АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСТРАХАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАЛТЫР АУЫЛЫНЫҢ  "АЛТЫН ДӘН "БӨБЕКЖАЙЫ"  МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ         "ЯСЛИ-САД "АЛТЫН ДӘН" СЕЛА ЖАЛТЫР ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АСТРАХАНСКОМУ РАЙОНУ  УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Балалардың музыкалық қабілетін дамыту ретінде ойындарды қолдану"

18.02.2019

«Балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту ретінде

музыкалық ойындарды қолдану»

 

музыкалық жетекші:Ермекбаева А.А.

 

 

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде, ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.

Түрлі ойын баланың рухани және дене күші жағынан, танымдық үрдістері, эстетикалық талғамы жағынан жетілдіреді, тәртіптілікке шақырады, шығармашылық қабілеттері қалыптасады.  Бала ойында танымдық, шығармашылық, ойшыл, шапшаңдық, төзімділік, сияқты дене қасиеттеріне дағдыланады, денсаулығы нығаяды.Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл- әрекеті-ойын, сондықтан да оның мәні ерекше.

Музыкалық тәрбие беру саласында,  музыкалық ойындарды кеңінен пайдалану, ән үйренуде, музыкалық – ырғақтық  іс – әрекетін меңгеруде, музыка сипатын  ажырата білуге, қолжетімді  және қызықты құралбоп табылады. Музыкалық ойындар арқылы, оқу процессі неғұрлым жарқын және эмоцияға бай болады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға көмектесетін  көптеген  музыкалық  ойындар, бар. Мысалы:сәбилер тобында ойнайтын «Қояндар мен түлкі» деген музыкалық ойыны. Балалар өздерін қоян болып елестетеді, көңілді музыканыестігенде қуанып, секіріп билейді. Ал түлкінің музыкасы болғанда, балалар , музыканың өзгергенің байқап, «үйшікке» тығылады. Осы ойында балалар музыканың сипатын сезіп соған шығармашылықтарын көрсетеді.Қай кезде музыка көңілді естілді, қай кезде қауіпті екенін біледі. Осылайша музыкалық  қабілеттері қалыптасады, музыканың өзгерістеріне шығармашылық білдіруге үйренеді. Егер музыкалық ойындардың шарты, жеңіске итермелейтің  болса, онда ойын көптеген жарқын эмоция береді.Мысалы: «Бәйге» деген музыкалық ойыны. Ойынның бірінші бөлімінде, үщ  бала «атқа мініп» музыка ырғағына сай,  жорғалап тұрады. Екінші бөлімінде, «Сарыарқа» күйдің музыкасы естіледі. Бұл жарыс басталды деген белгіні білдіреді. Осы кезде көрермен және ойынға қатысушы балаларға, ойын жарқын  эмоцияны береді.  Өйткені күйдің ырғағы жеңіске жетелейді. Мысалы: «Бәйтерек» музыкалық ойыны.Бірінші бөлімінде балалар шеңбер бойымен  көңілді музыкамен жүреді, ырғағына сай шапалақтайды. Екінші бөлімінде, «Астана»  Б. Бейсенованың әні естіледі, балалар шеңберге тұрып, қол ұстасып, музыкамен әдемі айналып жүреді. Бұл әнді естігенде балалар , әннің сипатын қимыл арқылы білдіреді. Олардың жүрістері  жеңіл, әдемі, нәдзік, көтеріңкі болады.

  Музыкалық ойындар баланың тұлғалық дамуында маңызды роль атқарады, баланың мінез - құлқының және ішкі жан дүниесін қалыптасуына ықпал етеді.Музыка ойындар қарапайым және қол жетімді, қызықты және тартымды болуы тиіс.  Тек осы жағдайда ғана балалар, ән тыңдауға, ойнауға, билеуге  ниет білдіру мүмкін.

Музыкалық ойындар  жарқын музыкалық бояуы және мәнерлі бейнелер арқылы ұйымдастырылады. Балалар  оларды пластикалық қимылдар  арқылы  жеткізеді. Эмоционалдық бейнелер балаларға түрлі тақырыптар арқылы ұсынылуы мүмкін: жануарлар мен құстар, ертегі кейіпкерлері, ұлпақарлар биі, гүлдер биі, жемістер мен көкөністер биі  т.б.

Музыка балаларды эмоционалды және қозғалысты әрекет етуге жетелейді. Музыкалық – дидактикалық  ойындар балаларды музыкалық жанрлар, музыканың ұзақтығы, қарқының, динамикасын, ырғағы туралы түсініктерін толық қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, сюжеттік және сюжетсіз музыкалық ойындар балалардың қимыл – қозғалыстарын, вокалдық қабілеттерін дамытады. Ән мен би ойындар балалардың шығармашылық, музыкалық, коммуникативтік қабілеттерін қалыптастырады. Комуникативтік музыкалық ойындар балаларға қуаныш сыйлайды, жарқын эмоция береді, патриоттық сезімдерін қалыптастырады.

Осылайша, әр түрлі музыкалық ойындар балаларды жан- жақты  дамуына мүмкіндік береді.

 

 

Просмотров: 432


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст