АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ  "АЛТЫН ДӘН "БӨБЕКЖАЙЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ         "ЯСЛИ-САД "АЛТЫН ДӘН" СЕЛА ЖАЛТЫР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Циклограмма Бір аптаға 30.10-04 .11. қазан- қараша 2017ж «Алтын дән» балабақшасы «Ботақан» сәби тобы

14.11.2017

Циклограмма

Бір аптаға 30.10-04

.11. қазан- қараша 2017ж

«Алтын дән»

балабақшасы «Ботақан» сәби тобы

Өтпелі тақырып:Дені

саудың жаны сау

Тақырыпша «Өзім туралы»

 

Күн тәртібі

Уақы

ты

Дүйсенбі

30.10.2017

     1.Ән сабағы

2. Тіл дамыту

     3.Үйірме

16.00

Сейсенбі

01.11.2017

1.Математика

2.Жапсыру 0.25

3Мүсіндеу0.25

4.Денешынық

Сәрсенбі

02.11.2017

1Көркемәдебиет/ құрастыру0.5

 2 Әнкүй

Бейсенбі

03.11.17

1.Жаратылыстану

2Қорш орта/экол 0,25                               3 Денешынық

Жұма

04.11.2017

1.Сурет салу

2. Орыс тілі

3Денешынық 16-15

 

 

Балаларды қабылдау

Ата-аналармен

әңгімелесу

 

Ойындар (үстел

үсті,саусақ және т.б.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таңертенгі гимнастика 10 мин

07.45

08.30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешінің балалармен қарым қатынасы:

Дидактикалық ойындар 

«Айсұлу қуыршағын шешінуге үйретейік»

Мақсаты: Киімдерді шешу ретін есте сақтап қалу, оларды ұқыпты жинап және

бүктеуге үйрету, киімдердің аттарын сөйлемдерде қолдануға үйрету.

Ойын барысы: Тәрбиеші қуыршақты бөлмеге алып кіріп «Қуыршақ серуеннен

келді,қазір ол шешінеді» дейді. Балалар тәрбиешімен бірге қуыршаққа дұрыс шешінуге үйретеді.

 

 «Бізге кім келгенің тауып ал»

Мақсаты: Айтылу мен есту жағынанан бірдей сөздерді айыра білуге, дауыс

ырғағын қадағалай білуге дағдыландыру. Кебір заттардың аттарын бекіту.

Ойын барысы: « Мө-мө-мө, бұл не мөңіреп жатқан Аслан?» дейді тәрбиеші.

«Мяу, мяу Айгерім саған кіліп тұрған не?» «Айдынға біреу келді де пи-пи деді.

Ол не?» «Ал, қазір Нұрай

одан не тығылып тұрғанынын айтады.» Тәрбиеші өз дауыс ырғағын өзертіп , үлкен

әлде кішкентай тышқанның даусы шықта ма деп сұрайды. Ойын осылайшы жалғаса

береді.

«Алыста ма жақында ма?»

Мақсыты: затқа дейінгі аралықты өлшеу, жақын ба, алыс па. Қажет сөздерді

қолдана білу.

Ойын барысы: «Балалар қарандар, біздің иттер біреулерді көріп қалыпты. Балалардың назары пингвинге (үйрекке,

бақаға, т. Ба ойыншыққа ауады.) »

Бір пингвин келе жатыр.

Өзінің кеудесі ақ, денесі қара көргілерін келе ме? Онда жақынырақ келсін деп

айтындар. «Жақынырақ келші»Пингвин келе жатып тоқтап қалады. Енді пингвинді

орындықтарында отырып алып көріндерші. Ала-алдындар ма? Неге? Өйткені алыста

тұр. Онда алыста тұрсын деп айтындар! т.с.с.

 «Таныс пішіндер доминосы» 


Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы

білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру. 

Ойынның құрал-жабдықтары: пішіндер бейнеленген

суреттер. 

Ойынның мазмұны: Балаларға суреттерді таратып

беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар сурет

сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай

жалғаса береді. 

«Әдемі кілемшелер» 


Ойынның мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға

үйрету; қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 

Ойынның құрал-жабдықтары: қағаздан жасалған

кілемшелер, геометриялық пішіндер. 

Ойынның мазмұны: Балалар геометриялық

пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды. 

 

 

Жаттығулар кешені

Таңғы ас

09.00

09.30

Балалардың

назарың тағамға аудару; мәдениетті тамақтануға баулу. Астан кейін қолдарын үлгіге

қарап жууға үйрету.

Мектепке дейінгі ұйым

кестесі  бойынша  ұйымдастырылған оқу қызметі

09.30

10.50

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9.55-10.10

Ән сабағы .

 

Тіл дамыту

Дене мүшелері.

Өзінің дене мүшесін ажыратып атауға, дене мүшелерінің

атқаратын қызмет терін айтуға, сөздерді жіктелуіне қарай байланыс тыруға

үйрету.

 

Ұйымдастыру кезеңі.

·        

Балалар, адамдар ұйықтағанда олардың барлық

дене мүшелері демалады, оянғанда оларға, «Қайырлы таң!» деп тілек білдіру

керек.

·        

Шаттық шеңбері№15

·        

 

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру.

ІІІ. Жаңа сабақ

-Адамдардың бәрінде бас, дене, қол,

аяқ бар. Қане, айнаға

қарайықшы!

Біз нені көріп тұрмыз?

-Басымызды сипап, қол-аяғымызды көрсетейікші. (балалар өздерінің

дене мүшелерін көрсетеді).

-Біздің шашымыз, көзіміз бірдей ме?

-Адамның дене мүшелерінің қайсысы көп, қайсысы біреу?

-Саусақ, шаш, кірпік-көп, ал мұрын, ауыз, тіл – біреу.

Бет- әлпет

Әрбір адамның бет-әлпеті бар. Бетті бірнеше бөліктерге бөлуге

болады. Бет бөліктері: шеке, көз, мұрын, жақ, ауыз, иек. Беттің әр бөлігінің

өзінің қызметі бар. Көз, құлақ, мұрын – бұлар сезім мүшелері.

Көз

Көз- көру мүшесі. Біз әр түрлі заттарды көреміз. Көздің

көмегімен біз кітап оқимыз, теледидар көреміз, табиғатты тамашалаймыз. Көзді

сақтауымыз керек.

Құлақ

Біз құлақпен әр түрлі дыбыстарды естиміз. Желді, құстар әнін,

музыканы, адамдардың сөзін, бәрін біз құлақпен естиміз.құлағың ауырса нашар

естуі де мүмкін. Сондықтан құлақты сақтау керек!

Мұрын

Біз мұрынмен тыныс аламыз және иістерді айырамыз. Мұрын –иіс

сезу мүшесі. Иіс сезу дегеніміз – бұл әр түрлі иістерді айыру.

Ауыз

Ауыз – бұл ерін, тіс, тіл.

Тіл- дәм сезу мүшесі. Тағамның тұздылығын, қышқылын, тәттілігін,

ащысын тіл арқылы сезінеміз. Тіл-сөйлеу мүшесі. Біз тіспен тамақты шайнаймыз.

Тісті таңертең және кешке тіс щеткасымен, тіс пастасымен тазартып жүруіміз

керек.Тісті сақтау керек.

Билингвальды компонент: көз-глаза, құлақ-ухо, бас-голова,

ауыз-рот,аяқ-нога, қол-рука.

Сергіту сәті: №55

Бекіту. Ойын: «Былай істе»

Мақсаты:

дене мүшелерін көрсетуге

және қимылын жасауға үйрету.

·        

Немен

иіскеуге болатынын көрсет.

Гүлді(иіссуды...) иіске.

·        

Немен

тыңдауға болатынын көрсет.

Сағаттың тықылын (судың сылдырын, қағаздың сыбдырын...) тыңда.

·        

Немен

алуға болатынын көрсет.

Гүлді (орамалды, кітапты...) ал.

·        

Допты

немен ұруға болатынын көрсет.

Допты қолмен ұр.

Допты аяқпен теп.

·        

Немен

тістеуге болатынын көрсет.

Кәмпиттен (тоқаштан, алмадан...) бір тісте.

·        

Немен

көруге болатынын көрсет.

Үстелге (терезеге, қуыршаққа...) қара.

Қорытынды.

Адамда дене, бас, құлақ, қол, аяқ бар.

Баста көз, мұрын, ауыз, құлақ, шаш бар.

Қоштасу шеңбері: «Көмекшілерге алғыс біліру»

·        

Рақмет

саған, көздерім, сендер бәрін көресіңдер.

·        

Рақмет

саған, құлақтарым, сендер бәрін естисіңдер.

·        

Рақмет

саған, қолдарым, сендер бәрін істейсіңдер. (Шапалақтау).

·        

Рақмет

саған, аяқтарым, енді, сендер топырлатып

жүресіңдер. (Топырлату).

Сабақты қортындылау бағалау.

 

 

 

 





 

 

 

.

Математика

 Заттар тобын салыстыру.

Заттарды ені бойынша үстіне қою және жанына қою

әдістері арқылы салыстыруға үйрету

Керекті құралдар: бір жұмсақ ойыншық-аю, қара қарындаш,

3аю бейнеленген сурет-карточка, аюлардың әрқайсысына 3-тен бал салынған

бөшкелер.

Шеңбер  бойымен  

тұрғызып,шаттық  шеңберін  жасату.

Ғажайып  сәт: «Аю»

-Мен   балабақшаға  келе 

жатып,жолда  мына   аюды 

кездестірдім.

(ойыншық   аюды 

көрсету)

Ол  қонжықтарына  бал 

салынған  бөшкелердің   жететін-жетпейтінін   біліп  

беруді  сұрайды.

-Қалай   оған  

көмектесеміз  бе?

«Жете  ме?» 

ойыны.

Балалардың  назарын 

әрқайсысының  үстелінде  жатқан 

үш  аю   бейнеленген  сурет-карточкаға  және 

екі  бөшкесі  бар 

тәрелкеге   аудару.

-Суреттегі  конжықтар 

көңілсіздеу    ме,қалай.

Конжықтарды  немен 

қуантуға  болады?Оларға  бал  

салынған   бөшкелерді  сыйлайық

қонжықтардың  бәріне 

бөшкелердің   жеткенін  тексеріп 

көрейік.

Балы  бар 

бөшкені  қонжықтардың   үстіне қойғызу.

-Қайсысы  көбірек-қонжықтар  ма,

Әлде   бал 

салынған   бөшкелер  ме?

-Олар  бірдей 

болу  үшін  не  

істеу  керек?

Тағы   да 

бір-бір  бөшкеден  таратып  

шығу.

-Енді  қанша 

бөшке  болды?

Қайсысы  көбірек?

Сөздік  жұмыс:бірдей

Билингвальді  компонент:

Алдында-впереди,

артында-позади.

Сергіту  сәті.

Саусақтарымызды  жаттықтырамыз.

№56

 «Қояндар 

қонақта»  ойыны.

Үлестірмелі  -жапсырмалар.

-Моншақтарды  геометриялық  фигуралардан  жинандар.

-Қандай  фигуралар 

жинадыңдар?

Шарлардың  суретін 

салғызу.

-Аю  сендерге 

оның  қонжықтары  үшін 

балы   бар  бөшкелерді 

санап  бергендеріңи  үшін 

алғыс   айтады.

Аю  балалармен 

қоштасады.

Балаларды  мадақтау

 

 

Жапсыру.

Доп.

Ересектердің даярлаған ірі және ұсақ элементтерге желімді жағып

орналастыруға, тақырыпқа сәйкес спорт құралдарын жапсыруды үйрету.

 

Балалар сендермен ойын ойнаймыз.

Ойын: «шеңберге ұқсайтын заттарды тап.»

Мақсаты:шеңберге ұқсайтын заттарды табу.

Әрбала өзбетінше үлгіге қарап жұмыстанады.

Үлгі бойынша көрсету.суреттен допты

тапты.

Ендеше допты жапсырайық.допты қай сабақта

пайдаланамыз?

Допты немен тебеміз?

Ия аяқпен .

Ал немен ұстаймыз?

Қолмен.

Жақсы.

Қауіпсіздік

ережелері:

1.Қайшынының ұш жағын адамға қаратпай ұстау.

2.Желімді ауызға салмау.

3.Жұмыстан соң желімнің қақпағын жауып қою.

4.Жұмыстан соң қолды міндетті түрде жуу.

Сергіту сәті.№44

Тәрбиеші үлгі бойынша көрсетеді.

1.Симмитриялы қию әдісі бойынша құрақтарды қию.

2.Ақ қағаздың ортасына, допты жапсырып,үлгі бойынша орналастырып, жапсыру.

Тәрбиеші балаларға өз беттерінше жұмыстануды ұсынады.

Балалар өз беттерінше жұмыстанады.

Тәрбиеші балалардың жұмыстарын тексеріп, талдап, әдемі жасалған

жұмыстарды мадақтайды. Кемшіліктерді ескерте келе оқу іс-әрекетін

қорытындылайды.

Балалар бір-бірінің жасаған жұмыстарын қарап, өз жетістіктеріне

қуанып, кемшіліктерін түзетуге тырысады.

 

Денешынықтыру.

  Бағытты өзгертіп жүру жүгіру.

1. Бағытты өзгертіп жүру және жүгіру. 2-3 м қашықтыққа

алға жылжи отырып секіру. Еденге қойылған тақта бетімен еңбектеу.

Ұйымдастырушы

қозғаушы қызмет түрі.

Тәрбиеші балаларға

топта шеңбер бойымен әр бағытта жүруге ұсыну.

Балаларға

бір-бірінің қолдарын ұстап үлкен шеңберге тұруға ұсыну.

Балалар енді

қолымызды жоғары көтеріп шеңбер бойымен жүреміз, өйткені біз өсіп келеміз.

 

Балалар шеңбер

бойымен әр бағытта жүреді.

 

Шеңберге тұрады,

қолдарын жоғары көтеріп созылады.

 

2.Ұйымдастырушы ізденушілік түрі.

Дене мүшелеріне арналған жаттығулар:

-басымызды оңға солға айналдыру.

-қолды жоғары көтерін, қолдарын бұлғау,

түсіру.

-бір орында секіру, тез-тез өсу үшін.

-Балалар енді мына сызықтар арасымен

секіріп жүреміз.

-Балалар енді доптармен жаттығулар

жасаймыз.

-Ол үшін доптарды қолдарына алып, алдыға

лақтырамыз.

 

Басқа жаттығу жасайды.

Қолдарын жоғары көтеру, өкшенің шетімен

жүру.

Балалар еңкейіп қолдарын аяқтарына

созады дермен жаттығуын жасайды.

Балалар сызықтардың қасына жақындап,

сызықтардың арасымен жүгіреді.

Доптарды алып,алдыға бар күштерімен

лақтыру.

Жетекші жөндеуші.

Қимылды ойын: «Қасқыр мен қояндар»

Балалар қоянның құлақтарын киеді, ал бір

бала қасқырдың маскасын киеді. Ойынды қызыға ойнайды.

Қортындылау.

Көркем

әдебиет.

Дене мүшелері

Өзі, дене мүше лері туралы әңгімелесу, тақырыпқа сәйкес

шығар мадағы бейнелі сөздерді есте сақтауға үйрету

 

Шеңберге тұрып шаттық шеңберін орындайды, амандасады

№1.

Назар салып тыңдайды.

Балалар амандасады.

Ғажайып сәт:

- Балалар,

біз бүгін «Өзіңді танып біл» еліне саяхат жасаймыз.

Есік ашылады. Ішке дәрігер мен Дымбілмес

кіреді. Балалармен амандасады.

Д: Балалар  сіздер саяхатқа барады

дегенді естіп, мен мына Дымбілместі ертіп келдім, өткені ол серуен кезінде

ойнап жүріп, денесінің бір жерін ауыртып алған сияқты, денесінің қай жері

екенін білмейді. Сіздермен  бірге  «Өзіңді танып біл» елінің

бөліміне барса, ол денесі туралы көп білереді.

-Онда жоғары шығып төрлетіңдер! Балалар, қалай ойлайсыңдар біз

ауырып жүрсек, біздің көңіл – күйіміз жақсы бола ма? Сонда, біз қандай болу

керекпіз?

-Дұрыс, балалар! Ендеше сендемен сергіту сәтін

орындайық

Сергіту сәті№10

-Ал, балалар

сендер қалай ойлайсыңдар адамға ең керегі басы, мойыны, қолдары, денесі

немесе аяқтары ма?

Билингвальды компонент: көз – глаза, ауыз-рот.

-Ендеше тақтадағы суретке қарап, адам дене мүшелерін атап

көрсетейік. Ал, өз денемізді сақтау керек пе? Біздің денеміз әдемі, сау болып

өсу үшін не қажет?

-Дымбілмес не ауырғаның түсіндің бе?

Д-с: Иә, рахмет! Дәрінер менің қолым

ауырып тұр екен.

Д: Рахмет, балалар! Енді біз емделуге

барайық. Дұрыс балалар, ал қазір барлығымыз орнымыздан тұрып, «Күн шуағы»

деген ойын ойнайық. Күн шуағы сіздердің көздеріңе қарайды, көздеріңнен

беттеріңе қарай жылжиды, алақандарыңмен сипаңдаршы, ол әрі қарай мұрыныңа,

аузыңа, бетіңнің ұшына түсті. Алақандарыңмен күн шуағының жолдарын сипаңдар,

мойынына, кеудеңе, қолыңа, аяғыңа дейін барды. Күн шуағы бізді жылытады, сен

оған күліп қарап, мейіріміңді шуақты жүрегіңе

түй.                       -Отыра

қойыңдар балалар, өте

дұрыс. Енді, біздің қонақтар

Қоштасады.

Қорытынды:

- Өте жақсы балалар, бүгін біз адам денесі  не жасаған саяхатта не істедік?

- Қалай денемізді,денсаулығымызды

сақтаймыз?

Мадақтау.

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ән күй

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаратылыстану.

Тақырыбы:

Үй жануарлары сиыр,

бұзау.

Үй жануарлары төлдерінің  сыртқы келбетінің сипат тық ерекшелікте

рімен, мінез құлықтары

мен, тіршілік 

әрекетімен таныстыру.

Көрнекілік:

Үй жануарларының суреттері, дидактикалық материалдар. 

Шаттық

шеңбері. №4

Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, сұрақтар қояды. 

-Балалар, сендерді үйде ата-әжелерің «ботам»,

«қозым» деп еркелете ме? 

Шаттық шеңберінде сұрақтарға жауап береді. 

Іздену-ұйымдастырушы лық 


Сабақтың

барысы 

Тәрбиеші балаларға үй жануарларының суреттерін

көрсетеді. 

- Сендер үй жануарларына яғни төрт түлік малға

нелер жататынын білесіңдер ме? 

- Ал, енді олардың төлдері қалай аталады? 

-Жарайды мен сендерге үй жануарлары туралы

айтып берейін. 

-Балалар, біз үй жануарлары туралы әңгімемізді

жалғастырайық. 

Үй жағдайында ұстайтын, оларға адамдар қамқорлық жасайтын ол – үй

жануарлары. 

Ертерек заманда, көшпенділік кезінде

қазіргідей көлік болмаған, сол уақытта төрт түлік малды көліктің орнына

мініп, жүк артып, арба жеккен. Тағы осы малды ас қылып етін жеген, сүтін

ішіп, айран, қатық, майларын алып отырған. Біздің еліміздің жері, мал өсіруге

өте қолайлы. Қазақ халқын малсыз елестету мүмкін емес. 

Әр жануарларды сипаттап өту: Сиыр -бұзаулайды,

түйе- боталайды, бие -құлындайды, қой -қоздайды, ешкі – лақтайды. Бұл

жануарлардың өздеріне тән дыбыстары болады. Төлдері енесі өріске кеткенде,

қарны ашқанда дыбыс білдіреді. 

Үй

жануарларын қалай шақырады? 

Билингвалбды компонент: үй жануарлары- домашнее животные, сиыр-корова.

Қой-баран, ешкі-коза, жылқы-лощадь, түйе- верблюд.

Сергіту сәті: «Балақан №57 


Шығармашылық жұмыс: 

«Төлдерін тап» сурет бойынша төрт түлік малдың

төлдерін тауып, қасына орналастыру. 

«Үй жануарларын құрастыр» Әр жануарды 4 немесе

бірнеше бөлікке бөліп, оның жартысын тауып құрастыру. 

«Жануарларды жапсыру» өзіне ұнаған жануарларды

таңдап алып, ақ қағазға жапсыру. 

«Сүйкімді төлдерді бояу» сүйкімді төлдердің

суреттерін түрлі түсті бояумен бояу.

Қой – қозы: Пұшайт – пұшайт 

Сиыр-бұзау: Аухау – аухау 

Ешкі – лақ: Шөре – шөре 

Жылқы –құлын: Құрау – құрау. Түйе – бота: Көс-көс 

Суреттерді атайды . 

Тәрбиеші сұрақтар қойып қорытындылайды.

Сұрақтарға жауап береді. 

 

 

 

Қоршаған

орта

Көлік құралдары.

Қоршаған ортаны қабылдауға, заттар, ойыншықтаркітаптар

мен ыдыстарға ұқыптылықпен қарауға, кеңістікті бағдарлауға үйрету, көлік

құралдарының түрлерімен таныстыру.

Ғажайып сәт:

- Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

- Дұрыс айтасыңдар, қазір күзмезгілі.

- Балалар, сендердің ата, әкелеріңде көліктері бар ма?

- Көліктері қандай?

Топтағы компьютерге

электронды хат келеді.

- Балалармен сендерге хатта

не жазылған екенін оқып берейін.

-Сәлеметсіңдерме, достарым .

Мен Өскемендегі достарың Асанәлі боламын, мен сендерге бір келе алмай хат

жазып отырмын. Маған сендерден көмек керек болып отыр. Мен қалада жүріп көп

көліктер көріп соларды шатастырып, үйрене алмай жүрмін, маған көлік түрлері

туралы айтып беріңдерші достарым.

- Асанәліге көмектесеміз бе

достар?

- Ендеше көлік түрлері туралы

біліп алайық.

Осы кезде көлік түрлері

туралы көрсетіледі.

- Балалар, көліктердің төрт

түрі кездеседі екен. Олар ауамен жүретін көліктер, сумен жүретін көліктер,

жерде жүретін көліктер және темір жолмен жүретін көліктер деп бөлінеді екен.

Ауамен жүретін көліктерді ұшақ деп атаймыз екен. Оладың кең қанаты, екі

дөңгелегі болады екен, және олар, жүк таситын, адам таситын одан кейін әскери

деп бөлінеді екен. Сумен жүретін көліктер кеме, қайық деп аталады екен.

Оларда бірнеше түрлерге бөлінеді. Жерде жүретін көліктердің түрлері өте көп.

Олар, велосипед, матоцикл, жеңіл машина, жүк көліктері, автобустар деп

бөлінеді екен. Ал енді темір жолмен жүретін көліктер олар, поезд деп аталады.

Поездың бірнеше түрлері бар, олар адам таситын, жүк таситын, метро деп

аталатын түрлері бар екен.

Билингвальды компонент: көлік-транспорт

·        

Ал

енді достарым, сендерге бірнеше тапсырмаларым бар орындайсыңдар ма?

·        

1-ші

тапсырма: Бағдаршам түстерін орындарына сәйкестендіріп орналастырыңдар және

ол түстерінің нені білдіретінін түсіндіріңдер.

Сергіту сәті№16

2-ші тапсырма: Бағдаршам түстеріне сәйкес көліктерді бөліп белгілеңдер. Суда жүретіндерді қызыл түспен. Ауада

жүретіндерді сары түспен, жерде жүретіндерді жасыл түспен белгілеңдер.

Балаларға көліктер

бейнеленген парақшалар таратылады. сода бейнеленген суреттерді түстерге

байланыстыбелгі лейді.

Қортындылау.

Бағалау.

 

 

 

Денешынықтыру

 

Ұзындыққа

секіру.

Бағытты өзгертіп жүру және жүгіру. Еденге қойылған

тақта бетімен еңбектеу. Тұрған орнынан ұзындыққа секіру

 

Кіріспе бөлім

-Бүгінігі көңіл күйлерің қалай?

Ұсынылған жағдаятқақатынасын

көрсету

-Балалар белгі бойынша сап

тізбекке тұрады.

Ұйымдастыру

іздестіру

-Саптізбекте бір-бірден

жүруді, бағытты сақтай білуді, саптізбектен шығып кетпеуді, саптізбекте

өзінің орнын таба білуді көрсетеді.

Жалаушаларды алуға нұсқау

беріледі.

-Жалпы дамытушы жаттығуларды

орындау үшін, шеңберге тұруды ұсынады.

Жаттығуларды атайды.

Дене мүшелеріне

арналған жаттығулар:

-басымызды оңға

солға айналдыру.

-қолды жоғары

көтерін, қолдарын бұлғау, түсіру.

Жаттығуларды орындау

тәсілдерін көрсетеді.

Жаттығулар 3-4 рет жасалады

Негізгі қимыл түрлерін 1.Орнында тұрып ұзындыққа секіру (арақашықтығы 30 см)

Нұсқаушы түсіндіріп,секіру ережесін таныстырады.

2.Жіптен ұстанып, шеңбер бойымен жүгіру.

3.«Жыланша» ирелеңдеп,

қойылған заттардың арасымен жүру.

Алдыңғы жасаған жаттығуларды

бекіту.

Жаттығуды жасауға нұсқау

беру. Қадағалау, дұрыс жасап үйренуге көмек беру,қолдау.

Қозғалмалы ойын

Аз қозғалмалы ойын:

Поезд.

Балалар бөлменің бір қабырғасын жағалай колонна құрып тұрады.


Балаларға ойынды аяқтап саптізбекке тұруға нұсқау береді.

-Саптізбекте бір-бірден жүру,

(бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге

тырысады, саптізбекте өзінің орнын табады).

-Шеңбер бойымен сапқа тұру..

-Балалар қойылған заттар

арасымен ирелеңдеп жүру жаттығуларын жасайды.

Сапқа тұру. Қортындылау.

 

 

 

 

 

Сурет.

Күн.

Дөңгелек пішінді заттарды салуды жетілдіру, күннің суретін салу оны

бояумен бояуға үйрету.

   Тәрбиеші

жұмбақ жасырады:

Тұрғанымен

жырақ өзі,

Таусылмайтын

шырақ көзі.

Шаттық шеңбері№13

 Топқа қонаққа бір сәулесін жоғалтып алған Күн келіп,

сәулесін жасап берулерін сұрайды.

Тәрбиеші «Күн шуақтары» суретін көрсете отырып

әңгімелейді.

-Күн – бүкіл жер шарына, әлемге жарық, жылу беретін

табиғат сыйы. Күнсіз адам тіршілік етуі мүмкін емес. Күннің жарығы көрінетін

және көрінбейтін  сәулелерден  тұрады. Көрінбейтін сәулеге ультра

күлгін сәуле жатады. Міне, солардың әсерінен біздің терімізде адам ағзасы

үшін маңызды «Д» дәрумені болады.

«Жылы және суық түстер»  дидактикалық ойыны.

-Жылы түстерге қандай түстер жататынын білесіңдер

ме?!

(Балалар жауап таба алмаса, тәрбиеші өзі айтады).

-Қызыл, сары, алқызыл, сарғыш қызыл. Не себептен

олар жылы түстер деп аталған? Өйткені олар от тәрізді  жылу береді,

күннің көзі де жылы сәулесін шашып тұрғандықтан біз жылы түспен – қызылсары

немесе сары түспен саламыз деп келісіп алайық.

Тәрбиеші бір түсті айтады, балалар сол түсті

көргендегі көңіл күйлерін білдіреді немесе осы түске ұқсас заттарды айтады.

Тәрбиеші күн және оның сәулелерін салу жолдарын

түсіндіреді.

-Алдымен қылқаламмен үлкен шеңбер жасап аламыз,

дөңгелекті бір нүктеден бастап қылқаламды қағаздан алмай сол нүктеге дейін

сызып саламыз, оның ішін бояймыз.

Сергіту сәті№10

 

Енді күннің сәулелерін саламыз. Сәулелер ұзын-қысқа

болып келеді, сондықтан бір ұзын, бір қысқа сызықтарды кезектестіріп

салуларыңа болады.

Сурет салуды түзу сызықтар мен дөңгелектен бастап,

түзу сызықтарды ретімен қағазды айналдыра отырып сызып шығу ұсынылады.

Қонаққакелген Күн«Күнді кім тез

жинайды?» ойынын

ұйымдастырады.

 

Тәрбиеші балаларды мақтайды және мадақтайды. Күн

рақметін айтып, шығып кетеді.

 

Денешынықтыру

 

Допты

екі қолмен лақтыру.

 Бағытты өзгертіп

жүру және жүгіру. Тұрған орнынан ұзындыққа секіру. Допты екі қолымен көкірек

тұсынан лақтыру

Сабақтың мақсатын түсіндіру.

Саптағы жаттығулар:

- Оңға, солға, кері бұрылу.

- Секіріп бұрылу.

Жүру: аяқтың ұшымен, өкшемен, аяқтың ішкі

жағымен, сыртқы жағымен.

Бір адамдай істеу.

Денені түзу ұстау.

Саптан шықпай бір қалыпты жүгіру.

Жүгіру бағытындағы орындалатын жаттығулар:

- Тізені жоғары көтеріп жүгіру;

- Өкшені жамбасқа лақтыра жүгіру;

- Аяқтың басын алға сілтей жүгіру;

- Оң, сол жақ пен қолды айналдыра жүгіру;

- Артпен жүгіру;

- Жай жүгіру;

- Спорттық жүріс;

- Тыныс алу жаттығулары. 2 рет Арақашықтықты

сақтау.

Алақанға тізені тигізу,

кеудені тік ұстау, қол бел тұста. Қол белде,

аяқты бүкпеу, денені тік ұстау.

І Негізгі бөлім

Доппен арнайы жаттығулар.

Доп беру әдістері:

1. Допты екі қолмен кеуде тұсына беру

- Алақан мен саусақтарды допқа тигізіп беру;

- Кеуде тұстан қолды жаза сілтеп лақтырады;

- Допты екі қолмен кеудеден беру.

2. Допты екі қолмен төменнен беру

Доп берудің бұл түрін бір - біріне жақын

тұрған аласа бойлы оқушылар ұзын бойлы қарсыластарына қолданады.

Шеңбер немесе екі қатарда әр балаға кезекпен доп

лақтыру.

Ереже бойынша ойын

Қорытынды бөлім

Сабақты қорытындылау.

 

Серуен:

11.00-11.30

Серуенге қызығушылық  туғызу; балалармен жеке әңгімелесу;

серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру.

Серуен №1 3           

Күзгі саябаққа серуен»

Серуен№14

«Тұманды бақылау»

 

Серуен№15                         

«Қайтқан құстарды бақылау»

 Серуен№16

«Күзгі желдің бағытын бақылау»

 Серуен№17

«Қоңыр күзді бақылау,салысты ру»

Мақсаты:

Адамдардың саябаққа не себепті келетіні жайында әңгімелесу. Саябақ ішіндегі

күзгі өзгерістерге көңіл бөлдіріп бақылау,әңгімелеу.

Еңбек: саябақтағы әр түрлі ағаштардың

жапырақтарын жинау. Әр

ағаштың жапырағын ажыратып үйрету.

Мақсаты:

Табиғат құбылыстарын атату.Соның ішінде бүгінгі ауа-райының өзгерісі тұманды

бақылату.Ашық және тұманды күннің ерекшеліктерін салыстыру.

Еңбек: Жапырақтардан әртүрлі бейнелер құрастырту.



.


Мақсаты:Балалармен

қайтқан құстарды бақылау.Олардың атын ататқызып,дауыстарын тыңдату. Олардың

топ болып ұшуына назар аударту.

Еңбек: Құстарға жем салатын тақтай жасау.

Балалармен жеке жұмыс: Құстар туралы жұмбақтар

жасыру.

Мақсаты: Балаларға желдің

қай бағытта соғып тұрғанын,қандай леп арқылы соғып тұрғаны жөнінде жалпы

түсінік беру.Балалардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін арттыру.

Еңбек: Балаларға желдің бағытымен ұшқан күзгі

жапырақтарды жинату.

Балалармен жеке жұмыс: Күз мезгіліне

байланысты көркем сөз жаттату.

Мақсаты:

Қоңыр күзгі табиғатты бақылау,алғашқы күзбен салыстыру, ерекшеліктерін

сұрау,қоңыр күзде күннің суық болатынын, жапырақтар түсіп бітік тек қоңыр

түсті болатынын айту.Ағаштар жапырақтарынан ажырап , жапырақтардың да күз

айларында түстерін өзгертіп тұратынын айтып түсіндіру.


Серуеннен  оралу

11.30-11.50

Балалардың 

реттілікпен киімдерін  шешуі,

дербес ойын әрекеті .

Түскі асқа дайындық.қолдарың жуу.

Түскі ас

12.00-12.30

Балалардың назарын тағамға аудару ; тамақтану, ас қайруға үйрету

Үйқы

12.30-15.00

Балалардың тыныш ұйықтауына 

жағымды жағдай орнату.

Біртіндеп ұйқыдан ояту, ауа, су шаралары

15.00-15.30

Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында 

ортопедиялық жол бойымен  жүру.

  Білімді кеңейту  және 

мәдени-гигеналық дағдыларды 

орындау.

«Денсаулық» жолымен жүру. 

Әдемі ирек жолдармен, 

Жалаң аяқ жүреміз. 

Табаңға біз нүктелі, 

Массаж жасау білеміз. 

«Денсаулығым керемет, жаттығуға рахмет!»

Бесін  ас

15.30-16.00

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға

баулу  бойынша жеке жұмыс

Ойындар, дербес әрекет

 

 

 

 

Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

16.00-16.20

 

 

Ойын: «Ғажайып қапшық» Мақсаты:

баланың сөздік қорын ойыншықтардың атпуларын білдіретін сөздермен байыту

Сюжетті ойын: «Дәрігер»

Мақсаты: Балалардың

білім деңгейін, ойындарды ойната отырып, әрі қарай жан - жақты дамыту, тіл

байлығын жетілдіру, сөздік қорын молайту. Үлкендер еңбегін құрметтеуге,

сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Балаларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке,

адалдыққа, кішіпейілділікке 

Ертегі оқып беру.

Мақсаты: Балаларға   ертегі оқып

беріп, он   ың мазмұнына көңіл  бөле білуге үйрету.

Сюжетті-рөлдік

ойын «Қуыршақты тамақтандыру» Ірі құрылыс материалдармен және конструк-

торлармен ойындар.

Дидактикалық ойыны

«Шаршы құрастыр»

Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға

үйрету.

Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі-түсті шаршыны құрастырып

қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Балалар қиналған жағдайда тәрбиеші

оларға көмектеседі.

Отбасы туралы әң  гіме жүргізу.  Балалардың сөздік  қорларын 

дамыту.

Сюжетті ойын: «Шаштараз»

Мақсаты: Балаларды

шаштараз ойынымен таныстыра отырып, шаштарын үнемі тарап әдемілеп жүруге

үйрету. Шаш өрудің әр түрлі үлгісін көрсету. Әсемдікке, әдемілікке баулу.

Жыл мезгілі туралы әңгімелесу

«Күз»(сурет қарастыру)

Мақсаты:қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету.

Дидактикалық ойын «Атын атап бер»  

Мақсаты: түсті қабылдауды және қолдың

ұсақ моторикасын дамыту.

 

Серуенге дайындық

16.20

Киіну: серуенге шығу.

Балалардың үйге

қайтуы

17.45-18.00

Ата-аналарға кеңес:

Балалар жайлы әңгімелесу

Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап

отырыңыз.

Балалар отбасында өздері  не істей

алатындары туралы әңгімелесу. Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т.б. құралдармен қамтамасыз

етіңіз. 

Кеңес:

 «Бала өміріндегі ойыншықтың

маңызы».

Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз. 

 Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз,

басқа балалармен оны салыстырма ңыз. 

 

Просмотров: 1379

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст