Захар: Я возьму ее за ручку,
Посмотрю в ее глаза.
Смех ее прогонит тучку,
Упадет дождя слеза
Алихан: Жүре берсем қасымда
Әйбат анам, әй анам
«Ботам» деген дауысыңнан
Мен мәз болып оянам.
Аиша: Еркелесем күнім дейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан искеп менің
Құлыншағым күнім дейтін.
Саша: Мама, милая, родная!
С 8 мартом поздравляю!
Будь всегда со мною рядом!
Только хмуриться не надо!
Нияз: Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем
Даша: Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Эммануил: Голос ласковый и нежный
Вьется птицей надо мной.
Как легко и безмятежно
Рядом с мамочкой родной!
Көктем: Айнала қандай тамаша! Балалар бүгін қандай тамаша күн. Міне мен сендерге асыға жеттім. Сәлеметсіз бе, қонақтар! Ардақты аналар,мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға құт-береке , бірлік. Дендеріңізге саулық тілеймін!
Жүргізуші: Салеметсіз бе. Көктем біздің балалардың өнерлерін бірге тамашаланыз.
Ән: Көктем келді
Жүргізуші:
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген қуанышы көңілдің
Ана деген әрбір үйдің жылуы
Ана деген гүлі туған өңірдің
-Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін таба аламыз ба?
Бала,бала,бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Бүл кім?
Балалар: Ана,ана,ана.
Жүргізуші:
Ойын : «Гүлді жина»эстафетасы
Ойын шарты; Балалар екі топқа бөлінеді.Әр топ 5 баладан.Алдарында орындықтың үстінде 5 гүл жатыр.Балалар сол гүлдерді кезек бір бірден алады . сосын құмыраға салады.
Ойынның аяғында жүргізуші гүлдерді Көктемге сыйлайды.
Көктем: Жарайсыңдар балалар. Ал сендер қазір әжелер туралы өлең, тақпақ білесіндер ма?
Балалар: Иа. білеміз!
Ән: Әжеме
Жүргізуші: Бүгін біздер құрметті де ардақты әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз! «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп халқымыз текке айтпаған,балаларымыздың әжелеріне арналған тақпақтарына кезек берсек
Амир: Әжем менің әйбат.
Ешкім оған жетпейді.
Күні бойы бірге ойнап,
Жанымнан бір кетпейді.
Рамазан: Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Айдын: Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым.
Ұзақ өмір жүр жасап.
Ауырмашы анашым.
Азиза: Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегіңде сақтаған.
Анашым деп мақтанам.
Айналайын ақ мамам
Даша: Айтсаң болды тіл алам.
Әйбат мамам әй мамам.
Сені көрсем қуанам.
Сен керексің қашанда
Көктем: Тамаша, өнерлі екенсіңдер.Ал балалар сендерге көп – көп рахмет. Менің кетуім керек. Басқа балабабақшаға барамын. Сау болындар
Жүргізуші: Балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмек тесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар ! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.
Аналары: Жоқ,жоқ
Аналары : Бар,бар!
Би : «Көнілді би»
Ойын : « Кім жылдам» жіпке кір іледі 2 ана 2 бала
Жүргізуші: Жарқырап тұр күніміз
Жайқалсын бәйшешек гүліміз
Бақта бұлбұл сайрасын
Сәнді көктем нұрымен
Көңіл гүлдей жайнасын
Талшыбықтай бұралған
Қыздарымыз қарап тұрмасын
Көрініс: «Қазақша тұткын»
Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Ана сені құттықтап
Әндетеміз бәріміз
Ән: « Ақ мамам»
Жүргізуші: О,анашым неткен жансың мейірімнен жаралған
Мәнгілікке арамызда шалқып-тасып жүр аман
Егер де сен еш ауырмай, күліп-ойнап қуансаң
Бұл тәңірден одан басқа,ешбір тілек сұрамаң
Жүргізуші: «Бизнесмен » биі
Өмірдегі ең асыл жан- АНА. Сол үшін балалар аналарымызды сыйлайық, ардақтайық, еш уақытта ренжітпейік дей отырып «Ана-өмір шуағы» атты ертенгілік аяқталды. Балалардың аналарына шағын дайындаған сыйлықтарын қабыл алыныздар.