құрастыру жұмысы дайын болғанда машиналарын гаражға

қойып, есігін жабады.

Ойын «гараж»

Құрастарған гараждармен ойын ойнау.

Машиналар суреттері, ойыншық машиналар.

Ойынды қызыға ойнайды.

Балалар біз не құрастырдық?

Гараждың не пайдасы бар екен?

 

Біздің қалада трамвай барма?

Балалар еңбегін мадақтау

 

Ән күй

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаратылыстану.

Тақырыбы:

Күн сәулесі

Күн туралы түсініктерін кеңейту: күннің көзінен жылу мен

жарық тарайтындығын бақылау, талдау жасай білуге үйрету.

Шаттық шеңбері.

-Балалар, бізге қонаққа Күн келді. (Жарқыраған Күннің

суретін көрсетеді). Өз сәулесін шашып, айналаны жарқыратып жіберді. Кәне,

бәріміз амандасайық.

Армысың, ашық Күн!

 

Сәуле – шуақ, нұр.

Білімді

өзектендіру.

Билингвальды

компонент: сәуле – лучь, күн – солнце, ашық – яркое.

Күн сәулесі

туралы ертегі айту:

-Ертеде аспанда

Күн сәулесі қмір сүріпті. Күн сәулесі аспанда жалығып, жер бетіне түсуді

ойлады. Жерге түсіп, жылаған гүлді көріп, оған жылуын сыйлайды. Гүл қуанып,

күлімсіреп, рақметін айтады. Ұшып бара жатып, қанатын сулап алып ұша алмай

жүрген араны көреді, шуағымен қанатын кептіріп, араның ұшуына көмектеседі.

Ара да оған ризашылығын білдіреді. Тағы ұшып келе жатып солып қалған

гүлдердің арасынан шыға алмай жатқан көбелекті көреді. Гүлдерге сәулесін

түсіреді. Олар бастарын көтергенде олардың арасынан көбелек ұшып шығады.

Көбелек күн сәулесіне рахметін айтады. Күн сәулесіне аспанға оралатын уақыт

келеді. Қиын сәтте басқаларға көмемтескенінде өзі риза болады.

Сендерге ертегі

ұнады ма?

Сергіту сәті.

-«Күн сәулесін ұстайық»

ойынын ойнайық.

Секіреміз, секіреміз.

 

Экология

Шақырамыз күзді,

шын ниетпен ізгі!.

Ауа райының жағдайын анықтай білу, күзгі табиғат

құбылыстарын бақылау, табиғатқа қамқорлықпен қарауға үйрету 

Шаттық шеңбері:

Аспанымыз ашық болсын,

Деніміз сау болсын.

Ата-анамыз аман болсын,

Балабақшамыз жайнай түссін.

-Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?

-Күзде табиғатта қандай өзгерістер

болады екен?

 

 

-Дұрыс айтасыңдар балалдар,қазір жылдың күз мезгілі.

Жеміс-жидектер,көкөніс тер піседі.Ағаштар дың жапырақтары сарғайып қурап желмен

ұшып,жерге түседі.Құстар жылы жаққа қайтады. Күн суытады, жаңбыр

жауады.балалар жылы киінеді. Күз айы керемет,ырысты,берекелі жыл мезгілі

екен.

Балалар ,сендер ата-аналарыңа күз

мезгілінде ауланы жинауға көмектесесіңдер ме? Сендердің көшелерің таза болу

үшін не істеулерің керек?

дұрыс айтасыңдар жапырақтарды қоқыстарды тазату керек.         -Балалар сендер күз айын жақсы

көресіңдер ме? Ендеше күз айын ортамызға шақырайық.

Шақырайық күзді,

Шын ниетпен ізгі.

Музыка ырғағымен себеті

толы жемістер мен

көкөністер күлімдей басып күз кіреді.

-сәлеметсіңдер ме

балалар.

-балалар мен сендерге

өзімнің сыйларымды алып келдім.Сендер тапқыр балалар ма екенсіңдер соны білу

үшін мен сендермен «Көкөністі жемістен ажырат»ойынын ойнағым келіп тұр.Кәне

менің себетімдегі көкөністерді бір қорапқа,жемістерді бір қорапқа бөліп жинап

бере қойыңдар.

 

Сөздік жұмыс:.керемет,жапырақтың қурап түсуі.

Дидактикалық ойын: «Күз нышандары»

Балалар «Күз» бізге көп суреттер алып

келіпті.Суреттер бір- бірімен араласып кеткен.Осы суреттердің ішінен күз

мезгілін білдіретін суреттерді тауып,әңгімелей отырып тақтаға орналастырайық.

Билингвальді

компонент:күз -осень,жаңбыр- дождь,жапырақтар -листья,құстар –птицы

 

Сергіту жаттығуы:

Ал енді өзіміз жапырақ боламыз.

Біз жапырақпыз,

Біз жапырақпыз,

Жел тұрса шамалы,

Жан жаққа ұшамыз.

Дидактикалық ойын: «Сиқырлы дорба»

Мақсаты: сиқырлы дорбаның ішіне

қолдарын тығып,сипап сезу арқылы ұстап тұрған жеміс,көкөністерінің атын

атайды.

Ән: «Күз сыйы»

Балаларды мадақтау.

 

Денешынықтыру

Допты домалату

Тапсырманы орындай отырып, сапта бірінің артынан

бірі жүру және жүгіру. Қос аяқпен басты затқа тигізіп секіру. Қарама-қарсы

отырып, аяқты алшақ ұстап допты домалату.

Жан-жаққа шашырап жүру және

жүгіру.

 ЖДЖ: (доппен орындау).

Б.қ.: аяқтарды қосып тұру, доп төменде

екі қолында. Допты жоғары қарай көтеру, жоғары қарау, төмен түсіру, бастапқы

қалыпқа келу.

Б.қ.: аяқтары иық деңгейінде, доп екі

қолында кеуде тұсында. Еңкею, допты еденге тигізу, тік тұру, бастапқы қалыпқа

келу.

Б.қ.: аяқтарды қосып тұру, доп төменде

екі қолында. Отыру, допты алға созу. Тұру, бастапқы қалыпқа келу.

Б.қ.: өкшемен отыру, допты алдында

ұстау. Допты өз айналасында оңға (солға) қарай домалату.

Б.қ.: аяқтары сәл ғана ашылған, қолдары

белінде, доп еденде. Доп айналасында орнында тұрып кезекпен жүріп, секіру.

Педагог балаларды екі шағын топқа

бөледі. Бір топ допты орнына қояды, ал екінші топта доп балалардың қолында

қалады.

Допты бір-бірінің қақпасына домалату

(балалар арасы 1.5 -2 м қашықтық).

Қимыл-қозғалыс ойын «Торғайлар мен мысық»

Қортынды

Бір сапқа тізіліп бір-бірден жүру.

Сурет.

Дуал

Бірнеше тік сызықтарды салу арқылы асфальтка түрлі-түсті борлармен

дуалдың суретін салуды үйрету .

 

Шаттық шеңбері:

 

Алдымнан жел соғады,

Тербеледі ағаштар,

Кіп-кішкене ағаштан

Үлкен болып өседі.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Балалар бүгін біз асфальтта дуалдың суретін саламыз.

Суретін көрсету. Түсіндіру. Көмек беру.

Ойын «жол ережесін» білейік.

Балалардың суреттеріне назар аудару.

Балалар бір-бірлерінің жұмыстарын салыстырады.

Мадақтау.

Бағалау.

 

Орыс тілі

 

Денешынықтыру

Заттар арсымен еңбектеу.

 Бір-бірінің артынан жүреді,

жүгіреді, қатармен аяқтың ұшымен жүреді.

Жалпы дамыту жаттығуларын орындау, допты қолдану.

Негізгі қимылдар.

Гимнастикалық скамейканы аттап, алға, артқа жүру, аяқтарын бүгіп

секіру, допты бір-біріне лақтыру, бөренелерден өту.

 

Қимылдық ойын «Мысық пен тышқандар».

 

Жүреді, жүгіреду, қимылдар

жасайды.

 

Доптың көмегімен жалпыдамыту жаттығуларын орындайды.

 

Қимылдарды дұрыс жасауға тырысады.

 

Ойын шартымен танысып, көңілденеді.

    

 

Серуен:

11.00-11.30

Серуенге қызығушылық  туғызу; балалармен жеке әңгімелесу;

серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру.

Серуен1 № 1

Ауа райын бақылау

Серуен2

Күнді бақылау

 

 

Серуен3                           

Желді бақылау

 Серуен4 

Жауын,

бұршақты бақылау

 Серуен5

Құстарды бақылау.

Мақсаты

Бірінші күзгі өзгерістер туралы және

өлі табиғат туралы балаларға мәлімет беру: ауа температурасының төмендеуі –

суық; бұлтты және жаңбырлы күндер – сұр аспан,бұлыңғыр, бұлттың көшуі, күннің

көзінің сирек шығуы, жапырақтар сарғайып жерге түседі. Табиғатты сүюге баулу.

Күннің көзі жылу мен жарықтың негізгі көзі болатынын ұғындыру; күннің

қозғалысымен шығуын қадағалауды жалғастыру, күннің ұзаруымен жылынуын

белгілеу күн ұзын, күннің көзі ұзақ тұрады, жоғары көтерілсе ыстық болып,

онан сайын ысиды. Күнің төгілуі ,ылғалдар -өсімдіктің толқынды өсуімен, құрт-

құмырсқалардың, құстардың пайда болуымен

байланысты орната білу.



.


Мақсаты:

Ауа қозғалысы жөнінде бастапқы түсініктемені нығайту;желдің қалай құрылуы

жөніндегі мәліметтерді толықтыру: жер қызады,жерден ауа қызады, одан әрі

жоғарлайды, ал суық ауа оның орнын басады, содан соң жел тұрады. Желдің

нашар, күшті жақтарын ажырата білуге үйрету; қандай белгілері бойынша желдің

күштілігін анықтау қажет екенін түсіндіре білу; ағаш қозғалса күшті жел, шөп

тербелсе әлсіз жел. Жазғы желді қысқы желмен салыстыра білуге үйрету.

Табиғатқа қызығушылықты, қадағалауды дамыту.

Мақсаты:

Жауынның алғашқы белгілерін байқау: бұлттар бұл қараңғы, қалың бұлттар.

Жауынның қалай құрылатыны жөнінде түсініктемені бекіту(су тамшысынан

құрылатын бұлт аспанда ұзақ тұрмайды, жерге жауын болып құлайды; егер

тамшылар кішірек болса -жауын сіркірейді,ірі тамшылар - жауын жиі құяды; әр

бағыта болса- тікелей, қисық).Жазда жауын әр түрлі болатынын түсіндіруді

қалыптастыру. Жылдың жылы уақытында жауынның орнына бұршақ жаууы мүмкін –бұл

мұз жауынның қатқан тамшылары. Егер бұршақ өте ауыр болса, олар жерге түседі. Қорытындылай

келе, бұл ауа температурасына байланысты болатынын атаған жөн. Жерден жоғары

ауа өте суық, ол жер буынын суытады. Жазда жансыз табиғат құбылысына

қызығушылығын дамыту.

Мақсаты: Құстар туралы

жалпы мағлұматтар беру.

Жылы жаққа ұшып кететін құстар туралы

түсінік беру.


Қандай құстарды білесіңдер?

Құстар немен қоректенеді?

Жылы жаққа ұшып кететін құстарды білесіңдер

ме?

Құстардың жазғы тіршілігі қандай?

Құстардың қандай түрлерін білесіңдер?

Құстар қандай дыбыс шығарады?



Серуеннен  оралу

11.30-11.50

Балалардың 

реттілікпен киімдерін  шешуі,

дербес ойын әрекеті .

Түскі асқа дайындық.қолдарың жуу.

Түскі ас

12.00-12.30

Балалардың назарын тағамға аудару ; тамақтану, ас қайруға үйрету

Үйқы

12.30-15.00

Балалардың тыныш ұйықтауына 

жағымды жағдай орнату.

Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары

15.00-15.30

Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында 

ортопедиялық жол бойымен  жүру.

  Білімді кеңейту  және 

мәдени-гигеналық дағдыларды 

орындау.

Ойын- жаттығу :                                                

                                                                                                                Ал балалар

тұрайық           

                                                                                                                                   мойнымызды

бұрайық,                                                                                                         

                                           Қолымызды созайық,                                                                                                                                           су ішінде

қалықтап,                                    

                                                                                                                                       Қане жүзіп

алайық,                                                                                                      

                                                  оңға,солға

бір қарап,                                                                                                                                                       денемізді

бұрайық.

Бесін  ас

15.30-16.00

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға

баулу  бойынша жеке жұмыс

Ойындар, дербес әрекет

 

 

 

 

Баланың жеке даму картасына

сәйкеғс жеке жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

16.00-16.20

 

 

. «Қызықты төртбұрыштар»

ойыны 


Дидактикалық тапсырма: төртбұрыш туралы

баланың түсінігі, олардың өлшемі бойынша кезектеп қоюға үйрету, есте сақтау,

назар аудару қабілеттерін арттыру. 


Материал: суреттер салынған төрт төртбұрыш,

төрт үлкен конверт және бірдей түске боялған төрт кішкентай төртбұрыш. Сурет

үлгісі. 


Басшылық: Тәрбиеші: Қараңдар, бізге қонаққа

қызықты төртбұрыштар келді. Бізге күледі. Олар қанша? Көппе? Төртбұрыштарды

саусақпен санаңдар.Қызықты төртбұрыштар сендерге іштеріне кішкентай

төртбұрыштар салынған конверттер алып келіпті( конверттерден төртбұрыштарды

алып шығады). Олар қалай аталады?(Төртбұрыштар). Тәрбиеші үлкен төртбұрышты

көрсетеді. Бұл қандай квадрат?( Үлкен). Ал мынау?(Кішкентай). Мына

мүсіндерден қандай әдемі суреттер салуға болатындығын қараңдаршы. Саусағымен

ең бірінші тұрған үлкен төртбұрышты көрсетеді, кейіннен келесі тұрған

кішкентай төртбұрышты көрсетеді. Енді бәріміз бірге суреттің қандай

мүсіндерден тұратындығын қайталаймыз.( Үлкен, кішкентай, үлкен...). мен

сендерге сурет салынған қағаздарды ұсынамын, және сендер мүсіндерді солдан

оңға бірде- біреуін өткізбей қоясыңдар. Жарайсыңдар, қандай әдемі суреттер

салғансыңдар.

 

Конструкторлармен  ойындар.

Мақсаты: Балалар    мен констуктар

дан әртүрлі заттар   құрастыра болатыны

туралы    түсінік беру.

Мұнара құрастыру.

Ертегі оқып беру.

Мақсаты: Балаларға   ертегі оқып

беріп, он   ың мазмұнына көңіл  бөле білуге үйрету.

«Киім дүкені»

Сюжетті ойын

Мақсаты: Ойын барысында рөлдерді ойнай білуге үйрету. Сатушы әртүрлі киімдер түрлері туралы

әңгімелейді.

 

үстел үсті театры және т.б.ойындар ойнату.қызы  ғушылықтарын ояту.

Отбасы туралы әң  гіме жүргізу.  Балалардың сөздік  қорларын 

дамыту.

Дидактикалық ойын «Менің сүйікті ойыншағым»

Мақсаты: баланың сөздік қорын 

ойыншықтардың атауларын  атай

білу дағдыларын қалыптастыру..

Жыл мезгілі туралы әңгімелесу

«Күз»(сурет қарастыру)

Мақсаты:қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Дидактикалық ойын «Атын атап бер»  

Мақсаты: түсті қабылдауды және қолдың

ұсақ моторикасын дамыту.

 

Серуенге дайындық

16.20

Киіну: серуенге шығу.

Балалардың үйге

қайтуы

17.45-18.00

Ата-аналарға кеңес:

Балалар жәйлі әңгімелесу

Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап

отырыңыз.

Балалар отбасында өздері  не істей

алатындары туралы әңгімелесу. Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т.б. құралдармен қамтамасыз

етіңіз. 

Кеңес:

 «Бала өміріндегі ойыншықтың

маңызы».

Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз. 

 Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз,

басқа балалармен оны салыстырма ңыз. 

 

 

Просмотров: 1216

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст