АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ  "АЛТЫН ДӘН "БӨБЕКЖАЙЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ         "ЯСЛИ-САД "АЛТЫН ДӘН" СЕЛА ЖАЛТЫР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Рухани жаңғыру" баяндама және презентация

20.02.2018

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

 

 

Елбасымыз  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың   «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы

арқылы  Қазақстанның үшінші жаңғыруының  басталғандығын айтты. Біздің

алдымызға қойған мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол –әлемдегі ең дамыған

30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа  жету үшін біздің санамыз ісімізден

озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.  «Болашаққа бағдар:

рухани жаңғырудың» біз барынша мән беріп, берік байлам етіп алуға тиісті

тұстарына қысқаша тоқталып өтсек.

Біріншіден, «ұлттық

код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Елбасы айтқандай,

ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз,

жалпы ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс.

Екіншіден,

елбасының ла­тын әліпбиіне 2025 жылдан бастап көшіп, оған дейін әдістемелік

дайындық жұмыстары­ның жасалатыны туралы. Бүгінде бүкіл әлем латын әліпбиінде

сөйлейді. Сондықтан бұл да өзекті мәселелердің бірі екенің атап өтті.

Үшіншіден, білім.

Білім болғанда да ұлттық рухани құндылыққа негізделген білім. Елбасының

Қазақстанның үшінші жаңғыруына байланысты келелі ойларын қолдай келе, оны

жүзеге асырудың бір жолы бәсекеге қабілеттілікте дер едім. Бәсекеге қабілетті

болу үшін білімді болумен қатар, дұрыс тәрбие алу керек. «Тәрбиесіз берілген бі­лім

– адамзаттың хас жауы» деп әл – Фараби бабамыз айтқандай біз тәрбие мен білімді

қатар жүргізуіміз қажет.

Сонымен қатар

мақалада айтылған туған жер, туған ел бағдарламасымен бірге қазақ жерінің

тарихи-туристік белдеулерін түзу, заманауи қазақ қоғамының қалыптасуына үнсіз

үлес қосып жүрген 100 азаматтың есімін анықтау, қазақ зиялылары мен олардың

шығармаларын шет елдерде насихаттау деген ойларын да құптаймыз.

Н. Ә. Назарбаев бұл

ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше

бағытына жеке - жеке тоқталады. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып,

Президент жаңғырудың алты бағытын белгілейді:

1. Бәсекеге қабілеттілік;

2. Прагматизм;

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;

4. Білімнің салтанат құруы;

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;

6. Сананың ашықтығы.


 Сонымен бірге тұтас қоғамның  және

әрбір қазақстандықтың санасын жаңғырту бағыттары  айқындалды:

1. Бәсекелік

қабілет

Шетел тілдерін

білу, компьютерлік сауаттылық, мәдени ашықтық

2. Прагматизм

Ұлттық және

байлығымызды нақты білу, оны үнемді пайдалану, соған сәйкес болашағымызды

жоспарлау

3. Ұлттық

бірегейлікті сақтау

Ұлттық

салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір

сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс.

4. Қазақстанның

ревалюциялық емес, эвалюциялық дамуы

Біздің кешегі

тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа –эвалюциялық даму ғана ұлттық өркендеуіне

мүмкіндік беретініне көзімізді  жеткізу

5. Білімнің

салтанат құруы

Техналогиялық

ревалюцияның беталысына қарасақ, таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердің

жартысы жойылып кетеді

 Бұл жағдайда

кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімді адамдар ғана

табысқа жетеді

6.Сананың ашықтығы

Бүкіл дүниеде, жер

шарында өзіңе қатысты  және өз елінің аумағында не болып жатқанынан

түсіну.

Жаңа технологияның

ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу

Өзгелердің

тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру

 

Аталмыш бағыттардың

бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді.

«Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың

қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп

болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. «Болашақта ұлттың

табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен

айқындалады… Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға

лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет

тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз

қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде

білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар –

ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың

қамы», – деп ашып көрсетеді. Бәсекеге қабілеттілік саясат пен экономикада,

білім, ғылымда, технологияда, яғни барлық салада болуы тиіс. Латын

әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған

жер»бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге

қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ.

 

 

 

 

 

 

 

«Алтын дән «балабақшасы»МКҚК

ГККП «Детский сад «Алтын дән»

 

 

 

 

«Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018 ж

Просмотров: 521

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст